Сүйекті балықтардың қаңқасы




Презентация қосу
Сүйекті балықтардың қаңқасы

Орындаған:Аманқауыс Л,
Тангирқулова У
Қабылдаған:о.Толеген А
Жоспар
1)Балықтардың сыртқы түрі

2)Омыртқа желісі

3)Бас сүйегі

4)Ми сауыты
Алабұғаның басынан басқа денесін жұқа
пластинка тәрізді көптеген сүйекті
қабыршақтар жауып тұрады. Пластинканың
бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқа
шығып жатады. Сол, сыртқа шығып жатқан
бөлімінің сыртында ұсақ тіс сияқты
бұдырлары болады. Мұндай
қабыршақтарды ктеноидты қабыршақ деп
атайды. Сүйекті балықтардың көптеген
түрлерінде — карп, сазан, тағы
басқаларының қабыршақтарының сырты
тегіс болады. Мұндай қабыршақтарды
циклоидты қабыршақ деп атайды.
О м ы р т қ а ж е л і с і. Амфицельді сүйекті омыртқалардан
тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бө-
лімінің жоғарғы доғасы қосылып, жұлын каналын құрайды, құй-
рық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.
Сүйекті балықтардың бас сүйегінің едәуір бөлімдері сүйектерден құралған. Бас
сүйегі тері (dіегmосгапіиm) және шеміршек (сһопdгосгапіиm) тектес
сүйектерден пайда болған. Басқаңқасының ми бөлімі: шүйдеден, түбінен,
қақпағынан және бүйірлерінен тұрады .Шүйде бөлімі жоғарғы, жұп бүйір және
негізгі шүйде сүйектерінен құралған.
Басқаңқасының түбін парасфеноид пен өре сүйек түзеді. Бүйірлерін құлақ,
негізгі сынатәрізді, қанатсынатәрізді, көзсынатәрізді сүйектер құрайды.
Басқаңқасының қақпағы негізінен жабынды құрылымды: жұп төбе, маңдай,
мұрын сүйектерінен түзілген.
Басқаңқасының висцеральдық бөлімі: тері тектес жоғарғы жақ сүйектер жоғарғы
жақтың қызметін атқарады
Бас сүйегінің қақпақ жағы, оның бүйір, астыңғы бөлімінің сүйектері тері
тектес сүйектерден пайда болған. Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы
бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маңдай сүйектерінен және одан
әрірек шүйде жағына таман жұп төбе сүйектерінен құралады. Оның
төменгі жағында — барлық бас сүйегінің түбін — парасфеноид және
оның алдыңғы жағьш-да жатқан өре сүйегі (сошник) құрайды.
Тіл асты сүйектер мен желбезек доғаларынан висцераль-дық скелет құрылады.
Акулаларда болмайтын желбезектер қақпағы сүйекті балықтарда болады. Сүйекті
балықтардың алғашқы ретте пайда болған жақтары қоректі азықтарын ұстау қызметін
атқармайды. Қоректі қабылдау әрекетін және басқа да болатын күрделі қозғалыстарды
жақ аралық сүйегімен жоғарғы жақтан құралған екінші ретте дамыған жақтары
атқарады. Төменгі жақ құрамы шаршы сүйекпен үштасатын шеміршекті буындасу
сүйегінен, екі үлкен тіс сүйегінен және кішкене бұрыш сүйегінен тұрады.
Тіл асты сүйегі мен желбезек шеңберлері тек қана шеміршекті сүйектерден қүралған. Тіл
асты доғасының жоғарғы бөлі-мі, акулалардікі тәрізді үлкен гиомандибуляре — деген
сүйектен пайда болған. Гиомандибуляреге бір жағынан шаршы сүйекпен буындасып
түратын симплектикум келіп ұштасады да, ал екінші жағынан жақ асты шеңберінін,
төменгі бөлімінің элементтері жалғасып жатады. Сөйтіп, гиомандибуляре
симплектикуммен бірігіп жағы ілініп тұратын, арқалық тірек болып есептелінеді. Жоғарғы
жақ бас сауытына тікелей бекиді. Тек қана бас сүйегі-нің есіту бөлімінде гиомандибуляре
сүйегі арқылы жалғасқан түрін гиостилия деп атаймыз. Симплектикум — дегеніміз
сүйекті балықтарға тән айрықша сүйек. Бес пар желбезек доғалары болады, бірақ соқғы
бір пары (бесіншісі) нашар дамыған.
Сүйектірек балықтардың иық белдеуі жауырын, коракоид, клейтрум және клейтрум
үсті тәрізді сүйектер түрінде болады Сүйектірек балықтардың көкірек қанатында
базалилер болмайды, радиалилер мен сүйекті сәулелер сақталған.
Ет системасы. Кеудесі мен кұйрық бөлімінің ет системасы,
минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп
бұнақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер
воронка тәрізді болып бір-біріне еніп тұрады. Қанаттарының
еттері жекеленіп, жіктелген.
Пайдаланылған әдебиеттер

1) С.П Наумовтың “Омыртқалылар зоологиясы” деген оқулығынан
ықшамдап аударған:Ш.Р Ыбраев,Т.Х Күлтебаев
2) М.Б Жақсыбаев,К.И Батырова,Д.У Сексенова “Зоология-2”
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Шеміршекті балықтар Сүйекті балықтар
Сүйекті балықтардың отрядтары
Сүйекті балықтар класы
КЛАСС ТАРМАҒЫ
Сүйекті балықтар қаңқасы
Сүйекті балықтар
Сүйекті балықтардың жіктелуі
Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде
Бафетидтер осы кезеңнің суларында өмір сүрді - бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілер пайда болған жануарлар
Балықтар туралы
Пәндер