Қызыл кітап беттері
Презентация қосу
Қызыл кітап
ОРЫНДАҒАН:АМАНҚАУЫС Л,СЕЙСЕНОВ Ә.,ТАН
У
ТЕКСЕРГЕН: КУСПАНОВА А
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Қызыл кітап беттері
2) Қызыл кітапқа тіркелген жануарлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл
кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек
кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан,
сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен
өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде
қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж
қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық
конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан
Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды.
Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж.
тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің
211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл
кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4
категорияға топтастырылды.
1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер
қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы
жарияланды.
1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы
сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр
тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-
томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың
105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы
жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі
тіркелді.
1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде
“Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983
ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз
жануарлар туралы мол мәлімет берілген.
Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу
үшін оларды зоологиялық парктерде
қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға
алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл
кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97,
құстардың 39, қосмекенділер мен
бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі
дүниежүзілік зоологиялық парктерде
қолдан көбейтілген.
ҚЫЗЫЛ КІТАП БЕТТЕРІ
Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар.
● Қара беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің
тізімі беріледі. Мысалы, енді ғалам шарымызда теңіз сиыры жоқ.
● Қызыл беттерде жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі
беріледі. Ғалымдардың болжамы бойынша жуық арада ілбіс немесе қар
барысы секілді жануралар әлемінің бір өкілін жоғалтып алу қаупінде тұрмыз.
● Сары беттерінде саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер
әлемінің өкілдерінің тізімі берілген. Мысалы, ақ аюлар немесе қоқиқаздар.
● Ақ беттерінде қашанда саны аз болып келген жануарлар тізімі берілген.
Мысалы, көк кит.
● Сұр беттерінде тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер тізімі. Оған
орасан жылан - анакондалар жатады.
● Жасыл беттерде жойылып кету қаупінен аман қалған жануарлар мен
өсімдіктер тізім берілген. Мысалы, құндыз.
Қызыл кітапқа белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың не
өсімдіктің 5 санатын (категориясын) анықтаған. Осы санатқа сәйкес
келген жағдайда ғана ол түр Қызыл кітапқа енгізілген.Ол санаттар
төмендегідей:
І санат - жойылып бара жатқандар. Бұлар туралы соңғы 50
жылдаешқандай деректер жоқ Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен,
қабылан, қызылқұмарқары, құдыр т.б.
II санат - саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып
кетуімүмкін. Мысалы, балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан, т.б.
III санат- сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек
кездесетіндер. Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат, бұлдырық,
қаратұрпан, қара ләйлек, т.б.
IV санат - белгісіздер, толық зерттелмеген түрлер. Мысалы,
шұбаркесіртке, қара шұбар жылан, т.б.
V санат- қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде
қайтакөбейген түрлер. Бұл санат 1972 жылдан бастап жасыл бетте
басылып шығабастады. Мысалы, кіші аққу, көкқұс, т.б.
МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫ
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1976 жылы 4 тамызда
ұйымдастырылған. Ауданы 102979 га. Оңтүстік Алтайда Оңтүстік
Сібір тоғайының Орталық Азия және Қазақстан даласының
шекарасында орналасқан. Қызыл кітапқа енген мынадай өсімдіктер
бар: алтын және марал тамырлары, бұтақ тәрізді тиынтас,
қалыңжапырақты шағыргүл. Ал жануарлардан: қарлы барыс, қызыл
қасқыр, сусар, ұлар, қара дегелек, балықшы тұйғын, аққұйрық
субүркіт. Әлемде басқа жерде жоқ зығыр (Ускуч) балығы мекендейді.
БАТЫС АЛТАЙ ҚОРЫҒЫ
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
1992 жылы 3 шілдеде ұйымдастырылған.
Ауданы 86122 га. Қорық Риддер және Зырян
әкімшілік ауданының жерлерінде, Ивановск,
Линейск, Холзун мен Коксинск жоталарының
учаскесінде орналасқан. Ақ пен Қара Үбі,
Тұрғысын өзендері мен Борсық тармағы осы
аумақта бастауларын алады. Қызыл кітапқа
енген өсімдіктері: Сібір жауқазыны, мақсары
түрлі рапонтикум, ұсақ торкөзді жуа, ірі гүлді
шолпанкебес, кәдімгі шолпанкебес, дулыға
тәрізді сүйсін, Алтай рауғашы, Алтай
гипномпериумы, алтын тамыр. Жануарлары:
бүркіт, лашын, ителгі, үкі, қара дегелек,
таймен, Иконниковтың жарғанаты.
АЛАКӨЛ ҚОРЫҒЫ
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998
жылы 21 сәуірде ұйымдастырылған.
Ауданы 20000 га. Алматы (17710 га) және
Шығыс Қазақстан облысының (2290 га)
аумағында орналасқан. 2 учаскеден:
бастауын Жоңғар Алатауынан алатын
Тентек өзенінің атыраулары және Алакөл
көлінің – Үлкен, Орташа, Тасты
аралдарынан тұрады. Алакөл
қазаншұңқыры, Жоңғар Алатауы және
Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігінде
Тарбағатайдың таулы жүйелері арасында
10000км жуық көлеміндегі тау арасындағы
көл ойпатын алып жатыр. Өте сирек
кездесетін өсімдіктері: шымды жуа, ақ
тұңғиық. Қызыл кітапқа енген сирек
жоғалып бара жатқан құстардан
қарамойнақ реликті шағала осында
кезедеседі.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар
мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ,
сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір
сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің
әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің
жойылу процесі басталды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан
қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта
толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың
бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына
әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау
мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл
әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.
МҰХАЖАНОВА Н.А., ЖАҺАНДЫҚ ЭКОЛОГИЯ: — АЛМАТЫ: 2011.
-172 БЕТ.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz