АМФИБИЛЕР НЕМЕСЕ ҚОС МЕКЕНДІЛЕР
Презентация қосу
АМФИБИЛЕР НЕМЕСЕ ҚОС МЕКЕНДІЛЕР
Орындаған: Аманқауыс Л,Тангирқулова У
Қабылдаған:о.Толеген А
1.Терісі
2.Ас қорыту жүйесі
Жоспары: 3.Тыныс алу жүйесі
4.Қан айналу жүйесі
5.Зәр-жыныс жолдары
6.Жүйке жүйесі
Систематикасы
Хордалылар типі (Chordata)
Омыртқалылар тип тармағы (Vertebratа)
Жақауыздылар бөлімі (Cnathostomata)
Төртаяқтылар класс тобы (Tetrapoda)
Қосмекенділер класы (Amphibia)
Құйрықсыздар отряды (Anura)
Өкілі көлбақа (Rana sp,L,)
Амфибилер — суда тіршілік ететін балықтар мен
құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық
формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да
тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған
Даму кезеңдеріне сәйкес олар суда да, қүрлықта да
тіршілік ете алады. Тіршілік барысында метаморфозға
үшырайды, яғни таза су личинкасынан көбінесе су
орталығынан тыс тіршілік ететін ересек формаға
айналады. Осыған сәйкес желбезекпен тыныс алу
өкпемен алмасып, қан айналу системасының түрі
өзгеріп, бес саусақты аяқ пайда болып, сезім
органдарында көптеген өзгерістер болады. Әйткенмен
ересек формаларының құрлықта тіршілік етуге
бейімделуі айтарлықтай емес. Өкпесі нашар дамыған,
сондықтан терісі қосымша тыныс алу органының
қызметін атқарады.
Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600—2800
жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады:
1. Құйрықтылар (Саиdаtа немесе 1Urodеlе)
2. Аяқсыздар (Ароdіа)
3. Құйрықсыздар Апига немесе Есаиdіаtа).
Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз
тарал-ған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте
дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай
жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада
олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар
мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі,
немөсе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің
құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін
көрсетеді.
Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін
ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:
1. Тр и т о н т ә р і з д і л е р. Бұлардың денелері
сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы
болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі
дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді.
2. Б а қ а т ә р і з д і л е р. Бұлардың дене тұрқы
қысқа бол-ғанмен де массивті толық келеді,
құйрығы болмайды. Олардың алдыңғы
аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы
дамыған.
3. Қүрт тәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы
бол-майтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан
сияқты ирең-детіп, қозғалады.
Тері жабындысы. Барлық қос мекенділердің терісір және
оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немесе мүйізді
қабыр-шақтары жоқ — жалаңаш болады. Эпидермисінде
бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап
кетуден және сыртқы факторлардың зиянды әсерінен
сақтап тұрады.
Бұдан басқа көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады.
Оның қызметі — қос мекенділерді жыртқыштардан қорғайды.
Эпидермис қабаты толығынан бездерден тұрады, тек қана кейбір
құрбақаның эпидермисінің сыртқы бетінде аздап та болса
мүйіздену байқалады.
Ас қорыту органдары. Ауыз қуысы кеңейіп келіп жұтқыншақ
қуысына жалғасады. Жұтқыншақ қуысы арт жағынан тарылып
өңешке айналады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына хоандар, евстахиев
түтіктері, көмекей саңылауы және осы қуысқа сілекей бездерінің
жолдары да ашылады. Сілекей бездерінің шырыны қоректік
заттарға химиялық әсер етпей, тамақ заттарын суландырып ішке
қарай жылжуын оңайлатады. Ауыз-жұтқыншақ қуысынық түп
жағына тіл орналасқан. Тілінін, формасы түрліше болады. Қейбір
құйрықты қос мекенділерде ол қозғалмайтын болып бекіген.
Екінші бір түрінде тілі саңырауқүлақ пішіндес болып, жіңішке
сабақшаның ұшына орналасқан. Бақалардың тілі аузының түбіне,
алдыңғы үшымен бекіген, ал оның бос ұшы жайшылықта ауыздың
ішіне қарай иіліп жатады. Барлық қос мекенділердің тілінің үстіңгі
бетінен, желім сияқты шырын шығып тұрады. Осы шырынның
жәрдемімен ұсақ жануар-ларды ұстап қорек етеді. Біраз ғана
амфибилердің тілі болмайды.Тістері ұсақ біркелкі конус тәрізді,
олардың ұштары ептеп артқа қарай иіліп тұрады.
Тыныс органдары. Ересек қос мекенділер өкпе және терісі арқылы тыныс
алады. Өкпесі — керегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан тұратын екі
қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық же-тілмеуіне байланысты тері арқылы
тыныс алуының зор маңызы бар. Өкпенің беттік ауданының терінің беттік
ауданына қатынасы 2 : 3 қатынасындай. Ол сүт қоректілерде терінің беттік
ауданынан 50—100 есе артық болады. Жасыл бақалардың терісі арқылы
қанның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енеді де, қалған 49 проценті
өкпе арқылы өтеді. Терінің тыныс шығаруда да үлкен маңызы бар.
Қос мекенділердің личинкалары тармақталған сыртқы жел-безек арқылы
тыныс алады, ол көптеген түрлерінде кейінірек жойылып кетеді. Бірақ
протейлер мен сирендерде олар өмір бойы сақталады. Ал амфиумдардың
ересек формаларында өкпе-мен қатар ішкі желбезектері де болады.Көкірек
қуысы болмағандықтан тыныс алу механизмі ерекше болады. Ауаны
ендіріп, шығарып тұруда насостың қызметін ауыз-жұтқыншак, бөлші
атқарады. Ол төмен түскенде ашылып қалған танау арқылы ауа сыртқа
шығады да, жоғары көтеріл-генде танау жабылып қалады да, ондағы ауа
өкпеге енеді.
Қан айналу системасы. Барлық қос мекенділердің жүрегі үш камералы, ол екі
жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Төменгі сатыдағы формаларында (аяқсыз және
құйрықтыларда) оң және сол жүрекшелері айқын бөлінбеген. Құйрықсыздардың
жүрекшелерінің аралықтары пердемен толық бөлінген, бірақ барлық қос
мекенділерде жүрекшелер қарыншамен бір ғана тесік арқылы қатысады. Жүректің бұл
айтылған үш бөлім-дерінен басқа оң жүрекшемен қатысатын вена қолтығы және
артериялық конусы болады.
Вена қаны — вена қолтығына, одан оң жүрекшеге барып құяды. Сол кезде
сол жүрекшеге өкпе веналары арқылы таза артерия қаны келіп құйылады.
Жүрекшелер жиырылған кезде артериялық және веноздық қандар екі
жүрекшеге ортақ тесік арқылы қарыншаға келеді. Осы кезде қарыншада
веноздық және артериялық қан- араласып кетеді деген ертеден келе жатқан
пікір дұрыс та, бірақ оның сол жақ бөліміндегі қан, оң жақ бөліміндегі қанға
қарағанда оттегіне бай болады. Соның нәтижесінде үш артериялық доғаға
аралас қан келеді.
Көру органдары. Жартылай құрлықта тіршілік етуіне бай-
ланысты, амфибилердің көздерінің құрылысында бірнеше
ерекшеліктер бар. Ол ерекшеліктер: 1. Көздерін құрғап кетуден
және бөгде заттар түсуден сақтап тұратын қозғалмалы қабағы
бар. Үстіңгі және астыңғы қабақтан басқа көздің алдыңғы
бұрышына орналасқан, үшінші қабақ, яғни кірпік қағу жарғағы
болады. 2. Көздің мөлдір қабығының, (қасаң) пішіні
балықтардікіндей тегіс болмай — дөңес болып, хрусталигі
дөңгелек болмай — линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер
қос мекенділердің, балықтарға қарағанда алысырақтан
көрулеріне мүмкіндік береді. Мұндағы бір есте сақтайтын
жағдай, амфибилер суда болған кезінде мөлдір қабық түзу
болады да құрлықта дөңес пішіндес болып өзгеріп кететіні. 3.
Кірпік еттерінің әсерінен, көз хрусталигі қозғалып, амфибилердің
көру аккомодациясын жақсартады.
Есіту органы. Балыктарға қарағанда бұлардың есіту органы анағұрлым
күрделі және дыбысты қабылдауға жақсырақ бейімделген. Бұл жоғарғы
сатыдағы (құйрықсыз) амфибилерде айқынырақ байқалады.
Амфибилерде, балықтардағыдай ішкі құлақ — лабиринт жарғағының
болуымен қатар, ортаңғы құлақ та бар. Ортаңғы құлақ қуысының бір ұшы
ауыз-жұтқыншаққа ашылады да, екінші үшы басының ең жоғарғы бетіне
жақындайды. Оның сырты жұқа жарғақпен жалғасады, оны дабыл
жарғағы деп атайды. Бұл қуыс иірім құрайды, оның төбесі жарғақ
лабиринттің жиегіне тиіп жатады. Дабыл жарғағынан жарғақ
лабиринтіне дейінгі қуыстын. жоғарғы бөлімін — дабыл қуысы деп
атайды. Дабыл қуысының ішінде таяқша тэрізді сүйекше (stареs)
орналасқан. Оның бір ұшы оваль тесігіне (окно), екінші ұшы дабыл
жарғағына жанасады. Ортаңғы кұлақ қуысының төменгі ауыз-жұтқыншақ
қуысына ашылатын бөлімі, евстахиев түтігі деп аталады.
Зәр-жыныс органдары. Зәр-жыныс органдарының кұрылысы шеміршекті
балықтардың жыныс органдарының құрылысына ұқсайды. Ұрықтың даму кезіндегі
зәр шығару органының қызметін пронефрос, ал ересектерінде вольфов каналдары
арқылы сыртқа ашылатын — мезонефрос атқарады. Зәр шығару түтікшелері
клоакаға ашылады. ,5 Зәр заты алдымен клоакаға одан қуыққа барады. Қуық
толғаннан кейін сол тесік арқылы клоакаға одан сыртқа шығарылады
Парлы тұқым безінің өзіндік жолы болмайды. Тұқым каналы бүйректің
алдыңғы бөлімі арқылы өтіп, вольфов каналына жалғасады, сөйтіп ол зәр
шығару жолынын, қызметін атқарып қана қоймай, ұрық жолының да қызметін
атқаратын болады. Еркектеріндегі әрбір вольфов каналының клоакаға жал-
ғасатын жері кеңейіп, тұқым қалтасын құрайды, ол ұрықтың уақытша жиналуын
қамтамасыз етеді. Тұқым безінің үстінде белгілі формасы жоқ, сары түсті майлы
дене жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1) С.П Наумовтың “Омыртқалылар зоологиясы” деген
оқулығынан ықшамдап аударған:Ш.Р Ыбраев,Т.Х Күлтебаев
2) М.Б Жақсыбаев,К.И Батырова,Д.У Сексенова “Зоология-2”
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz