Басқару жүйесінің маңызды бөлігі қоғамның қалыпты қызмет етіп, қолайсыз жағдайларға жол бермеу үшін әлеум


Slide 1 Slide 2

Жоспары:

Slide 3

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ - қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі.

Slide 4

Ол әр алуан негіздемелер бойынша бірнеше түрге:

Slide 5

Бұл зерттеулердің қай-қайсысы да арнаулы даярлықты қажет ететін, күрделі, жан-жақты, көп салалы процесс.

Ол жүйелі үш негізгі сатыны құрайды:

Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын әзірлеуді;

Бастапқы социологиялық ақпараттарды жинауды;

Жинақталған. деректерді өңдеп, талдауды, қорытуды және ұйғарым түйіп, ұсыныстар мен болжаулар жасауды қамтиды;

Slide 6

Әлеуметтік болжам

Ол зерттелетін объектіні алдын-ала талдау негізінде ұсынылатын әлеум. деректер, құбылыстар мен процестер туралы ғылыми тұрғыдан дәлелді, әйтсе де, растау мен теріске шығаруды қажетсінетін әлеуметтік жорамалдар жасайды.

Slide 7

Әлеуметтік болжам үш тәсілмен жүзеге асады

Slide 8

Әлеуметтік жоспарлау ұғымы

Осы әлеумттік болжам атауымен тікелей сабақтасып, желілесіп жатады. өйткені, ол әлеумттік даму процестерінің мақсат-міндеттерін, оны жүзеге асыру жолдарының ғылыми негізделген көрсеткіштерін қамтиды. Әлеум. жоспарлау қажеттілігі бір салаға тән ерекшеліктердің әлеумттік-эконмикалық мәселелермен тығыз байланыстылығынан туындайды.

Slide 9

Әлеуметтік бақылау

Басқару жүйесінің маңызды бөлігі қоғамның қалыпты қызмет етіп, қолайсыз жағдайларға жол бермеу үшін әлеум. бақылаудың маңызы зор. Бұл - арнайы, жүйелі де тікелей қабылдап, түсінуге, таңдап алынған әлеум. объектінің нақты әлеуметтік зерттеулер үшін қажетті сипаттамаларын тіркеуге байланысты эмпириялық (нақты) деректерді жинау әдісі.

Slide 10

Әлеуметтік бақылау

Ол - кең мағынасында, қоғамның бақылау түрлерін қамтиды, ол тар мағынада - әлеуметтік пікір, яғни адамның іс-қимылы мен тәртібіне берілетін баға ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік пікір мен қоғамдық сана өзара байланысты әрі адам мүддесінің материалдық жай-күйінен өрбиді. Көбінесе, әрқилы әлеуметтік топтардың бүгінгі күн проблемаларына, деректері мен құбылыстарына айқын немесе жасырын көзқарастары түрінде кездеседі.

Slide 11 Slide 12

Аналитикалық зерттеу - зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай-ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.

Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)

Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.

Социологиялық зерттеу бағдарламасы - ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады.

Slide 13 Slide 14

Социологияның атасы Огюст Конт оның көптеген замандастары сияқты әлеуметтік процестерді табиғаттағы процестер секілді математикалық дәлдікпен есептеуге, модельдеуге және болжамдауға болады деп армандаған. 19 ғасырда социологияны көбінесе “әлеуметтік физика” деп атады. Социологиялық ойдың классиктері, Конттан бастап Дюркгеймге дейін социологияның ұғымдық аппаратына математика, физика, биология, басқа жаратылыстану ғылымдарының терминдерін енгізуге барынша тырысты.

Алайда, Веберден бастап, қоғамтануда “қоғам - математикалық аппараттың көмегімен талдау үшін тым күрделі шындық” деген өзге түсінік қалыптаса бастады. Бүгінде қоғамдық ғылымдарға өзінің атомдары мен гендерін ашуға тура келетінін айқын байқап отырмыз. Қазіргі статистикалық қорытындылау мен математикалық есептеулер эйфориясы әзірше әлеуметтік қатынастар механизмінің күрделілігін және көбінесе шешілмегендігін ескеретін танымның өзге құралдарын іздеумен алмастырылды.

Slide 15

Осы ізденістің негізгі кезеңі социологиялық зерттеулер стратегиясын таңдауда сандық және сапалық әдістер арасындағы біршама тең құқылықты бекіту болды.

Сандық әдістер сапалық әдістерге қарағанда әлеуметтік ақпарат жинау және талдау кезінде әлдеқайда ертерек қолдана бастады. 19 - 20 ғасырдың басында зерттеушілер халық санағы, арнайы статистикалық зерттеулер мәліметтерін белсенді пайдаланды. К. Маркстің “Капиталы”, Ф. Энгельстің “Англиядағы жұмысшы табының жағдайы”, Э. Дюркгеймнің “Өзін-өзі өлтіру” сияқты өткінші емес, даңққа ие болған еңбектері статистикалық ақпаратты ғылыми социологиялық талдаудың тамаша үлгілеріне айналды.

Slide 16

“Сандық” және “сапалық” әдістердің жақтаушылары арасындағы соңғы ірі қақтығыс 90-шы жылдардың бірінші жартысында ТМД мемлекеттері сахнасына орын алды. Қолданбалы социологиялық зерттеулердің кеңестік мектебінде сапалық тұрғының нақтылы дәстүрлері болмады. Сондықтан ТМД елдерінің көптеген жетекші қолданбалы социологтары “сапалы социологияға” бірден қарсы шықты.

Slide 17 Slide 18

Кешенді зерттеу жобаларында сапалық зерттеулер сандық зерттеудің алдында, сол сияқты соңында да жүруі мүмкін. Бірінші жағдайда бұл зерттелетін объект туралы аз біліп, құралдар жиынтығын формализмге негіздей алмаумен байланысты, екінші жағдайда сандық әдістемелерден сапалық әдістемелерге өту жиналған фактілерді терең түсінумен, ерешелігі мен өзгешілігін белгілеумен, нақтылау қажеттілігімен байланысты.

Slide 19

Жалпы, Әлеуметтік зерттеулерді жүргізіп, қоғамдық пікірді екшеу барысында қолданылатын әдістер көп. Сол зерттеулердің ішіне әлеуметтік сауалдама, әлеуметтік эксперимент тәрізді түрлері де кіреді.

Slide 20

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік болжам
Әлеуметтік талдау негізінде болжам ұсынылатын әлеум
Жүргізілген сандық зерттеулер анық нәтижелер бермеген нарық аспектілері жайлы нақты ұсыныстар алу
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
САЯСИ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Ақша-несие саясаты туралы
Пациент және жақындарының қауіпсіз қоршаған ортасы
Мақсаты Әкімшілік құқық құқықтың және басқару жүйесі
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ - БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ АСА АУҚЫМДЫ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz