Өкпеде газдардың диффузиясы бұзылыстары


Slide 1

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»АҚ

АО «Южно-Казахстанская медицинская академия»

СӨЖ

Тақырыбы:Сыртқы тынысты зерттеу

Орындаған: Өтеген А.

Группа:ЖМҚБ 03-19

Қабылдаған:Ибрагимова Р. Б.

“Ішкі аурулар пропедевтикасы” кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Жалпы тыныс алу сипаттамасы

Спирометрия мен спирографияны өткізу қажет жағдайлар

Өкпеде газдардың диффузиясы бұзылыстары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Тыныс алу жүйесі - мүшелер мен ұлпаларға қоршаған ортадан оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын сыртқа бөліп шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқы тыныс алу, яғни газдардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) және демшығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмір бойы бірінен соң бірі белгілі бір ырғақпен алмасып отырады. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі клеткаларға жеткізіліп, онда ол биохимиялық реакцияларға қатысады.

Аталған процесс мына тәртіпте орындалады:

1. Сыртқы тыныс алу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру;

2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы

газдардың алмасуы;

3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;

4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы;

5. Ішкі тыныс алу - клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.

Slide 4 Slide 5

Спирометрия - өкпенің тіршілік сыйымдылығының (ӨТС) және оны құрайтын ауа көлемдерін анықтайтын әдіс. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы - адамның максимальді дем алып, дем шығарғандағы ең үлкен кқлемді ауа. Өкпенің көлемдері және сыйымдылығы көрсетілген, олар өкпенің функциялық жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар дем алу қозғалысы мен өкпенің көлемі және сыйымдылығының байланысын сипаттайтын пневмограмма көрсетілген. Өкпенің функциялық жағдайы адамның жасына, бойына, жынысына, физикалық дамуына және т. б факторларға байланысты болады. Зерттелетін адамның тыныстыұ функциясын бағалау үшін, оның анықталған өкпе көлемдерін соған сай міндетті өлшемдермен салыстыру керек. Міндетті өлшемдерді формула немесе номограмма арқылы есептеуге болады. Олардың +/- 15 ауытқуы айтарлықсыздай деп есептейді.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Спирография-өкпе функциясын өкпе көлемінің өзгеруінде динамикалық тыныс алу тербелісіне байланысты зерттеу әдісі. қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің графикалық әдісі. Спирография кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Алдымен бұл кеуде клеткасы мен өкпенің эластикалық қасиетін сипаттайтын статистикалық көлемдер мен сыйымдылыктар, сонымен қатар уақыт бірлігіндегі дем алу мен шығару кезіндегі тынысалу жолдарындағы ауаның көлемін анықтайтын динамикалық көрсеткіштер. Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды, ал кейбіреулері - форсирленген тыныс маневрлерін орындау кезінде.

Slide 11 Slide 12

Спирография жүргізудің техникасы

Зерттеу таңертең ашқарынға жүргізіледі, зерттеу алдында (30 мин. ) Зерттелуші тыныштық қалпында болуы керек. Сонымен қатар зерттеу басталғанға дейін (12 сағ. ) бронхолитик қабылдауға болмайды. Статистикалық көрсеткіштер қалыпты тыныс алуда анықталады. Ауаның орташа көлемі қалыптыда 500-800 мл. Мұнда көбінесе альвеолярлы ауа көлемі маңызды, ол газ алмасу процесіне байланысты. Пациент қалыпты тыныс шығарған соң максимальды тыныс шығарады, бұл тыныс шығарудың резервті көлемі және қалыпты тыныс алған соң максимальды тыныс алу - тыныс алудың резервті көлемі болып табылады.

Slide 13 Slide 14

Клиникалық тұрғыда, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, өкпеден 1 секунд ішінде үдемелі дем шығарғандағы ауа көлемі және Вотчал-Тиффно индексі аса маңызды. Оны спирография элементтерімен белгілейді. Қосымша 1 минут ішіндегі дем алу жиілігін, дем алу көлемін, 1 минут ішіндегі дем алғандағы ауа көлемін, оттегіні тұтыну мөлшерін, оттегіні тұтыну коэффициентін және қажет болған жағдайда дем алу сипаттамасын, тыныштық жағдайындағы өкпенің желдетілу көлемі мен тиімділігін, бірінші секунд ішіндегі үдемелі дем шығару көлемін анықтау мүмкін болмағанда ауа қозғалысы жылдамдығының көрсеткіші мен өкпенің максималды желдетілуін анықтауға болады.

Slide 15

Спирография ашық және жабық типті сынамалармен жүзеге асырылады.

Жабық типті қарапайым сынама (спирограф) өз сипатына байланысты қозғалмалы бөлігі бар герметикалық ыдыс түрінде, ол тіркеуші құралмен байланысқан, сол арқылы (спирограмма) қисық сызықтар сызылады. Сынамада оттегі қос тотығы жиналуы химиялық жұтылудың алдын алады. Оттегі көлемі азайғанда, ол резервті ыдыстағы көлеммен толтырылады.

Ашық типті прибор (пневмотахограф) газоанализатормен қамтылған, ол оттегіні зерттеу және көміртегі қос тотығын бөлу үшін қолданылып, алған нәтижені автоматты түрде өңдейтін электронды санау құрылғысымен жабдықталған.

Slide 16

Пневмография кеуде клеткасы немесе іш шеңберінің өзгеруіне орай тыныс алу қозғалыстарын графиктік түрде тіркеуге негізделген сыртқы тыныс алуды зерттеу тәсілі.

Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22

Өкпеде газдардың диффузиясы бұзылыстары байқалады:

• Өкпе қабунуы, ісінуі т. б. жағдайларда өкпе ұяшықтары мен қылтамырлары мембраналарының қалындауы;


Ұқсас жұмыстар
Сыртқы тыныс алу патологиясы
Қолдану көрсеткіші
Жасанды тыныс алдыру
Өкпе вентиляциясының бұзылыстары
Ауа жолдары
Тыныс жеткіліксіздігі
Тыныс шығару
Өкпе тінінің дистрофиясы
Балалар мен нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромы
Өкпе мен тіндегі газ алмасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz