Қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосу: патология санаттары, ауыртпалығы және арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету


Slide 1

Қозғалыс бұзылыстары бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосу.

Slide 2

Жоспар:

3. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытудың

арнайы жағдайлары

2. Қимыл-қозғалыс бұзылуының ауыртпалығы

1. Тірек-қимыл аппараты патологиясының санаттары.

4. Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

Slide 3

«Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы» (ТҚАБ) ұғымы жинақтамалық сипатқа ие және өзінің құрамына органикалық орталықты немесе шеткері пайда болған қимыл-қозғалыстық бұзылуды қамтиды.

Slide 4

Тірек-қимыл аппараты патологиясының санаттары.

Slide 5

ТҚАБ балалардың арасында саны ең көп топты БСА ауыратындар құрайды. Бұндай балалар қимыл-қозғалыс саласы және танымдық әрекеті кемістіктері байланыстарының нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын қажет етеді. БСА барысында әдетте, қимыл-қозғалыстың бұзылуы тілдік кемістікпен және жекелеген психикалық функциялардың қалыптасуының тежелуімен сәйкестікте болады.

Slide 6

ТҚАБ балалардың қимыл әрекетінің бұзылуынан басқа интеллектуалды даму кемістігі де байқалуы мүмкін: балалардың 40-50%-ында психикалық дамуының тежелуі болса, барлық балалардың 10%-ға жуығында - түрлі сатыдағы ақыл-ой кемістігі байқалады. Бұл кемістіктер мидың зақымданумен түсіндіріледі, сонымен қатар қозғалыс белсенділігінің шектелуі және дамудың қосымша бұзылуларының нәтижесінде пайда болатын депривацияның (қорқыныш) салдары болып табылады.

Slide 7

Қимыл-қозғалыс бұзылуының ауыртпалығы әр түрлі болады: кейбір балалар тік күйде отыра және тұра алмайды, тек арнайы арбада ғана қозғала алады, көптеген балалардың жүріс мәнері өзгеше болады, көпшілігі ортопедиялық арнайы құралдар - балдақтар, таяқтар және т. б. пайдаланады, сал ауруымен ауыратын балалардың аз ғана бөлігі қосымша құрылғылардың көмегінсіз қозғалу мүмкіндігіне ие.

2. Қимыл-қозғалыс бұзылуының ауыртпалығы

Slide 8

Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін. Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:

- бастауыш білім беру деңгейінде - 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;

- негізгі орта білім беру деңгейі - 5-10 сыныптар;

- жалпы орта білім беру деңгейі - 11-12 сыныптар.

Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу және қимыл-қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты.

3. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытудың

арнайы жағдайлары

Slide 9

Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, сонымен қатар жалпы білім берудің бағдарламалары мен оқулықтарына жүзеге сәйкес асырылады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1 жылға ұлғайтылуына байланысты жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұны балалардың ерекшелігін ескере отырып жаңаша бөлістіріледі және бейімделеді. Оқу процесінде оқушылардың қимыл-қозғалыстық және сөйлеу ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.

4. Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

Slide 10

Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту: емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді. Емдеу іс-шараларын бала дәрігерлері (педиатрлар), психоневрологтар, ортопедтар, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) дәрігерлері, физиотерапевтер, орта және кіші медициналық қызметкерлер жүзеге асырады. .

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Эмоционалдық-еріктік бұзылыстары бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу: диагностика, түзету және әлеуметтік-педагогикалық қолдау
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту және жалпы білімге қосу: тифлопедагогика мен әдістемелік тәсілдер
Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу: түзету-педагогикалық тәсілдер мен ұйымдастыру
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды жалпы білім беру жүйесіне қосу: педагогикалық, медициналық және материалдық-техникалық аспектілер
Зият кемістігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу: зейін ерекшеліктері және коррекциялық-педагогикалық тәсілдер
Көру анализаторының этиологиясы мен патологиясы: көру бұзылыстары және арнайы білім беру
Күрделі сөйлеу кемістігі бар балаларды жалпы білім беру жүйесіне инклюзиялау: психолого-педагогикалық негіздер және логопедиялық түзету
Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық-әдістемелік негіздері
Тірек-қимыл аппараты бұзылған және күрделі кемістігі бар балаларға арнайы білім берудің ұйымдастыруы мен әдістемесі
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру: психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және арнайы білім беру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz