Отбасы типологиясы


Slide 1

Отбасы құрамына байланысты нуклеарлы, кеңейген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді. Отбасы типологиясының өлшемдері: отбасы құрамы; ерлі-зайыптылық өмір өтілімі; балалар саны; мекен-жай орны және түрі; рөлдерді бөлу ерекшеліктері, билік ету және өзара әрекеттесу сипаты; кәсіби жұмысбастылық және ерлі-зайыптылар мансабы; әлеуметтік біртектілік; отбасының құндылық бағыттылығы; отбасылық өмірдің айрықша жағдайлары; сексуалды қатынастар сипаты.

Отбасы типологиясы

Slide 2

Нуклеарлы (ядерлік) отбасы - бұл ерлі-зайыптылар және олардың балалары. Егер отбасында бала болмаса, онда нуклеарлы отбасының құрамы шектеледі. Нуклеарлы отбасы - ХХ ғ. отбасының типтік түрі, бұл патриархалды отбасының орнын алмастырған бірнеше жақын және алыс туысқандардан тұратын, территориалды және экономикалық мүдделермен біріккен отбасы.

Кеңейген нуклеарлы отбасы - ата-әже немесе басқа да жақын туысқандар (ерлі-зайыптылар сиблингі, ағалар және апалар, яғни ата-әже сиблингтері т. б. ) қосылған отбасы.

Slide 3

Толық емес отбасы - ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасқан немесе өмірден озған отбасы. Толық емес отбасының типтік түрі - бұл баламен (балалармен) қалған ана. Толық емес отбасының қызмет ету сипаты екінші жұптың болмау себебіне байланысты. Мәселен, ажырасқан ерлі-зайыпты бұрынғыдай ата-аналық рөлін, «асыраушы» рөлін сақтайды және балаларды материалды қамтамасыз етуге қатысады. Алайда дүниеден өткен әке отбасында құрмет пен махаббатқа бөленеді, ал ажырасқан әкеге көп жағдайда ашық немесе үнсіз айып тағылады, оның үстіне ана баланың ажырасқан әкемен кездесуіне кедергі жасайды. Толық емес отбасының тағы бір түрі «аналық отбасы», оның құрамына ана мен бала (балалар), ананың саналы ниеті бойына некесіз туған балалар кіреді. Сонымен, толық емес отбасының типтік түрі - бұл әкесіз отбасы. Толық емес отбасы рөлдік шамадан артық күштенуіне қарай тәуекел тобына кіреді.

Slide 4

Функционалды толық емес отбасы - ерлі-зайыптының біреуінің өз қызметтерін тұрақты атқара алмайтын нуклеарлы (формалды құрамы бойынша толық) отбасы. Ерлі-зайыптының өзінің отбасылық рөлдерін атқаруға кедергі келтіретін себептер: ауыр немесе созылмалы ауру, кәсіби қызмет спецификасы, отбасымен ұзақ уақыт болмау. Ұзақ іс-сапармен байланысты мамандықтардағы адамдар (геологтар, әскери теңізшілер, машинстер, ұшқыштар, жол серіктер), еңбектің вахталық әдісімен жұмыс жасайтын адамдар (мұнайшылар, құрылысшылар, поляршылар), жұмыс кестесі тұрақсыз және эмоциялық күйзелісі жоғары еңбектегі адамдар (әртістер, радио және теледидар қызметкерлері, «жедел жәрдем» және аурухана дәрігерлері, мұғалімдер) өздерін отбасылық өмірде толықтай жүзеге асыра алмайды. Функционалды толық емес отбасын да тәуекел тобына жатқызу қажет, ал оған психологиялық көмек функционалды міндеттерді орынды, қолайлы жоспарлауға және тұлғаның кәсіби қызметте, отбасында үйлесімді жүзеге асу жолдарын тиіс.

Slide 5

Аралас отбасы - ерлі-зайыптының біреуінің (немесе екеуінің) орнын отбасының басқа мүшесі алатын отбасы. Мысалы, ата, әже және немереден тұратын отбасы, яғни баланың ата-анасы қайтыс болған немесе ажырасқан, әлде болмаса әрқайсысы бөлек тұрады; мұндай отбасына жиенін жалғыз тәрбиелеп жатқан тәте отбасы да жатады және т. б.

Ерлі-зайыптылық өмірдің отбасылық өтіліміне байланысты: жастар отбасы («бал айындағы» отбасы) ; жас отбасы (жарты жылдан балалар туғанға дейінгі бір жарым жыл) ; бала күтіп жүрген отбасы; орта ерлі-зайыптылық жастағы отбасы (3 жылдан 10 жылға дейін бірге тұру) ; ересекерлі-зайыптылық жастағы отбасы(10-20 жыл ерлі-зайыптылық өтілім) және қартайған ерлі-зайыпты жұптар(өз отбасын құрған ересек балалар тәрбиелеп жатқан ерлі-зайыптылар және қазіргі уақытта ата және әже отбасылық рөлдерін атқарып жатқан отбасы) .

Slide 6

Отбасылар балалар санына қарай баласыз, бір балалы, аз балалыжәнекөп балалы отбасына бөлінеді. Некеге түскеннен кейін 8-10 жыл бала көрмеген ерлі-зайыптылар баласыз отбасы болып саналады. Отбасында бала болмау себептері медико-биологиялық факторлар, ерлі-зайыптының баланы қаламауы болуы мүмкін. Қазіргі таңда баласыз отбасылардың әлеуметтік және психологиялық себептерінің басым екендігін айтуға болады. Психологиялық себептер тәуекел тобына кіреді. Ана болуға және әке болуға ұмтылысты жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы, тұлғалық иденттіліктің аяқталмауы ерлі-зайыптының біреуінің жанына батып, жаңа отбасын құруына себепші болады, яғни баланың болмауы күрделі отбасылық мәселе болып табылады. Екінші жағынан баласыз отбасыларда ажырасудың меншікті салмағы жоғары болып келеді, ол ерлі-зайыптылық қатынастардың үйлесімсіздігінен туындайды. Мұндай жағдайда баладан бас тарту себеп емес, ерлі-зайыптылар қатынастарының қиындығының салдары болып саналады. Бір балалы және аз балалы отбасылар қазіргі, әсіресе қалалық отбасылардың демографиясында кең таралған. Төрт және одан көп балалары бар отбасы көп балалы отбасына жатады. Көп балалы отбасы статистика бойынша ажырасуға тұрақты болып келеді.

Slide 7

Мекен-жай орны бойынша қалалық, ауылдық отбасыларды және алыс аудандарда тұратын отбасыларды бөледі. Олар өмір сүру стилімен, тұрмыс салтымен, ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жұмыс бастылық сипатымен және рөлдік құрылымымен, тұтыну деңгейімен, тәрбиелік қызметтерді атқару сипатымен ерекшеленеді. Мысалы, алыс аудандарда тұратын отбасылар өз балаларын мектеп-интернаттарға оқуға жіберуге мәжбүр, бұл дегеніміз ата-аналардың балаларынан ұзақ уақытқа жырақта жүруіне және ата-аналық қамқорлық пен протекцияның депривациясына әкеледі.


Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясының мазмұны
Отбасының әлеуметтік функциялары
Девиантты мінез - құлық типологиясы мен классификациясының критерийлері
Әлеуметтік философия
Отбасы қызметтері
Корпоративтік мәдениет
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Ұйымның корпоративтік мәдениеті
ХV ғ. екінші жартысы – ХVІІІ ғ. бас кезіндегі қалалық мәдениеті
Орман және орман парк шаруашылығындағы жаңа техникалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz