Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру




Презентация қосу
«Қыз балаларға өнегелі тәрбие
беру»
«Отан отбасынан басталады», – десек, сол әрбір кіші отанның
ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ананың құрсағына
шарана бітсе, ол қашан дүниеге келгенше «іштегі шарана ұл ма
әлде қыз ба» деп уайымдайтын болған. Ұлттың адаспай, ұлт
болып қалуы, қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі –
соңында келіп әйелге, келешек ана болар қыздардың қалай
тәрбиеленетініне байланысты болмақ.Әрбір елдің өміріндегі
шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы
өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің,
әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Қазақ қызын жетіге бөлген
Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жеті-сегізге бөлген:
Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын
әдемі қыз;
Істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе
қоймайтын көрікті қыз;
Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр болса,
шырайлы қыз;
Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-
күймейтін, келбеттіні – сұлу қыз;
Бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы,
терең ойлысын ару қыз;
Дене бітімі жинақы, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты болса,
ажарлы қыз;
Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қызды әсем қыздар қатарына жатқызған.
«Отан отбасынан басталады», – десек, сол
әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі
болатын – әйел адам. Ананың құрсағына
шарана бітсе, ол қашан дүниеге келгенше
«іштегі шарана ұл ма әлде қыз ба» деп
уайымдайтын болған. Ұлттың адаспай, ұлт
болып қалуы, қоғамның дамуы мен
мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп
әйелге, келешек ана болар қыздардың қалай
тәрбиеленетініне байланысты
болмақ.Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт –
қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы
өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген
сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің,
сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Дана халқымыз «Қыз қылығымен сүйкімді» екенін ерте
біліп, қызды қашанда «жат жұрттық» уақытша
қонақ ретінде жас күнінен отбасының сенімді серігі,
қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде
тағылымды тәрбие берген.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік
ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы
тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени
құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы
тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның
халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен
түрлерінде бейнеленген. Қазақ отбасындағы бала
тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-
жеке мән беріп қарастыру да оның өзіндік
ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
"Аттың көркі – жалы, қыздың көркі –
шашы" деп қыздың шашын күтіп өсіруді
өнер санаған. Ол үшін оның шашын
айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын
"қос бұрым" немесе "бестемше" етіп өру
бойжеткен қыздың көркі болған.
Қыздардың бойындағы мына
қылықтарға тыйым салған
Түске дейін ұйықтауға, бұраңдап
қылымсуға, тамақты обырлана асауға,
ұрлық-қарлыққа, салт-дәстүрден
аттауға және ұрыс-керіске тыйым
салған.
Өкініштісі, салт-дәстүрді зерттеушілер
қазіргі заманда бұл тыйымдарды
отбасында ескере бермейтінін айтады.
Қазақ қызды бес жасқа
дейін еркелетіп, тіл
тигізбеген
Қазақ қызын еркін
ұстаған, бірақ тым
еркінсітпеген. Ата-ана
қызынан ешнәрсені
аямай, оның
мұқтажсыз, бұла өсуін
қадағалайды. Өйткені
қызға бергенді қызыр
өтейді деп біледі.
Қазақ қызын қадірлей білген
Тарих ғылымдарының кандидаты Құралай
Сәрсембина – қазақтың салт-дәстүрін
зерттеп жүрген адамдардың бірі. Оның
айтуынша, қазақ қыз бен әйелге ерекше
құрметпен қараған.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика арқылы баланың сөздік қорын, қимылын дамыту
Ана тәрбиесі
Тәрбие дәстүрлері
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА
Жеке тұлғаның қалыптасуы
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
Отбасындағы қыз тәрбиесі
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Патриоттық тәрбие
Қазақ ұғымында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуына жиналған жақындары
Пәндер