Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар




Презентация қосу
Тақырыбы: «Өсетін елдің қарты қазына
болар»
Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып дариялар.
Ата-ананы сыйлау

Ата-ананы сыйлау – адамгершіліктің ең
басты қағидасы. Сол ата-ана балаға бар
өмірін арнайды. Ата-ананың адам
өміріндегі орны ерекше. Халықта
«Анаңды Меккеге үш рет арқалап
апарсаңда оның жақсылығын қайтара
алмайсың» – деген сөз бар. Бұл ата-ана
еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді.
Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл
кеткен кезде де оған «ищай» деуге
балаларының қақысы жоқ. Имандылық
қағидалары бойынша әкесі мен
шешесінің ризашылығын алмаған
балаға жәннәттың есігі жабық дейді
Халқымызда «Өз балаң өскенше,
немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала немере туралы ақын Мұзафар
Әлімбаев былай деген екен:
Бала деген бал екен,
Бала дегенің бал екен.
Немеренің бойында,
Бар тәттілік бар екен.
Туған балаң жәй ғана,
Демесең де жат, бөтен.
Нағыз балаң ойласаң,
Немере екен, тәтті екен
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол
келер» деген мақал текке
айтылмаса керек.

Көне тәмсілдегі « Бір бала бар –
атаға жете туады, бір бала бар –
атадан өте туады, бір бала бар –
кері кете туады» деген
тұжырымға, баланың қандай
болмағына негіз қалайтын да
әкенің өзіне байланысты екенін
айтады.
Ата-анамен қарым-қатынас

Ата-анамен қарым-қатынаста баланың оларға
«Сіз» деп сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған
бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат
қылықтар көрсетуі мүмкін.
Ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей
орындағаны, тыңдағаны абзал.
Мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын
жамандамауы, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы
керек. Адам ата-анасына артық-ауыс айқан сөздері
болса, оған кешіріммен қарай білгені, жүректерін
ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн.
Біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға
ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол
қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз
арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу
арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп
сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл
қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала
алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде
орын алатын қасиет.
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кеміп бара жатыр қартайып
Отбасында, бала-шаға қасында,
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім, болмаған соң сыңары,
Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.
Жас баладай жаутаңдаған жанарға,
Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.
Қағыс естіп қалбаңдайды баладай
Ниеті ақ, пейілі кең даладай.
Кімге болса қарттық жетер аяңдап,
Мәпелеңдер, қарт біткенді аялап.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
https://infourok.ru/қarty-bar-үjdің-қazynasy-bar-taқyrybyndaғ
y-tәrbie-saғaty-4892834.html
https://ppt-online.org/226074
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен жануарлардың "Қызыл кітабы". Дүниетану
Қызыл кітап беттері
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез
Табиғи ортаның сапасы және халықтың денсаулығы
САНА МЕН ТІЛ
Еуропаның батысында орналасқан аймақ
Барсакелмес қорығы
Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар
Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы
Пәндер