Ұстаздың тәрбиелік рөлі мен педагогикалық шеберлігі


Slide 1

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

Slide 2

Ұстаз- адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектесетін, айналасына білім, тәрбие нұрын шашып, адамгершілік нұрын төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне із қалдратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

Slide 3

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деген бүгіні тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ.

Slide 4

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшті, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

Slide 5

Оқушы жасардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім.

Ғабит Мүсірепов

Slide 6

Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқаудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктің басты сипаты болып табылады.

Slide 7

Мұғалім еңбектерінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласуымен сипатталады. Сол себепті мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалды мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.

Slide 8

Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Slide 9

Ұстаз міндеті - жас ұрпаққа сапалы білім беру, ғылымға баулу, саналы тәрбие беру. Шәкірттің жақсы болуы - ұстаздың айтқан сөзінде ғана емес, көрсеткен үлгісінде. Менәіше ұстаз, ұстаз болып танылу үшін оған ең алдымен, үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет қажет.

Ұлы жазушы Ғ. Мүсірепов «жазушы жазуын қойған күні - өлгені», - деген екен. Сол секілді мұғалім оқуын, іскерлік қабілетін тоқтатқан күні мектеп табалдырығын аттамағаны дұрыс

Slide 10

Жақсы ұстаздың баланың бақыты үшін, елдің ертеңі үшін атқарған еңбегінің маңызын сөзбен айтып жеткізу қиын. Жақсы ұстаз сөзімен де, көзімен де қаншама шәкірттің көңіліне нұр құйып, оларды білімнің биіктеріне жетелейді.

Slide 11

Ана адамға өмір сүру бақытын сыйласа, ұстаз біздің бойымызға ғылым нұрын дарытып, көңіл қойнауыңда бұғып жатқан қабілет қасиеттеріміздің қайнар көзін ашады. Демек, өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздарды да солай құрметтеуге тиіспіз.

Slide 12

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрә - бәріұстаздан білім алған, сондыұтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Slide 13

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық әдеп, мұғалімнің кәсіби мәдениеті және педагогикалық шеберлігі
Музыка мұғалімінің педагогикалық шеберлігі мен зерттеушілік-эксперименттік қызметі
Дәріс оқу шеберлігі: педагогикалық шеберлік, дайындық және көрнекілік құралдары
Педагогикалық этика және деонтология: ұстаздың кәсіби адамгершілік нормалары мен олардың іске асу механизмдері
Мектеп жасына дейінгі балалардағы ойынның тәрбиелік-педагогикалық рөлі, құрылымдық элементтері мен түрлері
Жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби педагогикалық шеберлігі: ұғымы, критерийлері және бөлімдері
Педагогикалық құзыреттілік: ұғымы, түрлері және мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Бастауыш мектеп музыка сабақтарының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені: мазмұны және тәрбиелік-педагогикалық рөлі
Ойын технологиясы: педагогикалық ойындардың ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні
Педагогикалық кәсіптің қазіргі қоғамдағы рөлі мен функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz