Көрісу күні
Презентация қосу
Көрісу күні
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Көрісу күні туралы мәлімет
Наурыз мейрамы
Наурыз көже
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Көрісу күні
Көрісу күні, кей өңірде Амал мерекесі Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан
өңірлерінде атап өтіледі. Дегенмен тек батыста тойланған деген жаңсақ пікір. Бұл -
қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан көктем мерекесі.
Мерекенің шығу тарихы анық болмағанымен, мәні көпке аян. Бұл күні жасы кішілер
жасы үлкен әулет мүшелеріне амандық-саулық тілеп, үй-үйді аралайды. Кішкене
балалар әр үйден кәде-сый алады. Әр адам міндетті түрде үш үйдің есігін ашу керек
деген де бар.
"Көрісу күнін Наурыз
мейрамының бастауы деп
айтуға болады. Көрісу
дәстүрінің тарихына үңілсек,
ертеректе жапан далада қыс
айларында мал баққан
көпшенді халық бір-бірімен
көрісе алмай, бір-бірін тек
көктем келгенде Наурыз
мейрамына қарай көре
алған екен. Сол уақыттан
бері көрісу дәстүр ретінде
сақталып қалға. Шығыс
елдерінің кезіндегі
күнтізбесі бойынша,
наурыздың басталуы хамал
(амал) айының 1 жұлдызы
болып есептеледі.
"Бұл күні әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп, көрісіп, "жас құтты
болсын" деп амандасады. Кәде-сыйларымен де барып жатады. Ал
шаруамен өзге жаққа кетіп қалғандар тіпті жазға дейін келіп амандасса,
соның өзі көрісуге жата береді, себебі жыл толғаннан кейін бірін-бірі
көрмеді. Ал "Жас құтты болсын" деген не сөз? Бұл - көшпелілердің
туған күн тойламайтынын анықтап отыр. Бәрі жасына жас
қосқандықтан, осы күні ғана "жас құтты болсын" деген тілекті айтады.
Жалпы мәлімет
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан
қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі
күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен
түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде
нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн»
мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол
мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн;
мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды»
(күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан
бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні»
қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық
Наурыз күні болып қабылданды.
Жалпы мәлімет
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып
өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік
халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы
ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және
Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда -
22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Наурыз көже
Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды
міндетім деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан
ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады. Осы
тұрғыда біз де үлкен әжелеріміздің біразынан Наурыз көжені қалай жасау
керектігін сұрап білдік. Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып,
сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт
әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15
минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа
пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың
жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз. Егер Наурыз
көже қоймалжың болып кетсе, оған су қосуға болмайды. Тек айран қосып
сұйылтасыз.
Дәстүрлер
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе
жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға
су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын.
Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек
пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар
айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, (қазақша күрес | қазақша күреспен),
ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан»
айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Дәстүрлер
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының
көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып
келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы
болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы
қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне
барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін
күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде
бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын
деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім
деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз
˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды
қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп
Наурыз күні бейілінкеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы
келіп,аңыз қылысатын.
Қорытынды
Жалпы наурыз мейрамын тек қана қазақ елі ғана
емес,барша түркі тілдес халықтар атап өтеді екен.
Наурыз мейрамы көңілге нұр беретін,көктемнің ең
қызықты мерекесі болып саналады.Бұрын қазақ
халқы наурыз мейрамын жаңа жыл деп атаған.Осы
мейрамда халық бұрынғы ескірген салт-дәстүрлерді
қайта қолданады.Салт-дәстүр біздің ең асыл
қазыналарымыздың бірі.Оны жоғалтып
алмай,жаңғыртып тұруға балығымыз ат
салысуымыз керек.
Әдебиет
Сайттар:
• http://yznaika.com
• http://ru.wikipedia.org
• http://www.bilu.kz
• http://images.yandex.ru
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz