Балаларға арналған ырымдар
Презентация қосу
«ҚАЗАҚТЫҢ
ЫРЫМДАРЫНЫҢ
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ»
Жоспары
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Балаларға арналған ырымдар
Төрт түлікке арналған ырымдар
Жүкті әйелдерге және келіндерге арналған
ырымдар
Тағамға және тұрмысқа арналған ырымдар
III.Қорытынды
Кіріспе
Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-
тыйымдар жүйесі халқымыздың өмірінде, салт-санасында,
әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс
тапқаны белгілі. Ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат
әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескерту
және т.б. нәрселер ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі
күнге дейін сақталып келе жатқан тарихи, этномәдени,
әлеуметтік мәні терең дүние. Кейбір ырым-тыйымдар бағзы
замандардағы шамандық, тәңірлік наным-сенімдердің
сипаты, белгісі ретінде де көрініс беріп жатады. Қалай
дегенмен, ырым-тыйымдарды халқымыздың ұлттық
болмысынан бөле-жара қарауға болмайды.
Ырымдардың барлығы бірдей жақсылыққа кенелтетін
болжамдармен ғана емес, адамға төнетін қауіп-қатер туралы
да жорамал жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, түнде
жолыңда сиыр жатса, сапарың оң болмайды. Оқпақ
шақырса, бие құлын тастайды. Алдыңнан түлкі қашса,
сапарың сәтті болады. Сол құлағың шыңылдаса, біреу сені
жамандап жатыр деген ырымдардың шындыққа
жанасатынын нақты біле алмасақ та, іштей сенетініміз хақ.
Ырымға сену керек пе, әлде сенбеу керек пе деген
мәселенің құпиясы әлі күнге дейін ашылған емес. Мәселен,
«көз тиюден сақтайтын» сан түрлі ырымдар бар.
«Байғазыға байдың қызы»
(балаларға арналған ырым-тыйым)
Халқымыздың дәстүрлі ырымдарының арасында жас
балаларға арналған немесе балаларды тәрбиелеуге
байланысты кездесетін ырым-тыйымдар қатары мол.
Енді соларға тоқталайық. Үйге кіріп келе жатқан бала
құлап қалса – үйге береке, ырыс келеді. Бала жол қараса
– қонақ келеді. Бала тілін шығарса – хабар келеді. Сәби
анасынан ұстап отырып емсе – сараң болады, еркін
отырып емсе – мырза, жомарт болады. Баланың желкесі
терең шұқыр болса – қырсық болады. Сәби шалқасынан
жатып ұйықтаса – елге белгілі азамат болып өседі. Бүк
түсіп жатса – уайымшыл, жігерсіз болады.
Беделді тұлғалардың жақсы қасиеттері жас балаға жұғысты
болсын деген ырыммен жас баланың аузына түкірту ырымын
жасайды. Оның мәні – жасы үлкен, ел сыйлаған, атағы
шыққан, мінезі жайсаң елге танымал, ұлылардың жақсылығы
жұқсын, сол адамға ұқсап беделді, танымал болсын дегені.
Баланың аузына түкірту ырымын жасаған адам баланың ата-
анасына ризалық білдіріп, батасын береді. Шешелері мен
жеңгелері ұл балаға «байғазыға байдың қызы», қыз балаға
«байғазыға байдың ұлы» деп ырымдап, қыздардың түймесін
жігіттердің шапанының ішкі жағына тағып береді. Бұл
байғазыны таққан жігіттің артына қыз ереді деп ырымдағаны.
Малдың алдынан бос ыдыспен шықса –
сүті азаяды» (төрт түлікке қатысты ырым-
тыйым)
Төрт түлікке байланысты ырым-тыйымдардың
мәнісі малдың киесі бар екенін сездіруге, соны
біліп, құрметтеуге шақырып тұрғандай әсер
қалдырады. Төрт түліктің өзге де қасиеттеріне,
кейбір әрекеттеріне қарай отырып ауа райын,
табиғат болмысын, өзге де нәрселерді болжай алған
халқымыздың рухани қазынасында осынау
тақырыпқа арналған ырым-тыйымдар молынан
ұшырасады.
«Жүкті әйел ара, қайшы ұстамайды»
(келін, әйел әдебін сақтауға бейімдейтін ырым-
тыйым)
Қазақтың ырым-тыйымдар жүйесінде келін, әйел әдебін сақтауға
бейімдейтін ырым-тыйымдар мол. Мәселен, жаңа босанған әйел үйге
кірген итті қумайды – егер қуса, тістері түсіп қалады. Келін түн ішінде
суға бармайды, кір жаймайды. Себебі шошыма ауруына ұшырауы
мүмкін. Жүкті әйел ара, қайшы ұстамайды – мерзімінен бұрын босанады.
Екіқабат әйел қоян етін жемейді, жесе баласы қоянжырық болады. Келін
төрге шықпайды – төр қонақтың немесе отағасының орны. Екіқабат әйел
түсік тастамас үшін – етегін түйіп қояды. Аяғы ауыр келінге ырымдатып
отқа май құйғызғанда, от ағарып ұзын жанса – ұл бала болғаны, қызарып
жанса – қыз бала болады деп ұғынған. Толғақ жетпей тұрса, май ұзарып
жанады.
«Тойдым» емес, «қанағат» деген жөн
тағамға байланысты ырым-тыйым)
Қазақ асты ерекше қадірлейтін халық. Сондықтан ас-ауқатқа, тағамға
байланысты қалыптасқан ырым-тыйымдар астың қадірін арттыруға,
ысырапшылдыққа жол бермеуге бағытталғаны сөзсіз. Қызға кәрі жілік
ұстатпайды – оң жақта көп отырып қалады. Балаға ми жегізбейді – былжыр,
ынжық болады. Ішіп отырған шайға сама түссе – қонақ келеді. Ас ішіп болған
соң «тойдым демейді», «қанағат» деген жөн. Тұзды бейберекет шашпайды,
астың иманы – тұз деп қарайды. Егiннiң тұқымы үшiн бiреу қарызға дән сұраса
ренжiмей бередi, дәндi адам емес, қара жер тiлеп жатыр деп ырымдайды. Қазақ
танымында ақ өнімдері, яғни ағарған жақсылықтың нышаны, пәктіктің,
тазалықтың символы ретінде қалыптасқан. Сондықтан ағарғанға қатысты
ырымдар өте көп. Мысалы, байқаусызда ақты төгіп алса, саусағын батырып,
маңдайына жағу ырымын жасаған. Сосын аяққа басылмас үшін жақсылап
тазалап, сүртіп алатын болған. Ақты аяқасты ысырап етпеген.
Дәм үстіне келіп қалған адам немесе бір нәрсені сұрап, анықтап білуге
кірген адам асығыс болып, дәмге қарамайтын жағдайда дәмнен үлкен
еместігін білдіріп, қандай да бір дәмнен ауыз тиіп шығады. Жерге құт
дарыту ырымын жасайтын қариялар жерге алғаш себілетін дәнді екі
бұтының арасынан өткізіп, бісміллә деп лақтырады. Бiр жылда адамның
көптеген арман тiлектерi орындалып, мақсатына жетiп, табысқа кенелсе,
сол жылды құт жылы санап ерекше еске алады. Осы жылы құт-береке
ортаймасын деген ырыммен сол жылдың атауы болған жануардың
басына ақ құйып, ырым жасайды. Сол сияқты үйге кірген жыланды
өлтірмей, басына сүт, айран, құйып шығару ырымы да бар. Бұл жерде ақ
тағам – таза пиғыл, ақ тiлеудiң, жақсылыққа жорудың символы. Сонда,
жыланның басына ақ құю оны перiштеге балауды бiлдiргенi болып
шығады. Кейде тіпті үйге кірген жыланды өлтірмей, басына ақ құю
жамандыққа жақсылықпен жауап берудің белгісі саналған.
«Жанып тұрған шырақты үрлемейді»(үй
тұрмысына қатысты ырым-тыйым)
Қазақ ырымдары ішіндегі кең
таралғаны бұл үй тұрмысына
қатысты ырым-тыйымдар. Олардың
өзіндік тәрбиелік мәні бар. Мұны
білген бала ұлтының салтын,
болмысын терең біліп өседі. Түнде
сандықты ашпайды – біреу-міреу
өледі ( өте қажет болған жағдайда
«жылан кіріп кетті» деп айтып
ашады). Түндікті бақанмен тіреп
қоюға болмайды – жау шақыру
деген ырым.
Жанып тұрған шырақты үрлемейді – адам ұмытшақ болады.
Шәугімнің шүмегін есікке қаратып қоймайды – ырыс-несібе кемиді.
Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды – жау
шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған. Киіз
үйде құмырсқа көбейіп кетсе – жылқының екі тезегін уыққа іліп
қояды. «Тәңірден тілеп алған» сәбиінің екі аяғына ата-анасы
ырымдап, баланы «тіл-көзден, түрлі пәле-жаладан қорғайды» деп
қымбат бағалы металдан білезік соқтырып тағып қояды. Ертеде
қазақтар дертке шалдыққан адамды көне наным-сеніммен, «киелі
ағашқа» апарып, басына сыйынып, ырым етіп ақтық (шүберек)
байлаған, науқас адамды дерттен арылтуға ниет еткен. Бiтеу iреп
сойылған мал терiсiнен жасалған долық дейтін бітеу ыдысты
молшылықтың нышаны санаған қазақ «үйге кірген ырыздықты
«бітеп», шығармай тұрады» деп сенген. Мұндай бітеу малдың
терісінен жасалған тұлып тәрізді ыдысқа ас-тағамның берекесі
саналатын, дәмін келтіретін тұз бен молшылықтың белгісі астық
сияқты заттарды ырымдап салып қоятын болған.
Қорытынды
Қорытындылай келе бұл ырым-тыйымдардың пайда
болуы бекер емес екенің білдік.Әрине ырымдардың
барлығына сене беруге болмайды,бірақ ішінде көбі
өзімімздің салт-дәстүрімізге,тәрбиемізге сәйкес
келеді.Сондықтан әлі күнге дейін қолданыстан
шықпаған.Тәрбие тал бесіктен демекші атадан
мұраға қалып келе жатқан салт-
дәстүрлерімізді,ырым тыйымдарымызды бүкпесіз
ұрпаққа жеткізу,біздің міндетіміз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz