Еуразия тілдері


Slide 1

«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

Slide 2

“Тіл білу -

сәттілік кілті”

Slide 3

Тіл - халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. .

Slide 4

Дүние жүзі тілдері -

жер шары халықтары тілдерінің жиынтық атауы.

Slide 5

“Халықаралық лингвистикалық энциклопедияның” дерегі бойынша, дүние жүзінде 1970 - 80 жылы 6604 тіл, оның ішінде 300 өлі тіл болса, ал “Әлем тілдерінің атласы” әлемде 6796 тіл бар деп мәлімдеген. 20 ғасырдың 90-жылдарында дүние жүзінде 6 мыңдай тіл бар деу шындыққа неғұрлым сай келеді.

Slide 6

Қай тіл көп тараған?

Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде, біреулер ағылшын тілі десе, енді біреулер қытай тілі деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс? Бірінші орынды, сөз жоқ, ағылшын тілі алады, өйткені ол дүние жүзінде ең көп тараған халықаралық тіл болып табылады. Ал егер бір тілде сөлеушілердің саны бойынша анықтасақ, ағылшын тілі екінші орында тұрады. АҚШ Лингвистика институтының жуырда жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша, сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екені көрінеді. Бұл тілде 844 млн. адам сөлейді екен. Ағылшын тілінде - 434 млн., хинди тілінде - 338 млн., испан тілінде - 331 млн. Адам сөйлейді.

Slide 7

Қазақстан - тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.

Қазақстан халқы Асамблеясы үнемі даму үстінде болатын тірі ағза іспетті.

Slide 8

ҚР Ассамблеясына 20 жыл

Slide 9

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Slide 10

Елдер:

Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан, Ресей, Иран

Ресми күйі:

Қазақстан (мемлекеттік тіл) Ресей:

Алтай Республикасы(аймақтық тіл) [1]

Реттейтін мекеме:

Қазақстанның мәдениет министрлігі

Сөйлеушілер саны:

11 млн адам

Рейтинг:

87 орын

Классификация

Санаты:

Еуразия тілдері

Алтай тілдері (даулы)

Түркі бұтағы - Қыпшақ тобы - Ноғай-қыпшақ топ тармағы

Жазуы:

кирилше (орысша), төте жазу (арабша), латынша(Қазақ әліпбиін қараңыз)

Қазақ тілі

Slide 11

Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де - мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылған.

Slide 12

Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс графикасын қолдануда. 1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді.

Slide 13

1. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын нақтылау;

2. Тіл саласындағы нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, әсіресе жаңа технология саласында;

3. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру міндеттерін орындау үшін шаралар қолдану;

4. Тіл туралы Заңды жүзеге асыруға қажетті ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық және кадрлық ресурстарды барынша тиімді пайдалану;

5. Тілді оқыту мен үйретудің озық әдістемелері мен жаңа технологияларын енгізу;

6. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызмет аясын кеңейту, іс-қағаздарын кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіруді нақты қолға алу.

Қазақстан мемлекетінің тіл туралы заңы

Slide 14

Ана тілі - ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Біздің ана тіліміз- қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

«Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Slide 15

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Slide 16

1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

Slide 17

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

12. Тіл ақылдың - өлшемі.

13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.

14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

20. Ми ойлағанды тіл тындырады.

Slide 18

Даналардан

қалған сөз

Slide 19

К. Паустовский

Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып, ел-жұртыңды сүйе алмайсың.

Slide 20

Г. Гегель

Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

Slide 21

Г. Лаубе

Халықтың тіліне қиянат жасау - оның жүрегін жаралау.

Slide 22

П. Вяземский

Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек.

Slide 23

Л. Толстой

Тіл - ұлттың жан дүниесі.

Slide 24

Ақын-жазушылардың

тіл туралы пікірлері

Slide 25

«Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. »

Ғ. Мүсірепов

Slide 26

«…Жазушы өз дәуіріндегі қазақ әдебиет тілін өсіру, саралау, көріктеу, шеберлендіру жөнінде міндеткер». Елділіктің негізгі белгісі-тілінде. Тіл-аса қәдірлеп ұстайтын байлығымыз. Тілді ешкімге түрткілетпеуіміз керек. »

Ғабит Мүсірепов

Slide 27

«Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиспіз. »

Ахмет Байтұрсынов

Slide 28
Ұқсас жұмыстар
Орал тілдері шоғыры
Тілдердің классификациясы
Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
Сапа анықтамалары
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносарлық келісім туралы ұғым
Өлі тілдер, олардың пайда болуының негізгі себептері
Тілдердің генеологиялық классификациясы
Солтүстік жарты шар материктерін қайталау сабағы
Мемлекеттер басшыларының кеңесі
Фразеологизмдердегі мінез-құлық көрінісі (қазақ ағылшын тілдері негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz