Зейін мен ес: теориялық негіздер, түрлері және оқу үдерісіндегі маңызы


Slide 1

Зейін Ес

Slide 2

Зейін туралы түсінік.

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Slide 3

Зерттеушілердің ғылыми теориялық түсініктері

Slide 4

С. Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы- бағдарлық-зерттеудің бастамасы.

Slide 5

В. И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.

Slide 6

П. Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін- бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады.

Slide 7

Зейіннің негізгі түрлері, қасиеттері

Slide 8 Slide 9

Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады.

Slide 10

Ырықты зейін

ерекшелігі

Slide 11

Қасиеттері:

Slide 12

Естің жалпы анықтамасы, негізгі түрлері.

Slide 13

Ес- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.

Slide 14

Зерттеушілердің ғылыми теориялық түсініктері

Slide 15 Slide 16

Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді.

Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді.

Slide 17

Ес - күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жанғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз - жанадаң қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан өмір мен тілшілікке қажетті матриалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;

Slide 18

арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;

2) есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;

3) есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу;

4) сол мән - мағыналары түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;

5) қабылдаған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларық желісін табу;

6) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды женілдету;

7) өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу;

8) сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.

Slide 19

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Психикалық процестер: зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау және қиял
Педагогикалық технологиялар мен білім беру үдерісіндегі ИКТ: теориялық негіздер, модельдер және қолдану
Ес процестері мен есте сақтау: теориялық және практикалық аспектілер
Ақыл-ойы кем балалардың танымдық сфералары: қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау және сөйлеу ерекшеліктері
Зейін: анықтамасы, түрлері және негізгі қасиеттері
Қазіргі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиялары: әдістері мен қолдану кезеңдері
Зейін: психологиялық және физиологиялық негіздері, функциялары мен түрлері
Қазіргі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәрбие технологиясы және тұлға қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары
Ес: анықтамасы, түрлері және негізгі процестері
Студенттің оқу үдерісіндегі өзіндік жұмысын ұйымдастыру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz