АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАГЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР



АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАГЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Орындаған: Ахметова А. Я.
Тобы: Юр-25
Тескерген: Досжанов Қ. М.

АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАГЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
2014 жылғы Қылмыстық кодекстің 7-тарауы ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған. Мұндай жеке тарау бұрын қолданыста болған қылмыстық кодекстерде болған емес және осы тарауға жататын қылмыстык құқық бұзушылық құрамдары үшін жауаптылық Ерекше бөлімнің әрбір тарауында арнайы баптар арқылы көрсетілген ретте жүзеге асырылады.
Мемлекетіміздің экономикалық ғылыми дамуының нәтижесінде бұл саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жеке тарауға біріктіріп, әрбір қылмыс кұрамының ерекшеліктеріне, қоғамдык кауіптілігіне және құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттеріне қарай заңдылық сипаттама беріліп, жауаптылық негіздері айқындалуы өмір қажеттілігінен пайда болған құбылыс. Бұл тарауда жататын қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары үшін жауаптылык ҚК-тің 205-213 баптарында көзделген. Енді осы қылмыстық құқық бұзушылық құралдарының жеке кұрамдарына талдау жасайық.

205-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне құқыққа сыйымсыз қол жеткізу
Электрондық жеткізгіштегі заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

205-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникациялар желісіне құқыққа сыйымсыз қол жеткізу
Қылмыстық құкык бұзушылық объектісі - ақпаратқа, ақпараттык жүйеге немесе ақпараттық- коммуникациялық желіні реттейтін қоғамдық қатынастар. Мұндай қоғамдық қатынастар арнаулы заңдармен, нормативтік-құқықтық актілермен анықталады.
Объективтік жағынан - қылмыстық құқық бұзушылық құрамы электрондық жеткізгіштегі заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық- коммуникациялык желіге азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан қасақана құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы материалдық. Қылмыстық құқық бүзушылық істеу аркылы - азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның, мемлекеттің мүддесіне елеулі түрде бұзу орын алады.
Қылмыстық қүқық бұзушылық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік ниетпен істеледі.
Қылмыстық кұқық бұзушылық субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.

206-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру
Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, - белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

206-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру
Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі
Ақпаратты құқыққа негізсіз, өзінше түрлендіріп, заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғу
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағы
Электрондык жеткізгіште сақталатын, акпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық- коммуникациялық желі бойынша берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу (206-баптың, 1-бөлігі) арқылы іске асырылады
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы
Тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік ниетпен істеледі.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі
16-ға толған есі дұрыс адам.

207-бап. Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу
Қылмыстық құкык бұзушылық объектісі - ақпараттық жүйе немесе ақпараттык- коммуникациялық желінің жүмысын реттейтін қоғамдық катынастар.
Объективтік жағынан - ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық- коммуникациялык желінің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана әрекеттср (әрекетсіздік) іс- әрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс кұрамы формальдық, заңда тиым салынған ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық- коммуникациялық желісін бұзуға бағытталған қасақана іс- әрекеттер немесе әрекетсіздік жасаған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп саналады.
Қылмыстық қол сұғушылық субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстық кұқық бұзушылық субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам.

208-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісімен берілетін заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

208-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу
Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі
Ақпараттық құқықтық жүйелер арқылы қорғалатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз түрде өз бетімен көшіру немесе заңға қайшы әрекеттер аркылы иеленіп алуға тыйым салатын қоғамдық қатынастарды бұзу
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағы
Электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттык жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялык желімен берілетін заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құкыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құкықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қоғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғу арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы
Тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі
16-ға толған есі дұрыс адам.

209-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу
Күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе телекоммуникациялар желісімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты беруге мәжбүрлеу - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

209-бап. Ақпаратты беруге мәжбүрлеу
Объектісі
Объективтік жағы
Субъектісі
Субъективтік жағы
ақпараттық жүйе немесе ақпараттык- коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпараттық жүйені реттейтін қоғамдық катынастар.
күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтердің жариялануы жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді тарату қатерін төндіріп, электрондык жеткізгіште сақталатын, ақпараттык жүйеде камтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты беруге мәжбүрлеу арқылы іске асырылады
16-ға толған, есі дұрыс адам.
тек тікелей қасақаналықпен, жеке басының мүддесін қорғап жүзеге асырылады

210-бап. Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату
Қылмыстық кұкық бұзушылық объективтік жағынан, электрондық жеткізгіште сақталатын, ақпараттык жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялык желімен берілетін ақпаратты кұкыкка сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, абоненттік құрылғының, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық- коммуникациялық желінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарлама, бағдарламалық өнім жасау немесе қолданыстағы бағдарламаға немесе бағдарламалық өнімге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаны немесе бағдарламалық өнімді қасақана пайдалану және тарату жүзеге асырылады.
Қылмыстық кұқық бұзушылық іс-әрекеттері тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік ниетпен, зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар өнімдерді жасау, пайдалану, өткізу арқылы істеледі.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі І6-ға толған есі дұрыс адам.

211-бап. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату
Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі
Шектелген электрондық ақпараттық ресурстарда тарату катынастарын реттейтін қоғамдык қатынастар.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағы
Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі колжетімділікті шектеген өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату - арқылы іс-әрекетпен жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы
Тікелей қасақаналықпен істеледі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы
І6-ға толған есі дұрыс адам.

212-бап. Құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну
Ашық телекоммуникациялар желісінде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді құқыққа қайшы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін ұсыну бойынша көрінеу құқыққа қайшы қызметтер көрсету -
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz