Монополияның түрлері табиғи монополия



Монополия.
Көпжасар Мадина . УИА-201.

Монополия -бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы.
Монополияның түрлері
табиғи монополия.
жасанды монополия.

"Монополияның үш негізгі көзі бар: "техникалық түсінік", тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім. Қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады". Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады.
Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады
Монополиялық бағаның құрылуына қарсы сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі "таза шығындар" дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.

Монополистер (тағы басқа кімдер болса да) кейбір тұтынушылар үшін бұл шығындардың орнын толтырмайды, өйткені моно-полист өзі шығарған өнімнің санынан табыс таппайды. Қоғам кедейлене түседі, себебі тауарды алмастыратын төменгі сапалы заттарды шығаратын салаға қарағанда, өндірістік ресурстарды өнім санын қысқартатын экономика саласында одан да тиімді пайдалануға болар еді.
Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бесеке мен монополияның тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың орташа арифметикасы болып табылмайды.

Егер рынок мына белгілермен сипатталынатын болса, онда монополистік бәсеке бар деп саналады
1. Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне олардың бәрі ұсақ сатушылар (немесе сатып алушылар) болып келеді.
2. Барлық сатып алушылар мен сатушылар рыноктагы баға туралы және сатылатын тауарлардың сипаттамалары туралы ең соңғы ақпараттарды біледі.
3. Рынокқа шығу және одан кетудің толық еркіндігі бар.
4. Сатушылардың өнімдері өртекті болып келеді. Сатып алушының көзқарасы тұрғысынан әрбір сатушының өнімі белгілі дәрежеде кез келген басқа сатушының өнімінен аздап болса да өзгешеленеді.

Төртінші белгісі шешуші болып саналады - әрбір өндіруші басқалардан гөрі өзгешелеу, бірақ алмастыруға болатын өнімдерді сатады.
Рынокта көптеген сатушылар бар, алайда, олардың әрқайсыларының өнімдері бір-бірінен басқалау және осы қызмет саласында басқа өндірушілердің сатып жатқан өнімдерімен де өзгешелеу болып келеді. Ол фабрика таңбасына қарап немесе басқаша белгі салу тәсілдерінін арқасында ажыратылады. Монополистік бәсеке моделіне қарағанда антитрестік заңнама үшін олигополия теориясы өте маңызды болып келеді. Оның негізгі постулаты былай, егер рынок бірнеше сатушылардан тұратын болса, онда барлық сатушылар белгілі дәрежеде өздерінің өзара тәуелділіктерін мойындайды. Сол себепті әрбір сатушы шығарылатын өнімнің көлемін және бағасын белгілей отырып рыноктағы өз үлесін ұлгайту мақсатында бағаны төмендетпейді деген сөз, себебі олар өздерімен бәсекелестіктегі сатушылардың да өздеріне дәл солай жауап қатып, бағаны азайтуын күтеді, сонда ғана түскен тауар тез өтетін болады.

Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:
таза бәсеке;
монополиялық бәсеке;
олигополиялық бәсеке
Таза монополия.

1. Таза бәсеке нарығын бір-біріне ұқсас {бір-бірін ауыстыра алатын) тауарлардың көптеген сатушылары және сатып алушылары құрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сұранымға бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды. Сатып алушылар өздеріне қажетті тауарларды нарықтық бағамен еркін сатып ала алатын болғандықтан, сатушылар бағаны нарықтық бағадан жоғары қоя алмайды. Бұндай нарықта пайда болу қалай оңай болса, оны тастап кетуде сондай оңай, Мысалы АҚШ-тағы ауылшаруашылығы өнімдерінің (астық, жаңа піскен көкөністер мен жемістер) нарығы осыған дәлел бола алады.
2. Монополистік (грекше "монос" - жалғыз, "полео" - сатамын) бәсеке нарығын бағаның кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады. Бұйымдар "бір-бірінен салалық қасиеттері сыртқы безендірілуі (сауда белгілері, сауда маркілері т. б. ), сонымен бірге ілесе жүретін қызметтердің жиынтығы (ассортименті) бойынша ерекшеленеді. Сатып алушылар осындай ерекшеліктсрді ескере отырып, ондай тауарлар үшін нарықта тіркелген ең жоғары бағаға дейін төлеуге дайын болады. Мұндай нарыққа киімдер нарығы, аяқ-киімдер нарығы, бөлшек сауда саласы жақын тұрады.

3. Олигополиялық (грекше "олигос" - көп емес, "полео" - сатамын) бәсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарықка ену жағдайының қиындығымен байланысты. Мұндай нарықтың елеулі белгілерінің бірі - оның қатысушыларының бағаны өсірудің ұзақ мерзімді тиімді нәтижесіне қол жеткізе алмайтындықтарында, себебі бәсекелестері оларды бағаны темендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады (мысалы, болат, алюминий) немесе дифференцияланады (жіктеледі, мысалы автомобильдер, тұрмыстық при6орлар жөні. т. б. ) .
4. Таза монополия жағдайында, жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасасу, сапасыз өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, көп еңбек сіңірмей-ақ монополиялық жоғары пайда табады. Монополиялық үстемдік ақша-қаржы жүйесінің дағдарысы, жалпылама тауар ашаршылығы кезінде экономиканың ауыр жагдайын мейлінше шиеленістіреді. Көп жагдайда монополист кәсіпорындар орасан зор жетіспеушілікті саналы түрде қоздырады, ал ол ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілетінің нашарлауына, сөйтіп тікелей зат айырбасының, (натуральды айырбас, бартер) өріс алуына әкеліп соқтырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz