Web - сайт құру кезеңдері




Презентация қосу
Дәрістің тақырыбы:

Web-сайт құру.
Сабақтың жоспары
1. Кіріспе.

2. Web-сайт түсінігі.

3. Web-сайт классификациясы.

4. Web-сайт құру кезеңдері.

5. Web-сайттың навигациялық
схемасы.
Кірісп
е
Интернет глобальді желісінің әлемге әсерін
тарихтағы ешбір процеспен салыстыруға
болмайды. Бүгінгі таңда Интернет пен World
Wide Web (қысқаша WWW) жүйесіз өмірімізді
елестету қиын. Web-сайттар құру Интернет
ресурстарын құрудың ең маңызды
технологияларының бірі. Жақсы құрылған сайт
фирманың визиткасы болып табылады.
Қазір кезде әлемдік торда бірнеше
миллиондаған Web-сайт бар және олардың саны
күнбе күн өсіп отыр. Web-сайт құруға арналған
құралдар да өте көп. Сондай құралдардың бірі
HTML гипермәтіндік тілі мен РНР программалау
тілдері болып табылады.
Web-сайт түсінігі
Интернет қолданушыларына қол
жетерлік ақпарат арнайы программа
орнатылған компьютерлерде (Web-
серверлерде) орналасады. Бұл ақпараттың
көп бөлігі Web-сайт түрінде ұйымдастырылған.
Web-сайт – Web-серверде орналасатын
өзіндік аты (адресі) бар, белгілі бір түрде
сақталған ақпарат.
Web-сайттарды қарау үшін қолданушы
компьютерлерінде браузер деп аталатын
арнайы программалар қолданылады. Кең
тарағандары: Internet Explorer, Netscape
Navigator, Mozilla Firefox, Google Chrome және
т.б.
Web-сайт түсінігі

Web-сайт өзара байланысқан Web-
парақтардан тұрады. Әрбір парақтың Internet
адресі болады, ол сайт адресі мен осы
параққа сәйкес файл атынан тұрады.
Сонымен, Web-сайт – Web-серверде
орналасқан және жеке адресі бар, өзара
байланысқан гипермәтіндік құжаттардан (Web-
парақтардан) тұратын ақпараттық ресурс.
Web-сайттар классификациясы
Web-сайттар классификациясы
Web-сайттар классификациясы
Web-сайт құру кезеңдері

Кез келген Web-сайтты құру кезінде
оның құрылымын және ақпараттық
толықтырылуын айқын түрде анықтау өте
маңызды. Басқаша сөзбен айтқанда, алдымен
Web-сайттың ақпараттық моделін құру керек.
Web-сайт құрудың негізгі кeзеңдерін атап
өтуге болады: жоспарлау, жүзеге асыру,
тестілеу, жариялау, жарнамалау,
сүйемелдеу.
Web-сайт құру кезеңдері
Жоспарлау кезеңінде мыналар анықталады: Web-сайт құру
мақсаты (Не үшін? Қандай міндеттер атқаруы керек және кімдерге
арналған?); мазмұны; құрылымы; безеңдіру ерекшеліктері.
Кез-келген парақты үш параметр бойынша бағалауға болады:
контенті, сыртқы түрі, навигациясы.
Жүзеге асыру кезеңінде сайт құрылады. Мәтіндік және графиктік
материалдар дайындалып, сайт құрылымына сәйкес файлдарға
бөлінеді. Файлдар арасында сілтемелер жасалады. Парақтың
шаблонын құрып алу ұсынылады. Кез-келген парақтан басты бетке
өту мүмкіндігі міндетті түрде болуы керек.
Тестілеу екі кезеңнен тұрады: сайттың жұмыс жасауын және
интерфейсті қолдану ыңғайлылығын тексеру.
Жариялау. Дайын Web-сайт Internet-те көрінуі үшін оны Web-
серверде орналастыру керек. Сайтты жариялаудың бірнеше әдісі
бар: арнайы іздеуге арналған Web-сайтта орналастыру, басқа
сайттармен өзара байланыстырып ұйымдастыру және т.с.с.
Сайтты сүйемелдеу. Web-сайт әрдайым жаңа материалдармен
толықтырылып, дизайны жақсартылып отырғаны жөн.
Web-сайттың навигациялық схемасы

Web-сайт өзара байланысқан гипермәтіндік
құжаттардан тұрады.
Гипермәтін – бұл кез-келген «ақпараттық
бірліктер» арасында байланыс ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін, ақпаратты сақтау және басқарудың
әдісі.
Ақпараттық бірліктер арасында байланыс
гиперсілтемелер арқылы ұйымдастырылады.
Гиперсілтеме - бұл бір құжаттан екіншісіне көшуге
мүмкіндік беретін ерекшеленген мәтін.
Гиперсілтемелерді көк түспен немесе астын сызу
белгісімен белгілейді.
Web-сайттың навигациялық схемасы оның
құрылымынан тәуелді.
Web-сайттың навигациялық схемасы

1. Сызықтық құрылым

2. Иерархиялық құрылым

а) Жіңішке терең иерархия б) Кең терең емес иерархия

3. Сызықтық емес құрылым
Бекіту сұрақтары
1. Web-сайт дегеніміз не?
2. Сайт түрлері.
3. Web-сайтты құру кезеңдерін атаңыз.
4. Навигациялық схема түсінігі.

Ұқсас жұмыстар
Программалау тілдерін пайдаланып мекеменің Web - сайтын жобалау
Web-сайттардың қазіргі заманғы динамикалық мазмұнын жобалаудың құралдары
Мастер Import Web - дайын файлдар көмегімен құрылатын сайт
Оку мақсатындағы сайтты әзірлеу және жобалау
ТАЛАПТАРДЫ АНЫҚТАУ
Интернеттің таралуы
Кирллицадан қазақшаны латинцага аударатын программа құру
Компьютерлік желілер. E-mail қызметі. Әлеуметтік желілер
Ауқымды компьютерлік желі - Интернет
ВЕБ ДИЗАЙНҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Пәндер