ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ ЖОЛДАРЫ


Slide 1

Құрмалас сөйлемнің қалыптасып даму жолдары

Орындаған: Таңатарова Алтын 5в011700 мамандығы, 3-курс, 304-топ

ҚазҰПУ

Алматы 2021

Slide 2

Құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлем түрлерін, жасалу жолдарын тексереді.

Slide 3

Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерге қарағанда күрделі ойды білдіретіндіктен, екі предикативтік орталыққа негізделеді. Бұл сөйлемдерде жай сөйлемдердегі сияқты тиянақталған интонация болмайды.

Slide 4

Құрмалас сөйлемдер кез келген жай сөйлемдердің тіркесе салуынан емес, бір-біріне мағыналық, әрі құрылымдық тығыз байланыстағы жай сөйлемдердің бір-біріне үйлесе, бағына немесе тең дәрежеде байлануысынан құралады.

Сондықтан олар бір бүтін тұлға ретінде саналады.

Бұл жөнінде Т. Қордабаев:

«Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да, аяқталған ойды білдіретін, өз алдарына бір бүтін болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компонентері интонациялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіретін, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер бұл бірліктері бұзылса-ақ олар өздерінің алғашқы мәндерінің жояды, құрмалас сөйлем құрамында тұрғанда ғана бір бүтін бола алады.

Slide 5

Құрмалас сөйлемдердің қалыптасып, дамуы бірнеше ғасырлар нәтижесі екені хақ. Бұл жөнінде Н. Сауранбаев «Қазақ тіл білімінің проблемалары атты» еңбегінде:

«Жеке сөздердің бір-бірімен байлануысы түркі тілдерінің ескі дәуірінде басталған, яғни сөздердің бір-бірімен байланысуы сияқты жеке сөйлемдерде өзара байланысатын болған. Мағына жағынан бір-біріне байланысты сөйлемдер бір-бірімен ешбір жалғаушы формасыз іргелесіп байланысатын болған, я болмаса алдыңғы сөйлемнің баяндауыш формасы арқылы байланысқан.

Кейде өте аз болса да сөйлемдердің арасы көмекші сөздер арқылы байланысатын болған. Ешқандай жалғауышсыз байланысқан сөйлемдердің арасындағы құрмаластық қатынас Орхон дәуірінде екі сөйлемнің іркес-тіркес іргелесіп айтылуынан білінген, я бір мүшенің екі сөйлемге ортақ екені білінген. Бұл соңғы екі түрлі тәсіл ескі дәуірдегі түркі тілдерінде жеке сөйлемнің арасындағы байланыстың негізгі басымы ең алғашқы жолы болып саналады. »

Slide 6

Жеке сөйлемдердің жалғаулықсыз байланысқан түрін жалпы лингвистикада паратаксис деп атайды. Олар - бүгігнгі салалас сөйлемдер.

Құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түркі болып табылатын паратаксистен кейін, тіл дамуының барысында жай сөйлемдердің өзара сабақтаса байланысқан түрі гипотаксис деп аталатын түрі пайда болды.

Тіл дамуы үрдісінде сөздерді, жеке сөйлемдерді, бір-бірімен жалғастыратын дәнекерлер алдымен пайда болған жоқ, керісінше сол дәнекер сөздерді керек ететін қажеттіліктер келіп шықты. Соның нәтижесінде сөйлемдер арасын жалғастырушы көмекші сөздер дүниеге келді.

Slide 7

Салалас құрмалас сөйлемдер түрлерінің бірсыпырасы да - ертеден қолданылып келе жатқан категориялар.

Ғалым Г. А. Абдурахманов «Қазіргі өзбек әдеби тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксис негіздері» атты еңбегінде ХҮ ғасырдың соңғы жылдарында жазылған «Жамиғ-ат Тауарих» шежіресінің тілінде құрмаластың түрлері кездесетіндігін айтады.

Қорыта айтқанда, құрмалас сөйлемнің өзара іргелес, бірақ әлсіз байланысқан алғашқы түрі, бүгінгі салалас деп аталатын түрінің, сондай-ақ сәл кейінірек келе сол салаластың негізінде құрамындағы әр сөйлемі өзара бір-біріне бағына әрі жалғастырушы дәнекерлер арқылы байланысқан сабақтас сөйлемдердің қалыптасуы, даму тарихы көне ескерткіштен басталады.


Ұқсас жұмыстар
Аралас құрмалас сөйлем туралы ақпарат
Аралас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас Көп бағыныңқы сөйлем сабақтас
Сөздердің байланысу тәсілдері
Құрмалас сөйлем және оның түрлері. ҰБТ - ға дайындық
ТЫНЫС БЕЛГІСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ. ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТІ
Салалас құрмалас сөйлем
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
КҮРДЕЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Құрмалас сөйлем түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz