Топырақты химиялық ластауыштар




Презентация қосу
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ
ШӨЛГЕ АЙНАЛУ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Орындаған: экология - 201 тобының
студенті Ақылжанова Т.Е.
Жоспары
• Шөлейттену туралы ұғым
• Шөлейттену себебтері
• Жер деградациясы
• Ақтөбе облысының шөлге
айналу проблемалары
• Қорытынды
Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің
ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас
ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүзілік климаттың
өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты
шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену
нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып,
топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық
бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының
жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының
1/5 зардап шегуі мүмкін.
Шөлейттену себебі
Шөлейттену және жағымсыз экологиялық
өзгерістерге әкеліп соғатын басты себептердің қатарына
тың игеру кезінде топырақтың жаппай жыртылуы,
шабындықтар мен мал жайылымдардың жүйесіз
пайдаланып, оталып тақырлануы, топырақ
құрылымының бұзылуы, суармалы жерлердің қайтадан
сорлануы, ормандардың жөнсіз кесіліп, өртенуі жатады.
Жер деградациясы
Деградация (латынша degradatio– біртіндеп
нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды
қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе
жойылуы, құлдырауы. Топырақ деградациясы -
кері әсерлі химиялық және физикалық жағдай
салдарынан топырақтың әрбір қасиеттерінің
нашарлауы,жойылу.
Топырақтың ластануы
Топырақтың ластануы топырақта, әдетте, оған
тән емес физикалық, химиялық немесе
биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі.
Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның
ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа
түрлері сараланады.
Топырақты химиялық
ластауыштар
Топыраққа жоспарлы түрде, Топыраққа сұйық, қатты, газ
белгілі бір мақсатқа бағытгап, тәрізді қалдықтармен бірге
қолданылған химиялық заттар кездейсоқ түскен химиялық заттар
жатады. жатады. Бұған топыраққа мал
Олар пестицидтер, минералды шаруашылығы мен өнеркәсіптен,
тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін монша, емдеу - санитариялық
реттегіштер және т.б. Бұл және малдәрігерлік мекемелерден
препараттар шамадан артық түскен ластаушы заттар.
мөлшерде болса топырақты
ластаушылар болып шыға келеді.
Топырақтың деградация
факторлары
Эрозия
Кебірлену
Тұздану
Батпақтану
Техногенді шөлдену
Дұрыс қолданылмаған аргомехника
Урбанизация процесі
Топырақтың қышқылдануы
Химиялық радиациялық ластану
Сілтсізденуі
Өндіріс қалдықтарының сақталуының реттелмеуі
Малдың жайылымда шамадан тыс жайылуы
Аймақтық топырақ өкілдерімен қатар жаралымдардың
ерекше жағдайына байланысты – интра аймақтық
топырақ түрлері кеңінен таралған, олардың ішінде сортаң,
ақ сортаң, шабындық - батпақ жəне аллювий топырақ
анағұрлым көп, ал мия сирек кездеседі.
Ақтөбе облысының топырақ жамылғысының
ластануы
Шөлейттенуге
әсер
етушілер
Қорытынды
Қазақстандағы қазіргі экологиялық – әлеуметтік жағдай мынадай
жағдайлармен байланысты, шөлді аумақтарда орналасқан
облыстардан халықтың жыл сайынғы көшіп кетуі жүздеген мың
адамдарға жетеді. Экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуы және мекен
ету ортасының жұтаңдауы салдары болып табылатын халықтың төмен
тұрмыс деңгейі, тойып тамақтанбау, жеткіліксіз медициналық көмек
көрсету, пайдалануға жарамсыз ауыз су, шаңды және тұзды борандар
халық денсаулығы, жай-күйінің нашарлауына, демографиялық
қолайсыздықтың алғы шарты болып табылатын халықтың өсуінің
азаюына алып келді. Шөлейттенуге ұшыраған өңірлерде балалар өлімі
өте жоғары деңгейде. Экологиялық-санитарлық жүктеме балалардың
дамуындағы келеңсіздіктерді, қан аздық, туа біткен
ауытқушылықтардың, жүйке аурулары, жүрек-қан тамырлары
ауыруларының негізі болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Топырақты ластаушы көздер
Топырақты өңдеудің міндеттері
Топырақты өңдеудің негізгі тәсілдері
Топырақ эрозиясы және олармен күресу шаралары
Топырақты химиялық зерттеу әдістері
Жұмыстың өзектілігі
Топырақтың маңыздылығы, қасиеттері
ОРМАН МЕЛИОРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Топырақ. Топырақ ластануы
Топырақты өндіру препараттарын алу технологиясын пайдалана отырып бизнес план құру
Пәндер