ВИТАМИНДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ


Slide 1

Витаминдердің классификациясы.

Орындаған: Лесбайұлы Бақдәулет

Курс: 1

Мамандығы: Жалпы медицина

Тобы: 119-A

Қабылдаған: Қанағат Батима

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

кафедра языковых дисциплин

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ДЛЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ОБУЧАЮЩЕГОСЯ с преподавателем

Slide 2

ЖОСПАР

Физиологиялық қасиетіне қарап витаминдерді бөлу.

Майда еритін витаминдер.

Е витамині /токоферолдар.

К витамині /филлохинондар.

Қорытынды

Slide 3

Витамин - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta - тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында. Автотрофты ағзалар да дәруменге мұқтаж болып келеді, дегенмен олар дәруменді синтез жолымен не тікелей қоршаған ортадан алады.

Тағамдар құрамында (немесе қоршаған ортада) дәрумендер саны айтарлықтай көп емес болғандытан, олар микронутриент болып табылады. Дәрумендер қатарына әдетте микроэлементтер мен алмастырылмайтын амин қышқылдары жатқызылмайды.

Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады.

Дәрумендердің көбісі коферменттер болып табылады. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.

Slide 4

Физиологиялық қасиетіне қарап витаминдерді бөлу.

1-ші организмнің жалпы белсенділігін жоғарылатушы витаминдер. Организмдер жүйке жүйесінің физиологиялық қызметін реттейді. Зат алмасу қасиетіне қатысты. Организмдер В1, В2, В5А, С витаминдері.

2-ші қасиеті: антигимфрагикалық қан тамырларының қалыпты өтікізетін беріктігін қамтамасыз етеді. С. К. П. витаминдері.

3-ші қасиеті: антианимиялық қан тамырлардың жүйесін реттейді В12, С витаминдерді.

4-ші антинфармациялық информацияға қарсы органикалық күресуін жоғарылатады және эпитемияда қорғаныш қызметін атқарады А. С витаминдері.

5-ші көру функциясын реттейтін витаминдер. Көз қарашығын ұлғаюын қамтамасыз етіп, көздің жақсы көруін реттейді А1, В2, С витаминдері.

Slide 5

Майда еритін витаминдер.

Суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде ериді. Ортаның рН мәнінің өзгеруіне, жоғары температураға тұрақты. Әдетте, пластикалық қызмет атқарады. Мал организімінде түзілмейді. Оған жататындар: А, Д, Е, К, F.

А витамині /антисерфталмалық витамин, ретинол/.

Өзінің «А витамині» деген атын 1916 - жылы алған. А витаминінің табиғи қосындылары А1, А2, А3 болып бөлінеді.

Химиялық құрылысы жағынан құрамында ς-ионон сақинасы, бүйірінде төрт қос байланысты изопреннің екі қалдығы және «ОН» тобы бар спирт болып келеді.

«А» тобындағы витаминдер - түсі сарғыш, салқын температурада кристалданатын зат. 1200-1300-қа дейін қыздыруға төзеді. Оттегі бар жағдайда ол жылдам тотығып, бүлінеді. Күн сәулесінің әсерінен молекуласы тез бұзылады.

А - витаминінің организмде жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі ауруларға әкеледі.

Организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, ол фоликулярлы гиперкератос /грек - һуреr қалыптан тыс көп, тым көп; кеras - мүйіз/ ауруына шалдығады.

Slide 6

Жұлын мен орталық жүйесінің кілегей қабаты қабыршақтанғандықтан жануарлардың жүріп-тұруы өзгеріп, бұлшық еттері босасып, тарамыстары тартылып, сал /паралич/ ауруына шалдығады.

Ұрғашы малдың қынабы мен жатырдың кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекінуі нашарлайды. Жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін. Төлі кішкентай болады. Сиырлардың жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады.

Тауықтың жұмыртқалау қабілеті төмендейді де, жұмыртқа сары уызының түсі солғынданады.

Кездің тор қабатының зақымдануы. «А» витамині жетіспесе, көздің қараңғыда жөнді көрмеуі салдарынан тауық соқырлығы немесе гемералопия пайда болады. Оның себебі мынада, көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин деген белок пен А витаминінен құралған. Жарық түскен кезде родопсин осы айтылған екі затқа бөлінеді. Қараңғыда екі зат бірігіп, қайтадан родопсин пайда болады. Ал, көздің жарық сезгіштігі осы родопсиннің шоғырлануына /концентрациясына/ байланысты.

Slide 7

«А» витамині аз болса, көздің мүйіз қабығы құрғап кетеді. Ол қабыршақтанып, кеңіп, мөлдірлігін жоғалтқаннан кейін ксерофтальмия ауруы пайда болады. Жас бөлетін бездер өзгерістерге ұшырайды. Жас ағуы азаяды. Көзге түскен шаң тозаңды жас жуып-шайып, өзінің құрамындағы лизоцим арқылы микробтарды жояды. Ал, ксерофтальмия жағдайында көздің мөлдір қабатына микробтар кіргендіктен ол қабынады, жұмсарады және онда жара /теріскен/ пайда болады. Кейін осы жараның орны ағарып, ноғала пайда болады да, көздің көру қабілеті төмендеп жанары зақымдалады. Ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. Бұл өзгерістерден соң көз жартылай, немесе толығынан көрмей қалуы мүмкін.

Каратомаляция /грек, xeratos - мүйіз, malania - жұмсару, әлсіреу/ ауруы кезінде көздің мүйізгек қабығы жұмсарып, ыдырайды. Көктемге қарсы мал /бұзау, кейде торай, қозы/ денесінде А витамині жетіспеуден, сондай-ақ титықтап арықтау салдарынан болатын дерт.

Азықтармен бірге түскен А витамині қарында өзгеріске ұшырамай ішекке барады, мұнда оның көбі сіңіріліп, бауырға келіп, қорға айналады. Бауырдан қанға А - витамині спирт түрінде түседі. А витаминінің сіңірілуі оның бауырдағы қоры мен қандағы мөлшеріне байланысты.

Каротиннің А витаминіне ауысуы негізінен аш ішек қабырғаларында, ал аз мөлшерде бауыр мен қанда болады. Ауысу каротиназа ферментінің әсерімен өтеді. Түліктердің каротинді А витаминіне ауыстыру қабілеті әртүрлі. Мысалы, ірі қара, жылқыда сіңірілген каротиннің біраз бөлігі қанның сары суында, май қоймаларында, бауырда, сүтте, ал құстарда жұмыртқада сақталады. Шошқа, қой мен ешкі оргаинзмінде оның қоры жоқ. Аталған түліктердің организмінде каротиннің болмауы оның толығынан А витаминіне ауысатынын көрсетеді.

Slide 8

Д витаминінің жетіспеуі құстарға да қатты әсер етеді. Балапандардың өсуі баяулайды, олар тұра алмай, көбінесе жатады. Осының әсерінен олардың кеуде сүйегі мен қабырғалары қисаяды, тұмсығы жұмсарып, бүгіледі. Бұлшық еттері дірілдеп, құрысады. Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқасының көлемі кішірейіп, қабығы жұқарады.

Д-авитаминозының кейінгі кезеңдерінде остеомаляция мен остеопороз белгілері білінеді. Тауықтар жүнін үрпиіп, көбінесе жерде жатады. Мекиендердің сүйектері жұмсарады. Аяқтары әлсіз болғандықтан, олар бақанда кеуде сүйегіне сүйеніп отырады. Бұл жағдайда олардың кеуде сүйегі қисаяды.

Д витаминінің жетіспеуі құстарға да қатты әсер етеді. Балапандардың өсуі баяулайды, олар тұра алмай, көбінесе жатады. Осының әсерінен олардың кеуде сүйегі мен қабырғалары қисаяды, тұмсығы жұмсарып, бүгіледі. Бұлшық еттері дірілдеп, құрысады. Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқасының көлемі кішірейіп, қабығы жұқарады.

Д-авитаминозының кейінгі кезеңдерінде остеомаляция мен остеопороз белгілері білінеді. Тауықтар жүнін үрпиіп, көбінесе жерде жатады. Мекиендердің сүйектері жұмсарады. Аяқтары әлсіз болғандықтан, олар бақанда кеуде сүйегіне сүйеніп отырады. Бұл жағдайда олардың кеуде сүйегі қисаяды.

Slide 9

Аурудың себептері:

Рационда Д витаминінен басқа, кальций және фосфор тұздары мен белок жетіспеушілігі, кейбір ішкі секрециялы бездердің зақымдануы.

Организмде Д3 витамині ащы ішекте сорылады да сүйектерге, бауырға, миға, бүйрекке және басқа органдарға таратылады.

Д витаминінің организмдегі атқаратын негізгі қызметі - фосфор мен кальцийдің алмасуын реттеу. Д3 витамині асқазанда кальцийдің сорылуын жылдамдатады.

Slide 10

Е витамині /токоферолдар.

Е витаминінің биологиялық мәнін 1922 жылы Эванс пен Бишоп тексерді. Кейнгі жылдары бидай ұрығының майынан таза түрінде активті заттар бөлініп шығарылды. Артынан жасанды түрі де пайда болды. Бұл зат Е витамині, немесе токоферол /грек, «тұқым қуалағыш»/ деп аталды.


Ұқсас жұмыстар
Витаминтәрізді заттар
Алициклды витаминдер қатары
Витаминдер классификациясы
Витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы
НАН ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Майда еритін витаминдер. Витаминдердің маңызы
Витаминдер. Витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы
Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Витаминдердің фармакологиялық үйлесімсіздігі
Микроб ферменттері, классификациясы. Микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттардың, азот,күкірт, фосфор және темір қосылыстарымен өзгеріске ұшыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz