Спорттық топтағы тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары


Slide 1

№11 дәріс тақырыбы: Спорттық топтағы тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық қағидаттары

1. Спорт - күшті білім беру құралы ретінде

2. Спорттық іс-шаралардағы оқу үдерісінің ерекшеліктері

3. Өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі басқару

Slide 2

Спорт (фр. desport - жалқу) - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады

Slide 3 Slide 4

Спорттық командалар немесе топтар арасында байланыс өте ерекше және оларды басқару үшін арнайы білім мен дағды қажет, сондықтан спорт психологиясы жалпы психологиялық білім ережелерін ескереді, бірақ негізінен өз зерттеулерінің нәтижелері бойынша сипатталады.

Ол психологияның бөлімдерін ажыратады: спортпен шұғылдану және тәрбиелеу; спортшыларды физикалық, техникалық және тактикалық даярлау; спортшының, жаттықтырушының, спорттық командалардың (топтың) жетекшісі, спорттық команданың психологиясы, психодиагностика және спорт психогигиенасы психологиялық ерекшеліктері және т. б.

Slide 5

Спорт қызметінің заңдылықтары

Дене жаттығулары біршама өзіндік ерекшеліктері бар-спорттық қызмет деп аталатын адам қызметінің жеке бір түріне айналады. Спорттық қызмет әдетте:

Slide 6

Қимылды үйрету мен жетілдірудің психикалық негіздері

Жаттығу деп - меңгерілген дағдылар, білімдер мен тәсілдерді пысықтап, жетілдіруге бағытталған дайындық кезеңін айтамыз. Жаттығудың негізгі міндеті- әдістерді жекелей және топтық тәсілдік қимылдарды жетілдіру, денешынықтыру дағдыларын, психологиялық процестерде дамыту, адамгершілік және ерік-жігерді тәрбиелеу болып табылады.

Үйрету мен жаттықтыру процесінің тәрбиелік мәні де бар. Ол спортшылар бойында-талпынушылық, көшбасшылық, шешім қабылдағыштық, балылдық, жігерлік, достық, жолдастық, ұжымдық сезімдерді тәрбиелеуге қажетті мотивация қызығушылықтың идеалдық өмірлік көзқарастың пайда болуына жағдай жасайтындай құрылуы керек. Уйрету, жаттығу және тәрбиелеу процесінде спортшы. ның өсуі, жетілуі іске асады.

Спорттық жетілу - бұл психологиялық дағдылар мен дене қабілеттерінің барынша дамуы және спортшы жеке басының жағымды қасиеттері арқылы спорттық шеберліктің жоғары денгейін қамтамасз ететін педагогикалық процесс.

Спорттық жетілу процесі кезінде мына төмендегідей психологиялық талаптарды сақтау міндетті: барлық ианымдық және басқа процестердің (сезіну, түйсіну, жады, ойлау т. б. ) белсенділігін арттыру; назардың қажетті қасиеттерін (интенсивті, тұрақтылық және т. б. ) күшейту, назарды бір нсанада екіншісіне тез аудару қабілетіне үйрету, оның тұрақтылығын арттыру әдістерін пайдалану; ерік-жігер күштеріне ынталандыру қабілетін дамыту; спортқа, оқу-жаттығу процесіне тұрақты қызығушылықты арттыру; жоғары адамгершілік, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу; спортшы жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс-әрекеттің ең тиімді жолдарын табуға көмектесетін (спорттық іс-әрекеттің түрлерін қалыптастыру; ағымдағы нәтижелердің есебі мен бақылау сынақтарын кеңінен қолдану.

Slide 7

Жаттығулардың мақсаттары орындалу үшін алдымен мынадай мәселелер шешілуге тиісті:

Өзі таңдаған спорт түрінің әдістері мен жаттығу тәсілдерін үйрену.

Адам ағзасының мүмкіншілігін жетілдіру жолында алға қойған мақсаттарды орындау.

Психиканы кемелдендіру, дұрыс тәрбие алу, мінез-құлықты қалыптастыру, спорт саласындағы озық жетістіктерді үнемі пайдаланып отыру.

Ілімге сүйене отырып жаттығуларды пайдалы ұйымдастыра білу.

Жаттығулардың тиімділігін арттыру үнемі жақсы бапта болу. Осы мәселелердің жиынтығы жаттығулардың мазмұнын байы­тады, жоғары көрсеткіштерге жол ашады.

Slide 8

Жарыс пен жаттығудың психологиялық ерекшеліктер

Жарысқа психологиялық дайындық жүйесі спортшының жарысқа психологиялық дайындығын қалыптастыруды шешетін бірқатар міндеттерді біріктіреді. А. Ц. Пуни жасаған жарысқа психологиялық дайындықтың жобалық жоспарында осы жүйе берілген.

Slide 9

Спорттық іс-шаралар өте ерекше: ол басқа әрекеттерден айтарлықтай ерекшеленеді, біріншіден, мақсаттарға, екіншіден, оларға қол жеткізу жолымен.

Спорттың психологиясы жаттығу мен бәсекелестік жағдайында жеке тұлғалар мен ұжымдардың психикалық белсенділігінің үлгілерін зерттейді.

Спорттық ерекшеліктерге: спортшылардың ерекше қасиеттерді, білім мен дағдыларды және физикалық және рухани күштердің шиеленісуі мен бәсекелестікке (жаттығуға) дайындығы кіреді.

Slide 10

Кедергілер мен қиындықтар

Кедергілер деп мақсатқа жетуді қиындататын сыртқы орта мен қызметтің обективті жағдайлары аталады. Анығырақ айтсақ, оларға: жеңіл атлет жүгірудегі барьер, шаңғы жарысындағы көтерілу, слалом трассасындағы «жабық қақпалар» және т. б. дене жаттығуларын орындау кезінде жүріп өтетін әр түрлі кедергілер жатады. Шындығында адам қандай да бір дене жаттығуын орындағанда, кңістік, уақыттық, күштік сияқты қозғалыстың сыртқы құрылымдық категорияларынан көрінетін белгілі бір кедергілерінен жүріп өтеді.

Қиындық әдетте, керекті мүмкіндіктердің қажетті резервтері жетіспегенде спортшыда пайда болатын ішкі қиналыс. Спортшының мүмкіндіктері деп оның дене, техникалық, тактикалық, психологиялық, моральдық және идеялық дайындығы және де денсаулығы білім мен әдістердің, қасиет пен дағдылардың, әдет пен нанымдардың деңгейі аталады. Қиындық спорттық қызметтің сыртқы және ішкі жағдайларынан туындайтын, олардың белгілі бір ара қатынасын айқындайтын ұғымды білдіреді. Сөйтіп, осы ара қатынастың сандық және сапалық мінездемесі бойынша қиындықтар деңгейі мен мазмұнына қарай ажыратылады. Қиындықтың биодинамикалық түріне: денелік техникалық және тактикалық түрлері кіреді. Биодинамикалық қиындықтар кедергілерді жүріп өтерде спортшыға қай нәрсенің қиын, ауыр соғатындығын көрсетеді.

Ұйымдастырушы еріктік күштер кедергілерді жеңудің психикалық қиындықтары байқалғанда, психикалық өзін-өзі реттеу әдістерінің басқа тобын пайдаланғанда білінеді. Олар: бейтаныс, бірақ эмоциональды тартымды объектіге қарау; қосымша қимылдарға, енді болатын қозғалыстарға назар аудару; видеомоторлық дайындық, әдісті, тәсілді бақылау, тыныс алуды реттеу, қарсыласын бақылау, тактикалық мәселелерді шешу т. с. с. жатады.

Сонымен, спорттағы еріктік күш - бұл кедергілерді жеңуде адамның күшін және қызметін ұйымдастырушы және жұмылдырушы психикалық және дене мүмкіндіктерінің сапалы ширығуы.

Slide 11

Психореттеу әдістерінің пайда болуы және дамуы

Адамның сөздердің көмегімен және соларға сәйкес ойлану бейнелері арқылы адамның өзіне-өзі әсер етуін психикалық өзін-өзі реттеу деп атаймыз.

Мысалы, егер «лимонның сулы қышқыл бөлігі» десек, онда біздің ауызқуысымызда еріксіз сілекей бөлінеді. Немесе «мен тоңдым» деп өзі суықта тұрғандай сезініп, денесінің тері қабаты тоңазуы мүмкін. Осындай мысалдар өте маңызды екі қорытынды жасауға көмектеседі. Бірінші: сөздердің тұрақты серіктері - ойша бейнелер болып табылатындығы. Екінші: сөздер өздерінің ойдағы бейнелері арқылы біздің ағзамызға әсер ете алады.

Психикалық өзін-өзі реттеудің негізгі екі бағыты-өзін-өзі сендіру мен өз-өзіне деген сенімділік болып табылады. Өз-өзіне деген сенімділік деп өзіне-өзі логикалық ойындардың көмегімен әсер етуін айтамыз. Ал, өзін-өзі сендіру кезінде логиканы қалыптастырмай санаға әсер ете алатын күшті психикалық процесс сенім пайдаланылады. Мысалы, адам бөлмеде отырып, ең көп логикалық ойларды пайдаланса да, осы сәтте теңіз жағасында жатқандай сендіре де сезінеде алмайды. Ал бірақ мұндай жағдайдың мүмкін болатындығына сендіре алады. Жарақат алғанда аяғым ауырмайды деп өзіңді сендіре алмайсың, бірақ өзін-өзі сендіру көмегімен ауырғанды сезінуге тырысуға болады.

Slide 12

Жарыс жағдайындағы психикалық қалыптарды реттеу мен өзін-өзі реттеу тәсілдері

Спортшыны жарысқа психологиялық дайындау жүйесі оның психикалық қалыптарының реттеу мен өзін-өзі реттеудің алуан түрлі тәсілдерін біріктіреді. Бұл тәрсілдердің көп түрлілігін төмендегідей топтастыруға болады:

Slide 13

Өзін-өзі танудың мәні неде?

өзін-өзі тану -

тұлғаның психикалық

және психологиялық

денсаулыққа ие

болуының шарты

өзін-өзі тану -

тұлғаның өзін-өзі

дамытуының,

оның өзін-өзі

жүзеге асыруының

жалғыз жолы

өзін-өзі тану -

ішкі үйлесімділікке

және психологиялық

кемелдікке ие

болудың құралы

Slide 14

Қоғамды ізгілендіру - XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы

Өзін-өзі тану пәні - жалпы білім беру мектептерінде, институттарда, университетте (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық процесс

Өзін-өзі тану - бұл өзін, өзінің әлеуетті және өзекті қасиеттерін, тұлғалық, интеллектуалдық ерекшеліктерін, мінез қырларын, өзге адамдармен өзінің қарым-қатынасын тану процесі

Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Тарихы

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.

Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Австралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.

Қытай жерінде біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.

Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері - күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т. б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған. Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.

Slide 19

Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б. з. б. ІV - ІІІ ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді.

Түрік қағандығы дәуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған.

VІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады.

Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт жарыс ойындары бар.

Slide 20

1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйірмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшімен спорт алаңдарын, әскери даярлық ісіне жаттығу өткізетін орындар жасады. 1920 жылы 1 қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласында дене тәрбиесі нұсқаушылары және ұйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кісі қатысты. Оның тең жартысынан көбі қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазіргі Атырау), Орал, Верный (қазіргіАлматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семейқалаларында ірі спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетісу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесін дамыту мақсатында 1925 жылы Семей қаласында арнаулы спартакиада өтті

Slide 21

Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қалаларында да ұйымдастырылды. 1928 жылы Петропавл қаласыннда Бүкіл қазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтерді. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкіндік берді. Дене тәрбиесінен ұлттық кадрлар даярлауға көңіл бөліне бастады. 1932 жылы Алматыда дене тәрбиесі техникумы ашылды. 1934 жылы республикалық ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкілқазақстандық 1-спартакиада өтті. Қазақстан К(б) П-нің 1937 жылы өткен 1 съезі дене тәрбиесі мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсуді атап көрсетті. 2-дүниежүзүлік соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, оның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елімізде 1, 5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиеленді

Slide 22

•1945 - 56 жылдары Қазақстанда дене тәрбиесі ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсіп шықты.

•1945 жылы Алматыда дене тәрбиесі институты (Қазақ физкультура институты) ашылды.

•1946 жылы Шоқыр Бөлтекұлы "Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бірінші болып спорт шебері деген дәрежеге жетті.

• 1950 жылы Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 жылы бұл

ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертілді.

•1951 жылы "Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап "Қайрат” деп аталды.

•1956 жылы Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өтті.

•Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А. Артеменко 1956 жылы Италияның Кортина Д’Ампеццо қ-нда өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е. Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгіруден сынға түсті. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңіл атлет Ғ. Қосанов 1960 жылы Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4-10 м-лік эстафеташылар жарысында күміс жүлдені иемденді.

•Елімізде қысқы спорттың дамуына 1951 жылы ашылған әйгілі Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешені) үлкен ықпал етті. Мұнда көптеген дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК "Шахтер”, "Болат”, "Динамо”, т. б. ) құрыла бастады.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Зерттеудің өзектілігі
Ғылыми дүниетаным оқушының интеллектуалды дамуының негізі ретінде
Қазіргі заман талабына сай ойын түрлерін сабақ барысында қолдана білуді үйрету
Тәрбие мақсаты
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
ҚАҚТЫҒЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНЕ ДӘРІГЕРЛІК
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың жолдары
Мұғалімнің құзыреттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz