Қозғалтқыштың ақаулары




Презентация қосу
Тақырыбы
Қосиінді-бұлғақты механизміне
техникалық қызмет көрсету
және жөндеу.
Техникалық қызмет көрсету
түрлері

Бірінші техникалық қызмет көрсету (тқк-1) - көлік құралдарын
тораптарындағы ақауды кезінде орындау бақылау-диогностикалық,
майлау, бекіту, реттеу және басқада жұмыстарды белгілі уақыт
аралығында немесе белгілі жүрістен соң ақаулар мен істен шығуды
анықтауға арналған техникалық қызмет.
Екінші техникалық қызмет көрсету (тқк-2) - техникалық қызмет
көрсету; бірінші техникалыққа ұқсас, бірақ біршама жұмысы
күрделі, негізінен біріншіге қарағанда төрт есе сирек өткізіледі.
Күнделікті техникалық қызмет көрсету (ктқ к ) - жол
қауіпсіздігі және сыртқы қалпын сақтау, жанармайын қарау,
майлау, салқындатқыш сұйықты толықтыру көлік құралдарының
жалпы бақылау техникалық қызмет көрсету.
Маусымдық техникалық қызмет көрсету (МҚ)- автомобильді
суық не- месе жылы мезгілде пайдалану мақсатында жылына екі
рет жүргізеді.
Күнделікті техникалық қызмет көрсету (КТҚ)
кезінде атқарылатын жүмыстар:
— автомобильге жинастыру, жуу жүмыстарын жүргізу;
— автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін жүйелері мен механизмдерінің
техникалық жағдайын қадағалау (рульдік басқару, тежеу жүйесі, жарықтандыру аспаптары
жэне сигнализациялар);
— жанармай құю;
— жүйелердегі майдың, салқындату сұйығының деңгейін тексеру. Жинастыру-жуу
жұмыстары — шанақты, кабинаны жинастыру,
автомобильді жуып кептіру, айналарды, фарларды, жарықтандыру аспап- тарын, сигналдарды,
нөмірлік белгілерді тазалау.
Бақылау жүмыстары бақылап қарау жұмыстарында кабинаның есігінің, платформаның,
терезелердің, айнаның, нөмірлік белгінің жағдайын тексереді. Рессордың, дөңгелектердің,
тіркеме құрылғысының тетіктерінде ақаудың жоқтығына көз жеткізеді. Жарықтандыру
аспаптарының, терезе тазалағыштың, желдету жүйесінің жұмыс істеу қабілетін тексереді.
Рульдік басқарудың гидрокүшейткішінің ақаусыздығын, тежеу механизмінің, іліністің жүмыс
істеу тәртібін тексеру.
Автомобильдің қозғалысы кезінде спидометрдің, таксометрдің және басқа да бақылау-өлшеу
аспаптарының жұмыс істеуін тексереді.
Майлау және құю жүмыстары. Күн сайын қозғалтқыштың картеріндегі жэне
гидромеханикалық беріліс қорабындағы майдың деңгейін, ілініс жэне тежеу жүйелерінің
жетектеріндегі сұйықты тексеру.
Автомобильді тұраққа қоярдың алдында жанармай және де басқа сұйықтармен толтырып қою.
Техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1) — автомобильдің техникалық ақаусыз
қалпын сақтауға, оның құрылысында пайда болған ақауларды айқындауға,
белгіленген кешенді жұмыстарды орындау арқылы тетік- тердің қарқынды
тозуын төмендетуге арналған.

ТҚ-1 кезінде орындалатын жұмыстар:
— тексеру және жай-күй анықтау (диагностика);
— бекіту-реттеу;
— майлау-тазалау;
— электротехникалық;
— арматуралық және басқа да жүмыстар.
ТҚ-1 жұмыстарын орындауға жұмсалатын еңбек қажеттілігі жеңіл
автомобильдер үшін 2,5 — 4,5 адам/сағ., жүк автомобильдері үшін
— 2,5-6,5 адам/сағ. Мысалы, берілген автомобильге ТҚ-1 жүргізу
үшін
3.5 адам/сағ. қажет етілетін болса, оны бір адам орындаған
жағдайда
3.5 сағат жұмыс істер еді. Техникалық қызмет көрсету жұмысы
арнаулы орында аткарылатындықтан, ондағы 3-4 орында тұрған
эртүрлі мамандар 5-10 минутта бітіреді. ТҚ-1 ауысым аралығында
орындалатындықтан, ол күні автомобиль жұмыстан босатылмайды.
Техникалық қызмет көрсету (ТҚ-2) жұмыстарының мағынасы
да ТҚ-1 сыяқты, тек айырмашылығы — тереңдетіліп тексеріліп, көп
жұмыс атқарылады.
ТҚ-2 орындауға жеңіл автомобильдер үшін 10-15 адам/сағ., ал жүк
автомобильдері үшін 10-20 адам/сағ. қажет етіледі.
ТҚ-2 жүргізу үшін автомобиль бір тэулікке дейін пайдаланылмауы
мүмкін.
ТҚ-2 жүргізгенде кейбір бақылау-күй анықтау жэне реттеу
жұмыстарын, автомобильден шығарылып, арнаулы аппараттарда
реттелетін тетіктерді тексеретін жұмыстар орындалады. Қажетті
жағдайда қозғалтқыштың, трансмиссияның майы ауыстырылады.
Карбюратор, газ редукторлары, жанармай сорғысы, бүріккіштер,
генератор, релелер автомобильден шығарылып, арнаулы орындарда
тексеріледі.
ТҚ-2 жұмысы автомобильді жылы сумен жуып, кептіріп, матамен
сүртумен аяқталады.
Қозғалтқыш қызметі

Энергияны (жылу, электр, т.б.) механикалық
жұмысқа айналдыратын машинаны қозғалтқыш деп
аталады. Автомобильдерде поршеньді төрт тактылы
бензинді (карбюраторлы) және дизельді іштен жану
қозғалтқыштарын қолданады.
Әлемдегі автотрактор өнеркәсібі бензинді және
дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің
жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбат
компьютерлі жүйелермен жабдықтау қажеттігі
көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген
газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық
стандартты енгізулермен түсіндіріледі.
Қозғалтқыштың жалпы құрылысы

Автомобильдердің іштен жанатын жылу қозғалтқыштары ең көп
тараған қозғалтқыштардің бірі болып есептеледі. Жанар май
олардың цилиндрлерінің ішінде жанып, оның жануынан пайда
болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.
Қолданылатын отын түрлеріне қарай қозғалтқыштар тез
буланғыш сұйық отын— бензинмен жұмыс істейтін
карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс істейтін —
дизельдік; автомобильдің өзінде баллонда сақталатын сығылған
немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газбаллонды түрлерге
ажыратылады.
Қозғалтқыш бірқалыпты жұмыс істеуі үшін цилиндрлерге
жанғыш қоспабелгілі пропорцияда (карбюраторлы двигательде)
немесе отынның белгілі бір мөлшері нақты бір кезеңде жоғары
қысыммен (дизельді қозғалтқыштарда) берілуі тиіс. Үйкелісті,
отын жіберуді, сызылып мұқалуды және тез тозуды болдырмау
және жұмыс шығынын азайту үшін үйкелетін детальдар
майланады. Цилиндрлерде қалыпты жылу режимін жасау
мақсатында двигатель салқындатылады.
Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету

Күнделікті техникалық қызмет
көрсету (ЕО). Қозғалтқышты ластан
тазартып, оның жалпы жағдайы
тексеріледі. Қозғалтқыштың ласын
қырғышпен тазартып, керосинге малынған
щеткамен жуып, артынан құрғатып
сүртеді. Қозғалтқышты бензинмен жууға
болмайды, өйткені одан өрт шығып кетуі
мүмкін. Қозғалтқыштың жалпы жағдайын
жай көзбен байқап және әр түрлі
режимдерде жұмыс істетіп тыңдап
қарайды.
Бірінші техникалық қызмет
көрсету

Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТО-1).
Қозғалтқыш тіректерінің бекітуін тексереді.
Цилиндрлердің қалпақшасының, картер
табанаың, иінді білік сальнигінің жалғасқан
жерлерінің жымдасуы тексеріледі.
Қалпақшаларының тығыз жатпауы цилиндр
блогы қабырғаларынан май ағатынын білдіреді.
Картер табаны мен иінді білік сальнигінің тығыз
жатпауын майдың ағатыны арқылы айырады.
Қозғалтқыштың тірегінің бекітілуін тексергенде
гайкаларының шплинттерін босатып алып,
мықтап тартқаннан кейін қайтадан шплинттейді.
Екінші техникалық қызмет
көрсету

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТО-2).
1. Цилиндрлер қалпақшасының бекіту гайкаларын
тартып бекітеді. Алюминий қорытпасынан жасалған
цилиндрлер қалпақшасының болттарын қозғалтқыш
салқын уақытта динамометр немесе шофер
құралдарындағы қарапайым кілтпен қосымша
сұғындырманы қолбанбай-ақ тартып бекітеді.
Бұрандалы қосылыстарды бір қалыпты, жұлқымай
әрбір қозғалтқышқа лайықты тәртіппен бекітеді.
Блоктың қалпақшасының гайкаларын ортадан бастап
шетіне қарай белгіленген тәртіппен тартып бекітеді.
Қозғалтқыштың ақаулары

Кривошипті шатунды механизмнің ұзақ әрі қалыпты жұмыс істеуі
ондағы детальдардың күйіне байланысты. Автомобильдерді
пайдаланған кезде, олардың бірқалыпты жұмысы кейбір ақаулардың
пайда болуы салдарынан бұзылуы мүмкін. Мұның ең бастылары-
детальдардың үйкелетін беттерінің тозуы, цилиндрдегі компрессияның
төмендеуі, май мен судың ағуы. Деталдардың тозуының сыртқы
белгісіне жататындары – қозғалтқышта естілетін тарсыл, майдың тым
көп жұмсалуы, пайдаланылған газдың түтінденіп шығуы, қозғалтқыш
қуатының кемуі.
Қозғалтқыш жұмысын стетоскоппен тыңдауға да болады. Стетоскоп
металл стерженьге жалғанған наушник. әр түрлі детальдардың өзіндік
тарсыл үндестілігі болады. Мәселен, айқын естілетін, иінді біліктің
айналу жиілігі артқан сайын күшейе түсетін металл тарсыл – поршень
саусақтары немесе олардың втулкалары тозған жағдайда байқалады.
Қатаң, айналу жиілігі күрт өзгергенде құбылып тұратын дыбыс блок
картердің төменгі бөлігінде естіледі, бұл – шатунның немесе түпкі
подшипниктердің тозғанын аңғартады.
Поршень сақиналарының тозу белгісі цилиндрдегі компрессияның
төмендеуі және картер майының шамадан тыс көп жұмсалуы
салдарынан қозғалтқыш қуатының кемуі, өйткені мұндай жағдайда
компрессиялық сақинаның поршень астындағы қуысқа май айдайтын
насостың әрекеті күшейеді.
Шығару түтігінен көгілдір түтін шығуы цилиндрлер гильзасының,
поршеньдердің және олардың сақиналарының тозуы немесе поршень
сақиналарының кокстенуі салдарынан жану камерасына майдың
құйылғандығын аңғартады. Ақ түтіннің шығуы су тысынан цилиндрге
су құйылғандығын көрсетеді. Цилиндрлерге судың ағуын тоқтату
үшін цилиндрлер қалпақшасын бекітетін гайканы қатайтып бұрайды.
Гайкаларды бұрап қатайту үшін динамометрлік кілтпен мынадай екі
үш амалды қолданады. әуелі гайкалардың ортасынан бастап, сонан
соң оң жағы мен сол жағын кезекпе кезек, ең соңында шеткі
гайкаларды бұрайды.
Су немесе май аққан жағдайда барлық бекіткіш болттарды қатайтып
бұрайды, ал егер бұдан көмек болмаса, онда бұзылған төсемдерді
немесе нығыздағыштарды алмастырады. Қозғалтқыштың ішіне шаң
тозаң кіруін болдырмас үшін, тозған детальдарды ауыстыруды
шеберханада жүргізеді. Бөлшектер алдында шебер наладчик
қозғалтқышты диагностикалық құрылғымен тексереді.
Қосиінді-бұлғақты механизмнің негізгі
ақауларына:
цилиндрдің, поршеньнің, поршеньдік
сақиналардың, поршеньдік саусақтардың, бұлғақ
басының төлкесінің, бұлғақ жэне түпкі
мойынтіректердің, иінді біліктің мойындарының
тозуы болып келеді.
Қосиінді-бұлғақты механизмнің негізгі
ақауларына поршень сақиналарының сынуы,
поршеньдердің сыналануы, ішпектердің бұзылуы,
цилиндр бетінде ойықтардың пайда болуы,
цилиндр блогы мен блок басының сынуы жатады.
Пайдаланған әдебиеттер

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас
редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «
Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы,
1998 VIII том
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік:
Физика / Жалпы редакциясын басқарған
э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С.
Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті, 2006.
з ға
ң ы
р ы ! !
л а т !
за р м е
На а х
р

Ұқсас жұмыстар
Қозғалтқыштың негізгі ақаулары
ЖЕЖ жүйесінің негізгі қағидалары
КАРБЮРАТОРЛЫҚ ДВИГАТЕЛЬДІҢ ЦИЛИНДРЛІ – ПОРШЕНДІ ТОБЫНА ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Газ тарату жүйесінің құрылысы мен жұмысы
Сабақты пысықтау
Автомобильдің басты берілісі, дифференциалы және құрылысы
Қозғалтқыштың реттеу сипаттамасы тұрғызу және жылу есептемесі
Жану процесі
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің құрылымы және бөлшектерінің конструкциясын жобалау
ОТАЛДЫРУ ЖҮЙЕСІ
Пәндер