Ток көзі



Қонаев атындағы аграрлық-техникалық
колледжі
Сабақтың тақырыбы:
«Электр тізбек түрлері. ».
ОНЛАЙН САБАҚ
Курс: ІІІ
Тобы: Эгд 9 - 181
Оқытушы: Юлдашбеков Отабек
Пәні: Электротехника

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа тақырып
ІV. Сабақты пысықтау
V. Сабақты бекіту
VІ. Қорытынды
VIІ. Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы


Сабақтың тақырыбы: Электр тізбек түрлері. Ом заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Электротехниканың негiзгi ұғымдары, заңдарын және әдiстерін игеру;
Дамытушылық - Тізбек құруға қажетті жабдықтармен таныстыра отырып, өткізгіштердің тізбекке жалғану әдістері мен оларды есептеу жайлы мағлұмат алуға оқушыларды бейімдеу
Тәрбиелік -Электр тізбегі жайлы және оның жұмыс тәртібі туралы түсіндіруде оқушыларды ұқыптылыққа және шынайылыққа тәрбиелеу.

Оқыту формасы: сабақ, жекелей, топтық
Пәнаралық байланыс: физика, химия, материалтану
Оқыту тәсілдері: баяндау, лекция, көрсету
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қ. Қосыбаев «Электротехниканың қысқаша анықтамалығы» Фолиант
2. В. Алиференко, В. Яшный «Электротехника»
3. М. Исаханов, Ш. Өмірзақов «Электр машиналары»
4. М. Айтимов «Электротехника»
5. Интернет желісінен ustaz. kz сайты
Пайдаланылатын көрнекіліктер: плакат, макеттер, оқулықтар, тест тапсырмалары, видеороликтер, слайдтар.


Электротехника - электр және магнит құбылыстарын іс жүзінде қолданатын ғылым


Өткізгіштер
Өткізгіштер- электр тогын жақсы өткізетін, электр өткізгіштігі жоғары заттар.
Өткізгіштерге металдар, электролиттер және плазма жатады.


Электр кедергісі
Электр кедергісі - өткізгіштің электр тогының өтуіне қарсы әсерін сипаттайтын физикалық шама. Тұрақты ток өтетін тізбектің электр кедергісі өткізгіштің материалына, оның пішініне және сыртқы жағдайларға тәуелді болады. Өткізгіштің электр кедергісі R әрпімен белгіленеді. Өлшем бірлігі Ом. Электр кедергісін өлшейтін құрылғы омметр.


Затта электр өрісін тасымалдайтын бөлшектер жоқ болса, бұндай зат диэлектрик деп аталады. Яғни тоқты тасымалдай алмайтын, тоқты өткізбейтің заттар диэлектриктер деп аталады. Мысалы шыны, резенке диэлектрик болады.
Резенке тоқты өткізбейді, сондықтан резенкеден жасалған қолғаптарды тоқтан қорғайтын зат ретінде пайдалынады:

Тұрақты ток туралы мәлімет беріңіз?.

Тұрақты ток - ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы.
Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады.
Тұрақты ток көздеріне электр машиналарының генераторы, гальвани элементтері, термоэлементтер, батареяларға топтастырылған фотоэлементтер, күн көзінің батареялары, алдын ала зарядталған аккумуляторлар жатады.
Тұрақты токты жартылай өткізгіштердің және басқа түзеткіштердің көмегімен, айнымалы токты түзету арқылы өндіруге болады.

ІІІ. Жаңа тақырып:
ЭЛЕКТР ТІЗБЕК ТҮРЛЕРІ.
Электр тогы дегеніміз - зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысына айтылады.
Электр тогы пайда болу үшін және ұзақ сақталуы үшін қажетті шарттар:
1. Өткізгіште зарядталған денелерге белгілі бір күшпен әрекет ететін тұрақты электр өрісі болу керек.
2. Еркін электр зарядын тасымалдаушылар
3. Электр өрісін тудыратын құрылғы, ток көзі керек

Ток көзі

Электр тізбегі - электр тогын өткізетін құрылғылардың жиынтығы. Электр тізбегіндегі электромагниттік процестер ЭҚК-і, электр тогының күші мен кернеуі арқылы сипатталады. Полюстеріне потенциалдар айырмасы түсірілген қандай да бір екі қысқышты бір-бірімен қосатын (жалғастыратын) сым Электр тізбегінің қарапайым түріне жатады. Атқаратын міндетіне қарай электр тізбектерін: энергия не сигнал көзі бар бөлікке, қабылдағышы бар бөлікке және басқа бөліктерді өзара қосатын бөлікке ажыратуға болады. Электр тізбегіндегі өткізгіштер өзара тізбектей, параллель не аралас жалғастырылуы мүмкін. “Электр тізбегі” ұғымы радиотехника, электротехника, бионикада, т. б. қолданылады.

Электр тізбек түрлері
Электр тізбегінің негізгі элементтері:
Электр энергия көзі (яғни, гальваникалық элементтер, аккумулятор, генератор), жүктеме (электр лампочкасы, қыздыру аспаптары, электр қозғалтқыш және т. б. ) қосылыс өткізгіштері.

Гальваникалық элементтер
Жүктемелер

Электротехникадағы шартты белгілер

Электр тізбек түрлері
Электр тізбегі ашық және жабық түрде болады. Электр тогы тек қана жабық тізбекте ғана болады. Әр қандай жабық тізбекті екі бөлікке бөлу мүмкін. Сыртқы және ішкі.
Сыртқы бөлік - бұл электр энергиясын қабылдаушы жалғастырушы өткізгіштер, түрлі электр өлшеу аспаптары.
Ішкі бөлік - бұл электр тізбек қоректендіру көзі және оның кедергісі.

Электр тізбегінің ашық және жабық түрдегі схемалық көрінісі
Ашық электр тізбегі
Жабық электр тізбегі

Қарапайым электр тізбегі
Қарапайым электр тізбегі - қоректендіру көзі, өткізгіш, электр шамы, бұдан бөлек сұлбада қосу және ажырату үшін кілт, ток күшін өлшеу үшін амперметр және кернеуге вольтметр көрсетілген.

Электр тізбегінің тізбектей және параллель жалғануы


ІV. Сабақты пысықтау


Электр тогы дегеніміз - зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысына айтылады.


Электр тізбегі - электр тогын өткізетін құрылғылардың жиынтығы.


Электр тізбек түрлері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz