Меншікті кедергі: сабақ жоспары және практикалық тапсырмалар


Slide 1

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Меншікті кедергі туралы оқушыларға алғашқы түсініктер беру, жаңа білімді қалыптастыру. 2. Дамытушылық. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік. Оқушыларды сүйіспеншілікке, белсенділікке, шапшаңдыққа, еңбекшілдікке, ізденімпаздаққа тәрбиелеу. Ақтөбе қаласы №40 орта мектеп. Бурибасова Г. А физика пәнінің мұғалімі

6. 03. 2015ж

Сабақ тақырыбы: Меншікті кедергі

Slide 2

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжірибе жасау және формула бойынша есептер шығарту. Құрал-жабдықтар: Вольтметр, амперметр, реостат, Главучтехпром приборы, айырып-қосқыш, тоқ көзі, өткізгіш сымдар.

Slide 3

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (топқа бөлу)

Амперметр

Вольтметр

Реостат

Slide 4

ІІ. Қызығушылығын ояту (Үй тапсырмасын тексеру) Перфокартамен жұмыс

Slide 5

ІІІ. Мағынаны тану ( Жаңа сабақ)

Кедергі өткізгіштің қандай

қасиеттеріне және қалай тәуелді?

Slide 6

1 - тапсырма

Амперметр тобына

Жуандықтары бірдей, бірақ ұзындықтары әртүрлі никелин сымдар, мұны анықтау үшін сапалық мәтінді есеп беріледі.

Ұзындығы 1 м никелин сымның кедергісі неге тең, егер кернеуі 0, 2 В және ток күші 0, 2 А болса.

Бойымен 0, 5 А ток өтіп тұрған ұзындығы 50 см никелин сымның кедергісін есепте, кернеу өзгермейді деп алып U=0, 2 В.

Slide 7

2 - тапсырма

Вольтметр тобына

Ұзындықтары бірдей, бірақ жуандықтары (көлденең қималарының аудандары)

әртүрлі никелин сымдар

(Тәжірибе жасау)

Slide 8

3 - тапсырма

Реостат тобына

Ұзындықтарыда, жуандықтарыда бірдей никелин және мыс сымдар

(тәжірибе жасау)

Slide 9

Өткізгіш кедергісі оның өлшемдеріне және материалына тәуелді болатындығын алғаш тәжірибе жүзінде зерттеген Ом.

Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына яғни тура пропорционал,

Өткізгіштің кедергісі оның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал, яғни

Өткізгіштің кедергісі оның материалына байланысты, яғни

Slide 10

Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды. Меншікті кедергіні әрпімен белгілейді.

Халықаралық жүйеде (SI) меншікті кедергінің өлшем бірлігі Ом. м

Ұзындығы 1 м, көлденең қимасының ауданы 1 м2 болатын белгілі бір материалдан жасалған өткізгіштің кедергісіне тең.

Қимасының ауданы 1 м2 өткізгіштер болмайтындықтан, меншікті кедергіні SI жүйесінен тыс бірлікпен өрнектейді: Ом. мм2/м

Slide 11

күміс 1, 58*10-8

Никелин 4, 2*10-7

Мыс 1, 68*10-8

Манганин 3, 9*10-7

Темір 9, 9*10-8

Нихром 1, 05*10-6

Алтын 2, 2*10-8

Платина 1, 05*10-7

Жез 6, 3*10-8

Қорғасын 2, 07*10-7

Никель 7, 3*10-8

Қалайы 1, 13*10-7

Мырыш 5, 95*10-8

Фарфор 1019

Константан 4, 7 *10-7

Эбонит 1020

8 - кестеде кейбір заттардың 20°С - тағы меншікті кедергілерінің мәні берілген. Ом*м

Slide 12

IV. Есептер шығару

№1 карточка

Қимасы 10мм2 алюминий сымның кедергісі 0, 032 Ом болу үшін одан неше метр алу керек?

№2 карточка ( Кітаппен жұмыс)

19 - жаттығу №1

1800 м тереңдіктегі бұрғылау ұңғымасына токты жеткізетін сымның көлденең қимасының ауданы 6, 2 мм2, жалпы кедергісі 4, 7 Ом. Сымның меншікті кедергісін анықтаңдар.

№2.

Көлденең қимасының ауданы 10мм2, ұзындығы 200м мыс өткізгіштен электр сымы жасалды. Оның кедергісі қандай. . ?Осындай кедергіге ие болатын алюминий өткізгіштің көлденең қимасы қандай болуы тиіс. ?

Slide 13

№7

Электр пешін кернеуі 220В-тық желіге жалғағанда, ондағы ток күші 5А болатындай диаметрі 1, 2 мм нихром өткізгішінің ұзындығы қандай болуы тиіс?

Сапалық есептер

Бір бөлек сымды екіге бөліп, бөліктерді өзара еседі. Өткізгіштің кедергісі қалай өзгерді?

Кедергісі R сымды созғыш станок арқылы өткізу нәтижесінде оның қимасы екі есе кеміді де, ал оның көлемі өзгерген жоқ. Сымның кедергісі неге тең?

Slide 14

V. Ой қорыту ( Қорытындылау)


Ұқсас жұмыстар
Меншікті кедергі және Ом заңы: 9 А сыныпқа практикалық сабақ және есептер
Электр тізбегі және өткізгіштер: электр қозғаушы күші, ток, кернеу, кедергі, меншікті кедергі және электролиз
Паскаль тілінде бағдарламалау: практикалық сабақ жоспары мен тапсырмалар
Интернет негіздері мен электрондық пошта: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
Ұлулар типі: сабақ жоспары, сұрақтар және практикалық тапсырмалар
Қысым тарауын қайталау: сабақ жоспары, есептер және практикалық тапсырмалар
Microsoft Excel-де деректермен жұмыс: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
WordPad арқылы мәтінді пішімдеу: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
Координаталық жазықтық: сабақ жоспары, теория мен практикалық тапсырмалар
Paint графикалық редакторының қосымша мүмкіндіктері: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz