Фрезерлеу процесі, фрезерлік станок түрлері және баптау әдістері


Slide 1

Фрезерлеу - дайындама беттерін фреза деп аталатын көп жүзді аспаппен өңдеудің кең тараған және өндіріс өнімділігі жоғары тәсілі. Бұл процесте негізгі айналмалы қозғалысты аспап, ал беріліс қозғалысын дайындама жасайды. Фрезерлік станок - өнеркәсіптік станок, сыртқы және ішкі беттерін өңдеу, түрлі типтегі бұдырларды және ою дайындау үшін арналған механизмді станоктар түрі. Фрезерлеу станоктарында: 1. Горизонталь 2. Вертикаль 3. Еңкіш жазықтықтарлы 4. Фасон беттерді 5. Әр түрлі профильді саңлаулар мен көртіктерді өңдейді. Фрезаның айналу және дайындаманың беріліс қозғалыстары бағыттарына қарай фрезерлеу 1. Қарама-қарсы фрезерлеу 2. Жолшыбай фрезерлеу Қарама-қарсы фрезерлеуде үстелге бекітілген дайындаманың беріліс және цилиндрлі фрезаның айналу бағыттары қарама-қарсы болады. Бұл жағдайда фрезаның әрбір тісіне түсетін күш бірқалыпты болады. Жолшыбай фрезерлеу әдісі суретте көрсетілген. Мұнда фрезаның тістері дайындамаға соққы арқылы енетіндіктен, бұл әдісті кәсібі кем таза өңдеуге қолданған жөн.

Slide 2 Slide 3 Slide 4 Slide 5

Машина бөлшектерінің беті жиі күрделі болып келеді, жазық, фасонды, әртүрлі элементті, яғни ойық, кертік, қисық сызықты бунақты т. с. с. Мұндай бөлшектерді арнайы фрезерлік станоктарда фреза көмегімен орындайды. Фрезерлік станоктар металл кескіш станоктардың 6-шы тобына жатады. Құрылымы бойынша олар әр түрлі болады. Фрезерлік станоктар ішінде кең тарағандарына жазық және қисық сызықты беттерді өңдеуге арналған консольды фрезерлік, тік және бойлық, сонымен қатар көшіру фрезерлік станоктары кең таралған.

Slide 6

Фрезерлік станокта жазық және фасондық беттерді өңдеуге, бұранда жонуға, тістер мен шлицтер жонуға және бұрғылау, қайта бұрғылау жұмыстарын жүргізуге болады.

Фрезерлеу арқылы алынатын беттер

а

Slide 7

Фрезерлік станоктарда орындалатын негізгі операциялар

а, б - көлденең беттерді фрезерлеу; в, г тік беттерді фрезерлеу; д, е - еңкіш беттерді фрезерлеу; ж, з, и - ойықтар мен бунақтарды фрезерлеу; к - фасондық беттерді фрезерлеу

Slide 8

Фрезерлік станокты басқару және баптау

Фрезерлік станокты баптау фрезаны бекіту және әр түрлі айлабұйымдар машиналық қысқы, қондырмалы сақиналы оправка және және ұстағыш болттар көмегімен дайындаманы бекіту жатады.

Slide 9

Қысқыны станокқа бекіту

Айналмалы машиналық қысқылар станок жинағы құрамына кіреді. Әртүрлі өлшемдегі болттар арқылы станок үстеліне орнатылып, оған дайындама бекітіледі.

Slide 10

Қысқының станок үстеліне орналасу дұрыстығын бақылау үшін станок шпинделімен қысқы еріндерінің параллель орналасқанына көз жеткізу қажет. Содан кейін ғана қысқыны станокқа бекітеді.

Slide 11

Фрезаны орнату немесе алмастыру.

Гайканы ағытып 7 и серьганы 8, гайканы, кигізілген сақинаны 6 и фрезаны 5 алады. Содан соң қажетті оправкаға қажетті фрезаны таңдап, оған сәйкес сақиналар мен гайкаларды таңдайды. устанавливают серьгу и затягивают гайку.

Slide 12

Фрезерлік станокты баптау.

Станокты станок қабырғасында көрсетілген кесте бойынша ұстағыш 4 көмегімен жөндейді. .


Ұқсас жұмыстар
Басқарудағы коммуникация: рөлі, түрлері, коммуникация процесі және кедергілерді жою әдістері
Операциялық жүйе: негізгі ұғымдар, түрлері және Windows жүйесін баптау
Қазіргі бағдарламалық қамтамасыз ету мен операциялық жүйелер: түрлері, қызметтері және баптау-қалпына келтіру
Маркшейдерлік түсіріс: принциптері, әдістері және жүргізу процесі
Экстракция процесі: әдістері, қолданылуы және ластанған суларды тазарту
Тиеп-түсіру машиналары: түрлері, құрылымы және жұмыс процесі
Windows қызметтерін басқару, баптау және қауіпсіздік
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және операциялық жүйелерді баптау
Ағаш өңдеу станоктары: түрлері және негізгі операциялары
Бетон және бетонтану: құрамы, түрлері және қатаю процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz