Сұйытылған газ


Slide 1

Өтілетін күні: 29. 03. 2018 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Суйылтырылған газда істейтін қозғалтқыштар жүйесі.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - оқушыларды бензинді және дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесімен, қазіргі кездегі суйылтырылған газда істейтін қозғалтқыштар жүйесі қызметі туралы, таныстырып оқытып үйрету.

2. Дамытушылық - оқушыларға көрнекіліктерді, суреттерді, бейне материалдарды пайдалану арқылы білімдерін дамыту.

3. Тәрбиелік - сабақ барысында оқушылардың сабаққа белсенді, ұйымшыл қатысуын қадағалау, қарым-қатынас этикасын түсіндіру.

АРНАЙЫ ПӘН АШЫҚ САБАҒЫ

И. Д. Каримов.

арнайы пән мұғалімі.

Slide 2

Оқыту формасы: сабақ, топтық,

Пәнаралық байланыс: Физика, химия, материалтану

Оқыту тәсілдері: баяндау, проблемалық,

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. И. П. Плеханов. Автомобиль. 2. Газет журналдар. Автопарк, Автокруиз 3. П. Ж. Жүнісбеков. Авт құр. жәнепайдал.

4. Б. Т. Тұрысбеков. Автомобильдер құрылысы.

Пайдаланылатын көрнекіліктер: плакаттар, суреттер, бөлшектер, слайдтар, бейне материалдар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: а) Оқушыларды түгелдеу

б) Сабаққа даярлығын тексеру

2. Өткен сабақты қайталау: а) Оқушылардан сабақ сұрау

б) Қосымша сұрақтар беру

1. Қоректендіру жүйесінің түрлерін атаңыз

2. Карбюраторлық қоректендіру жүйесі

3. Орталық (моно) қоректендіру жүйесі

4. Таралымды (инжектор) қоректендіру жүйесі

5. Дизельдік қоректендіру жүйесі.

Slide 3

I. Сұрақтар ?

А) Қоректендіру жүйесінің құрылысы ?

Slide 4

Б) Карбюраторлық қоректендіру жүйесінің жұмысы ?

Slide 5

В) Орталық (моно) қоректендіру жүйесінің жұмысы ?

Slide 6

Г) Таралымды (инжектор) қоректендіру жүйесінің жұмысы ?

Slide 7

Д) Дизельдік қоректендіру жүйесінің қызметі ?

Slide 8

3. Жаңа сабақты түсіндіру: а) тақырыпты жаздыру

б) мәлімет беру

Қазіргі кезде біз техникалық прогресс қалай өз дегеніне жетіп отырғанын байқай аламыз. Әлемдегі автомобильдер өнеркәсіп бензинді, дизельді және суйылтырылған газда істейтін моторларда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады.

Автомобиль моторларын күрделі де қымбатты отындық жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандарттардың енгізілуімен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды. Бензинді моторлардың орталық, таралымды және тікелей бүрку жүйелерін, сол сияқты дизельді моторлардың насос форсункаларын бүркуін электронды басқару енгізілді.

Дүние жүзілік машина жасау өнеркәсібінде осы заманға сай автомобиль жасап сату сайысында өтелген газдардағы зиянды заттар құрамы мен жанармай шығынын азайту жолында автомобиль заводтары суйылтырылған газда істейтін двигательдерде жанармай беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Автомобиль двигательдерін күрделі де қымбат жүйелерімен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Европалық стандарт енгізулермен түсіндіріледі.

Slide 9

Газ-баллонды қондырғы арқылы қозғалтқышты қоректендіру.

Газ боллонды автомобильдерде қолданылатын отындардын бір түрлері-жанғыш газдар сұйтылған және сығылған болып екііге бөлінеді.

Сұйытылған газ -30. . . . . +30 С та және 1, 6 МПа жағдайында сұйық күйінде қалады.

Негізгі сұйытылған газға жататындар: пропан, бутан, этан және соған жақын көмірсутектері-этилен, бутелен және солардың изомерлері. Бұл газдар мұнай өнімдерін өндегенде алынады. Сұйытылған газдермен жұмыс істейтін автомабильдерді пайдаланғанда, олардің экономикалық, динамикалық және экологиялық көрсеткіштер жақсарады. Олардың құрамы стандартқа сай болуға тиіс. Стандарт бойынша сұйытылған газдың екі түрін:ПА-автомобильдік пропан:ПБА-автомобильдік пропан-бутан шығару қарастырылған. ПА қысқы кезеңде ауаның температурасы -20. . . . -35 С болтын аймақтарда қолданылады, ал ПБА маркалы газдар қоршаған ортаның температурасы -20С-тан төмен түспейтін аймақтарда пайдалынылады. Сұйытылған ПБА стандарт бойынша қыста 80-90% пропан, ал жазда 40-60% пропан, ал қалғаны бутан болуға тиіс.

Slide 10 Slide 11

СМГ (Сұйытылған мұнай газы) және СТГ (Сығылан табиғи газ) газ балонды қондырғысы

Сұйытылған және сығылған газдармен жұмыс істеу үшін, қолданыстағы барлық автомобильдерге газ балонды қондырғылар орнатылады. Олар СМГ немесе СТГ-мен жұмыс істейді. Сұйытылған мұнай газмен жұмыс істейтін жүк автомобильдеріне: ГАЗ-53-19, ГАЗ-33075, ЗИЛ-431810, жеңіл автомобиль ГАЗ-24-17, автобустар ЛиАз-77г, ЗИЛ-431610, ЗИЛ-431710, автобустар ЛАЗ-695НГ, ЛиАз-677МГ жатады. Бұл автомобильдердің бензинді

автомобильдерден өзгешілігі қорректендіру жүйесіндегі арнаулы газ беру аппараттары мобильдерге газды және бензинді қорректендіру жүйесі орнатылған. Газбен жұмыс істейтін жүйе негізгі болып есептеледі. Газдың қоры 375-420 шақырым жүруге жетеді. Бензинді қорректендіру жүйесі ауаның сұйық кезінде қозғалтқышты іске қосу үшін және 15-25 шақырым қашықтыққа жүруге арналған.

Slide 12

Сұйытылған газбен (СМГ) жұмыс істейтін жүк автомобильдерінің газ баллонды қондырғылары

ЗИЛ және ГАЗ автомабильдеріне орнатылған сұйытылған газбен жұмыс істейтін қондырғылар: екі вентилі бар газ фазасындағы, ал сұйық фазадағы газды алуға арналған газ баллонынан, магистральды вентильден, буландырғыштан, екі сатылы редуктордан сузгісімен, магистральды сузгіден, ауа сүзгісі бар газ араластырғыштан тұрады.

Қозғалтқышты іске қосқанда және оны қыздырғанда, газ боллонды автомобильдерде буланған фазадағы газбен қоректенеді, ал қозғалтқыш қызғаннан кейін және жүктеме кезінде сұйық фазадағы газбен қоректенуге көшеді. Жүктеме тәртібінде газ боллоннан вентиль арқылы магистральді вентильге беріледі, одан жоғарғы қысымды құбырмен буландырғышқа барады. Сұйық газ буландырғыштың арналарынан өткенде буға айналады. Буландырғышқа қозғалтқыштан ыстық су барып тұрады. Газ буландырғыштан магістральді сузгіге беріліп, онда механикалық қалдықтар мен шайырдан тазаланады. Тазаланған газ редуктордың бірінші сатысына беріліп, газдың қысмы 0, 20 МПа-ға дейін төмендейді. Қысымы азайған газ редуктордың екінші сатысына беріліп, онда қысым атмосфералық деңгейге дейін түседі. Қозғалтқыштың газ құбырындағы қысымның төмендеп, ваккм пайда болуы әсерінен газ редуктордың екінші сатысынан молшерлегіш экономайзер құрылғысына беріледі, содан төменгі қысымдағы құбыр арқылы газ араластырғышқа беріліп, аумен араласып, цилиндрге берілетін жанғыш қоспаға айналады.

Slide 13

Газ қондырғысының жұмысын кабинада орналасқан қысымды көрсететін манометр арқылы және боллондағы сұйытылған газдың деңгейін көрсететін бергіш арқылы бақылайды, содай-ақ кабинада магистральды вентильді басқаратын тұтқа болады.

Бензинді қоректендіру жүйесі бензин багынан, бензин құбырларынан, тұндырма-сүзгіден, бензин сорғысынан, карбюратордан тұады. Бензинді қоректендіру жүйесінің жұмысы кәдімгі қоректендіру жүйесімен бірдей. Автомобильдің бірден екі түрлі жанармаймен жұмыс істеуін болдырмау үшін, жанармай беретін жүйеге тиектеуші клапан орнатылады, ал бензиннің бактағы шүмек арқылы басқарады.

Slide 14

Жеңіл автомобильдерге орнатылған сұйытылған газ құрылғысының басқа автомобильдерге орнатылған құрылғыдан айырмашылығы шамалы.

Сұйытылған газ (пропан, бутан ) жоғары қысыммен балондар жоғары қысымды газ магистраліне беріледі. Балондағы газдың шығыны мультиклапандар арқылы атқарылады. Магистралмен газ сұйытылған фазада сүзгі - клапанға беріледі де, онда қажетсіз қоспалардан тазартылады. Тазартылған газ құбыр арқылы буландығыш - редукторға барып, онда газдың қысымы 16 атмосферадан 1 атмосфераға дейін төмендейді. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштың енгізу құбырында пайда болған вакуумның әсерінен газ төменгі қысымды құбыршек арқылы редуктордан мөлшерлегіш арқылы араластырғышға беріледі.

Жұмыс тәртібін басқару (Газ мен немесе бензинмен жұмыс істегенде) жанармай түрін ауыстырып қосқыш арқылы атқарылады. Қозғалтқыш газбен жұмыс істегенде ауыстырып қосқыш электромагнитті клапанды ашады да, бензин беретін клапанды жабады. Жарық диодының көмегімен ауыстырып қосқыш қандай жанармай пайдаланып жатқандығын қадағалайды. Газ баллондары багаж салатын жерге орнатылады, олардың түрдері әр түрлі болып келеді.

Slide 15 Slide 16

Балон - болаттан жасалған сұйытылған газды сақтауға арналған ыдыс. Техникалық қауіпсіздік ережесінің талаптары сәйкес, толық көлемінің 80%-ынан артық толтырылмауға тиіс. Мультиклапанда жанармай мөлшерін өлшейтін құрылғы, жұмыс және апаттық клапандар, жанармай қабылдағышы болуға тиіс. Баллонның көлемі 50литр болса, ондағы газдың мөлшері 45 литрден аспауы тиіс.

Slide 17

Магистралды құбыр жезден жасалады, мультиклапандры газ электр клапанымен жалғастырылады, ондағы қысым 16кг/см2 болады.

Газда электр клапаны газды балоннан редукторға беруге және оны ағытуға арналған.

Газ араластырғыш газ бен ауадан қоспа жасауға арналған, ол әр түрлі болады.

Редуктор - барлық жанармай жүйесінің негізгі бөлшегі, жанармай қысымы сатылы төмендетуге және сұйытылған газды газ түріне айналдыруға арналған. Газдың булануын қозғалтқыштың салқындату жүйесіндегі сұйық пен редукторды ысыту арқылы қамтамасыз етіледі. Электронды басқару жүйесі мен жабдықталған редуктор инжекторлы қорректендіру жүйесімен жабдықталған автомобилдерде қолданылады.

Бензин электроклапаны қозғалтқыштың қорректендіру жүйесін газға ауыстырылғанда бензинді берілуін тоқтатуға арналған. Ол барлық карбюраторлы қорректендіру жүйесімен жабдықталған автомобилдерге орнатылады.

Slide 18

Сығылған табиғи газбен (СТГ) жұмыс істейтін газ балонды қондырғылар

Сығылған газбен жұмыс істейтін автомобилдердің барлығының құрылғылары бірдей, тек айырмашылығы баллондарының санында. ЗИЛ-431710 автомобиліне - 10 баллон, ГАЗ-53-27 автомобильдерінде - 7 баллон орнатылады. Болландардың әрқайсысының сиымдылығы 50литр. Бір баллондағы газдың жылу энергиясы 11, 5 литр бензиннің энергиясына тең. Баллондардағы газ 230-270 шақырым жүруге жетеді.

Баллондар шанақтың астында бекітілген, олар 2 топқа 4 тен бөлініп бір-бірімен жалғасқан. Бір-бірімен жалғанатын түтіктер қиысайған жағдайда сынбас үшін шиыршықталған. Әр баллонның өзінше вентилі болады. Толтыратын және шығындайтын.

Газ баллон қондырғысымен жұмыс істегенде газ баллондар таратқышқа беріледі және шығындатқыш вентилден жоғарғы қысымды бір сатылы редукторға бағытталады, ол қыста қыздырылып түруы қажет. Редуктор желісінде газ тазаланады және қысымы 0, 9-1, 2 МПа ға дейін төмендейді. Содан кейін газ электр магнитті клапанға беріледі. Электрмагнитті клапан апаттық жағдайда автоматты түрде газдың жабылуы қамтамасыз етіледі. Осы клапанда орнатылған сүзгіде газ тазаланып, екі сатылы төменгі қысымды редукторға беріледі, бұл редукторда газдың қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендейді. Редуктордың екінші сатысынан газэкономайзер құрылысына беріліп, онда ауамен араласып, жанармай қоспасына айналады да қозғалтқыштың цилиндріне беріледі. Екі камералық карбюратор-араластырғышта екі бос жүріс жүйесі қарастырылған.

Slide 19

Қозғалтқыш газбен жұмыс істегенде, бос жүріс тәртібінде қажетті жанармай құрамы карбюратор-араластырғыштың арнаулы құрылғысында атқарылады. Қозғалтқыштың жұмыс істеуін тұрақтандыру үшін, бос жүріс тәртібінен жүктеме тәртібіне көшкенде карбюратор-араластырғыштың алдына тәрелкелі клапан орнатылған, ол иінді білікті айналу жиілігі 1000айн/мин тан асқанда ашылып, жанармай қоспасын байытады. Газ баллонды қондырғының жұмысын жоғарғы және төменгі қысыммды манометр арқылы қадағалайды. Жоғарғы қысымды манометр баллондардың қысымын және автомобильдерге газдың мөлшерін көрсетеді.

Төменгі қысымды манометр екі сатылы редуктордың дұрыс реттілігін және оның жұмысын қадағалайды.

Автомобильдің бензинді қорректендіру жүйесі сызылған табиғи газбен жұмыс істеу принциптері бірдей.

Slide 20

Газ буландырғыштар, редукторлар және араластырғыштар

Газ қорректендіру жүйесі газды жылытуға, буландыруға, сұйытылған және сығылған газдың сығымын атмосфералық қысымға дейін төмендетуге, газбен ауада қоспа дайындап, қозғалтқыштың цилиндіне беруге арналған.

Буландырғыш сұйықталған газды редукторға кірер алдында газ қалпына келтіруге арналған. Газды буландыру үшін қозғалтқыштың салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың жұмыс істеген газдың немесе электр жүйесіне қолданылады. ЗИЛ-431810, ГАЗ-5319 автомобилдеріне алюминийден құйылған екі тұрқыда тұрады. Буландырғыш орнатылады. Бұл тұрқылардың ішінде сұйық жүретін қуыс болады, олар бір-бірімен төлке арқылы жалғанады. Қуыстар салқындату жүйесінен келетін суық кіретін және шығатын жалғастықтан тұрады. Қажетті жағдайда буландырғыштан сұйық төгетін шүмек орнатады.


Ұқсас жұмыстар
Отындардың химмотологиясы және мұнай мен газды талдау
Энергетикалық құқықтың обьектілері
Газ тарату жүйелерінің техника- экономикалық көрсеткіштері
Азот қышқылы өндіру
Дистилляцияның қолданылуы
Сұйытылған ерітінділер
Көмірсутектердің табиғи көздері
Жаңажол Қарашыға газ өңдеу нақ өңдеу зауыты кешені
Ерітінділерден қатты еріткішті бөлу
МҰНАЙ ӨНДІРУ, ОНЫ ТАСЫМАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz