Тежеу жүйесі
Презентация қосу
Сабақтың тақырыбы: «Тежеу жүйесі».
2019
Жоспар:
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
1.1. Сабақ тақырыбын баяндау
1.2. Тапсырмаларын беру және оны орындау тәртібімен таныстыру.
1.3. Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудан нұсқау.
1.4. Бұрын өтілген оқу материалын еске алу.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Автокөліктің тежеуіш жүйелерінің түрлері,
құрамдары мен міндеті
2.2. Тежеуіштердің бұғаттауға қарсы жүйесі.
2.3. Тоқтату тежеуіші жүйесінің жалпы құрылғысы.
2.4. Автокөліктің тежеуіш жүйелеріне қойылатын талаптар.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
3.1 Оқушылардың білімін бағалау.
3.2 Алған бағаларын топқа жарияланады.
3.3 Жұмыс орнын жинастыру.
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сабақтың тақырыбы: Тежеу жүйесі
Сабақтың мақсаты: Тежеу жүйесін үйрену, бөлшектеу
және жинау бойынша операцияларды орындау
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Тежеу жүйесін
бөлшектеу және жинау бойынша машықтар мен
дағдыларды меңгеру.
Дамытушылық өткізу әдісі: Тежеу жүйесі туралы
түсінігін кеңейтіп, олардың тұрмыс-техникада қолдану
маңыздылығын білу студенттерді жүйелі түрде ойлауға
бағыттау.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, көргезмелер, слайд
және плакаттар, слесарь инстурменттер жиынтығы.
Кіріспе
• Карданды берілістердің негізгі қызметі өсьтері бар түзудің бойында
жатпайтын екі тораптың аралығында айналдыру моментін жеткізу
болып табылады. Автомобильдерде ондай өте көп болады.
Мысалы беріліс беріліс қорабынан басты беріліске немесе басты
берілістен жетекші дөңгелекке айналдыру моментін жеткізу үшін
карданды берілістер қолданылады. Себебі олардың біліктерінің
осьтері әртүрлі деңгейде орналасқан. Айталық беріліс қорабы
автомобильдің кузовына немесе рамасына бекітіледі, ал басты
беріліс жетектеуші дөңгелек белдемесіне орналасады. Кузов немесе
рама жектекші белдемелерден аспасының есебінен үнемі өзгеріп
отырады. Сол сияқты жетекші дөңгелек пен кузовтың аралары жол
бедеріне қарай үнемі өзгеріп отырады. Ендеше осындай тораптарды
бір-бірімен тура білік арқылы жалғастыру мүммкін емес.
• Карданды берілістер бір-бірінен алшақ орналасқан трансмиссия
тораптарының аралығына айналдыру моментін тасымалдауға
арналған. Ондай кезде екі жалғанатын тораптың осьтері бір – біріне
дәл келмейтіндіктен, олар моментті белгілі бір бұрыш жасап бере
алады. Бірақ, бұл карданды берілістер айналдыру моментінің
шамасын өзгертпейді.
Автокөліктің тежеуіш жүйелерінің мəні жəне құрамы.
Автокөліктің тежеуіш жүйелері оның жылдамдығын тоқтағанға дейін азайтуға
жəне оны қозғалмайтын күйде ұстап тұруға арналған. Жеңіл автокөліктер жұмыс,
қосалқы жəне аялдау тежеу жүйелерімен жабдықталған.
Автокөліктің кез келген тежеу жүйесі басқарушы құрылғыны, тежеуіш жетегін
жəне тежеуіш тетіктерін қамтиды.
Басқарушы құрылғы тежеуші жүйені əрекетке келтіру үшін қызмет етеді жəне өзіне
көлік жүргізушісінің бұлшықет күші есебінен əрекет ететін басқару органын
(басқыш немесе иінтірек), сонымен қатар автокөлікті тежеу кезінде басқару
органына көлік жүргізушісінің күшін азайтушы энергиямен жабдықтаушы қосымша
құрылғыны қамтиды. Қосымша энергиямен жабдықтаушы құрылғысы бар тежеу
жүйесі энергиямен жабдықтаушы, ал мұндай құрылғысы жоқ – бұлшық еттік деп
аталады. Тежеу жүйесінде энергиямен жабдықтаушы ретінде пневматикалық,
гидравликалық жəне электр энергиясымен жұмыс істейтін құрылғылар
пайдаланылады.
Тежеуіш жетегі басқарушы немесе энергия жабдықтаушы құрылғыдан тежеуіш
тетіктеріне күшті үлестіру жəне беру үшін қызмет етеді. Ол механикалық,
гидравликалық, пневматикалық, вакуумдық, электрлі немесе құрамалы, мысалы
гидропневматикалық болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жеңіл автокөліктерге
гидравликалық (жұмыс жəне қосалқы тежеуіш жүйелерге) жəне механикалық
(аялдау тежеуіш жүйесіне) жетек қолданылады. Ал таяу келешекте электрлі
басқарумен тежеуіштердің электрлі жетектерін тарату күтілуде.
Жұмыстық тежеуіш жүйесі автокөліктің қозғалыс жылдамдығын
азайту жəне оның пайдаланудың əдеттегі тəртібі кезінде қысқа
мерзімде аялдауы үшін қызмет етеді. Зерттелетін жеңіл
автокөліктерде энергиямен жабдықтаушы тежеуіш жүйелері
вакуумды күшейткішпен, гидравликалық жетекпен жəне доңғалақтың
дискілі жəне атанақты тежеуіш тетіктерімен қолданылады.
Жұмыстық тежеуіш жүйесінің басқарушы құрылғысы тежеуіш
басқышын 22 (7.1-сур.) жəне вакуумды күшейткішті 8 өзіне қосады.
Жұмыстық тежеуіш жүйесі көлік жүргізушісінің аяғының бұлшық
етінің күшінің берілуімен тежеуіш басқышы есебінен əрекетте келеді.
Сондықтан оны кейде аяқ тежеуіш деп атайды. Вакуумды күшейткіш
8 қозғалтқыштың жіберуші құбырында сейілту есебінен тежеуіш
басқышына күш беруді арттыратын энергиямен жабдықтайтын
құрылғы болып табылады.
Жұмыстық тежеуіш жүйесінің гидравликалық жетегі өзіне кіші
бакты 7 бас тежеуіш цилиндрін 4, қысым реттегішті 19, тежеуіш
тетіктерінің 1 жəне доңғалақтың 12 жұмыстық тежеуіш цилиндрлерін,
сонымен қатар олардың құбырларын арматурамен жəне иілгіш
шлангілермен 2 жəне 11 жалғастырушыларды қамтиды.
Тежеуіштердің бұғаттауға қарсы жүйесі
Қазіргі уақытта жеңіл автокөліктердің басым көпшілігінің жұмыстық тежеуіш
жүйесінің жетегінде тежеуіштердің бұғаттауға қарсы жүйелері қолданылады.
Тежеуіштердің бұғаттауға қарсы жүйесі немесе қысқаша ТБҚЖ (ABS —
anti-lock braking system) – бұл доңғалақтың тежеуіш тетіктерін басқарудың
кері байланыспен қосымша электронды автоматты жүйесі, автокөліктің
тежелуі кезінде оның басқарылуын жəне тұрақтылығын сақтау, сонымен
қатар оның тежелу жолын қысқарту мақсатында автокөліктің тежелуі кезінде
доңғалақтардың таюын (сырғу қозғалысы (болдырмайды. ТБҚЖ автокөліктің
жұмыстық тежеуіш жүйесі жетегінің контурының бөлігі болып табылады жəне
оның бұзылуы кезінде жұмыстық тежеуіш жүйесі контурының негізгі бөлігі
өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалатындай орындалады.
ТБҚЖ əр түрлі автокөліктерде құрылысы, күрделілік деңгейі жəне тиімділігі
де əр түрлі, бірақ олардың жалпы құрылғысы мен əрекет ету принципі
бірдей. ТБҚЖ өзіне доңғалақтың бұрыштық жылдамдықтарының
(жиіліктерінің) датчигімен 1 басқарудың электронды блогын (БЭБ) 7 (7.2-
сурет қар.) жəне атқарушы құрылғы – қысым модуляторын қамтиды.
Доңғалақтың айналу жиілігінің датчигі 1 доңғалаққа жақын қозғалмайтындай
орналастырылады. Ол доңғалақ жетегі білігінің сыртқы топсасында, тежеуіш
дискіде немесе атанақта, күпшекте немесе оның мойынтіректерінде
орналасатын доңғалақтың айналу жиілігін дабылды тісті немесе магнитті
(ротор) сақина көмегімен доңғалақтың айналу жиілігін қадағалайды.
Тоқтату тежеуіші жүйесінің жалпы құрылғысы.
Жеңіл автокөліктің тоқтату тежеуіш жүйесі автокөлік салоны ішінде
орналастырылған қолмен басқару иінтірегінен, шанақ едені
астының сыртында орналасқан механикалық сымарқанды жетектен
жəне жұмыс тежеуіш жүйесі бар арты дөңгелектерінің жалпы
тежеуіш механизмінен тұрады. Тоқтату тежеуіш жүйесі жұмыс
тежеуіш жүйесіне тəуелсіз артқы дөңгелектердің тежеуіш
механизмдерінің механикалық жетегін қамтамасыз етеді.
Оқып- зерттелетін автокөліктердің тоқтату тежеуіш жүйелері
қозғалыстың бірдей қағидасына ие жəне механикалық сымарқанды
жетегі элементтерінің негізгі құрылысымен ерешелене, құрылымы
жағынан ұқсас. Сондықтан ВАЗ-2110 автокөлігінің тоқтату тежеуіші
жүйесіні үлгісінде тоқтату тежеуішінің жалпы жəне жұмысын егжей-
тегжейлі қарастырамыз. (сур. 7.29).
Тоқтату тежеуіш жүйесінің басқару иінтірегі 3 өзінің кронштейнімен 8
бұранның 9 көмегімен жүргізуші орындығы жанында автокөлік
салоны ішіндегі шанақ еденіне 9 бекітіледі. Иінтірек кронштейнге 8
топсалы тіркелген жəне осінде 7 бұрыла алады.
Автокөліктің тежеуіш жүйелеріне қойылатын талаптар.
Тежеу автокөліктің қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты тəсіл болып
табылатындықтан оның тежеуіш жүйесінің саулығына жəне жұмысының тиімділігіне
пайдалану үдерісінде ең жоғары талаптарды жүктейді. Жол жүру ережесімен
жұмыстық тежеуіш жүйесінде ақаулар болғанда, сонымен қатар автокөлікті оның
жұмыстық жəне аялдау тежеуіш жүйесінің бекітілген нормаларға тиімділіктерінің
сəйкессіздігі жəне гидравликалық тежеуіш жетегінің бітеулігі бұзылған кезінде
автокөлік қозғалысына тыйым салынады
Автокөліктің тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру ГОСТ Р 51709
— 2001 сəйкес оның санамасы нəтижесінде жүргізіледі. Тежеуіш жүйесінің
тиімділігінің біршама нақты анықтамасы атанақты түрдің арнайы диагностикалық
стендінде автокөлікті сынамалау кезінде қамтамасыз етіледі.
Жұмыстық тежеуіш жүйесінің тиімділігін автокөлік доңғалақтарының тежеуіш
жүйелерімен дамытылатын меншікті тежеуіш күшінің 64 % кем болмауы керек
шамасы бойынша бағалайды. Меншікті тежеуіш күші алдыңғы жəне артқы
доңғалақтарының осьтері үшін доңғалақтардағы берілген осьтегі автокөлік салмағына
келетін тежеуіш күшінен жеке анықталады. Сөйтіп бір осьтегі доңғалақта
дамытылатын меншікті тежеуіш күштерінің əр түрлілігі 9 % аспауы керек, ал тежеуіш
басқышына ұсынылатын күш беру 50 кг аспауы керек.
Аялдау тежеуіш жүйесі стендте сынамалау кезінде артқы доңғалақтарда жалпы
меншікті тежеуіш күшін əр доңғалақтағы тежеуіш жүйесінің біркелкі еместігін
есептемегенде 16 % болмауы керек. Осылайша аялдау тежеуіш жүйесінің басқару
иінтірегіне ұсынылатын күш беру 40 кг аспауы керек.
Өтілген оқу материалын бекіту:
1. Кез келген тежегіш жүйесі қандай негізгі бөліктерден тұрады?
2.Жеңіл көліктерде қандай тежегіш жүйелер қолданылады жəне олардың
жетегі қандай болады?
3.Автокөліктің тежегіш жүйелеріне қандай талаптар қойылады?
4. АБС не үшін қызмет етеді жəне оның жалпы құрылымы мен əрекет ету
қағидасы қандай?
5.Бұрмалы жəне өзгермелі құрсандары бар бараанды тежегіш механизмдер
қалай құрастырылған жəне олардағы алдыңғы тежегіш құрсандар артқыға
қарағанда неліктен тез тозады?
6. Тегерікті тежегіш механизмдер қалай құрастырылған жəне барабандарға
қарағанда олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
7. Жұмыс бабындағы тежегіш жүйенің гидрожетек жүйесі қандай
элементтерден тұрады?
8.Тоқтату тежеуіш жүйесі қалай құрастырылған жəне неліктен ол
механикалық жетекке ие?
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).
Агроинженерлік мамандық алушы студенттерге арналған. – Аламты: «НАЗ-9»
ЖШС 2005.-360 б.
2. Алиев Б. және басқалар. Тракторшының анықтамалығы. Аламты, «Қайнар».
1982
3. Беспалько В.П., Розен З.В. Практикум по автомобилю. М., 1975
4. Б.С. Васильев и. Др Ремонт дарожных машин, автомобилей тракторов-М.: 2008.-
512с.
5. Момынбаев Б.К. Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы. А.:
Рауан, 1990. – 179 б.
6. К. Өстеміров. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Алматы: Радиал баспасы 2006-240 б.
7. Л.Н. Борилов., Технология и организация ремонт и обслуживания автомобиля. –
М.: 2006.-176с7
8. Автомобиль. Учебное пособие для учащихся средней школы /Под ред. И.П.
Плеханова - М., 1981г.
9. Шестопалов С.К. Устройство, техническое обслуживание и ремонт легковых
автомобилей. М., «Академа». 2002
10. Родичев В.А., Родичева Г.И. Тракторлар мен автомобильдер. Ауд. Айнабеков Т.,
Мусин Ж. А.: Мектеп, 1986.- 336 б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz