Аталық қошқардың шәуетін саулықтарды экстракорпаралды ұрықтандыруға дайындау технологиясын жетілдіру



Тақырыбы:Аталық қошқардың шәуетін саулықтарды экстракорпаралды ұрықтандыруға дайындау технологиясын жетілдіру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған:Қаппарова Алтынай Ғабитқызы
Тобы:МХТ-18-3нк

Тақырыптың өзектілігі. Ауылшаруашылығының фундаментальды проблемаларының ішінде ең өзектілерінің бірі қымбат бағалы асыл тұқымды малдарды максималды пайдалана отырып мал табынын өз төлінен өсіп жетілуін жоғарылату болып саналады, ал мұның мал шаруашлығының ары қарай өрлеуін қамтамасыз етудегі маңызы зор. Репродукцияны жақсартудағы маңызды бағыт - қолдан ұрықтандыру әдісін қолдану. Қолдан ұрықтандырудың нәтижелілігін анықтайтын факторлардың бірі - малдардың шәуеттерін мұздатып немесе терең тоңазытып сақтау әдістерін жетілдіру болып табылады.
Асыл тұқымды қошқарларды пайдалану тиімділігін арттыру тәсілінің бірі қошқарларды күзгі күйек маусымынан тыс уақытта мұздатылған шәуеттерді дайындау есебінен оларды эксплуатациялау мерзімін ұзарту болып табылады. Осы себепті, жыл мезгілі мен әртүрлі тұқымды қошқарларды пайдалану режимінің олардың жыныстық белсенділігіне, шәуеттің сапасы мен мөлшеріне және терең мұздатуға төзімділігіне әсерін зерттеу үлкен ғылыми және тәжірибелік қызығушылық тудыруда.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Аталық қошқардың шәуетін саулықтарды экстракорпаралды ұрықтандыруға дайындау технологиясын жетілдіру.
Жұмыстың міндеттері. -алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер бойынша зерттеулер жүргізілді:
- саулықтарды әр түрлі тәсілдермен мұздатып қатырылған шәуетпен ұрықтандыру нәтижелерін салыстырмалы зерттеу;
- мұздатып қатырылған шәуетпен ұрықтандыру нәтижесін зигота, эмбриондар мен қоздауды салыстырмалы есепке алу бойынша саулықтардағы эмбриондық өлім-жітімді зерттеу;
- саулықтардың жыныс жолдарында аталық ұрықтардың тірі қалғандарының жылжуы мен өміршеңдігінің күйге келудің түрлі сатысына тәуелділігін салыстырмалы зерттеу;
- мұздатып қатыру алдында қошқарлардың шәуеттерін сұйылтуға арналған синтетикалық қорғаныс ортасын жетілдіру және оның мұздатылып-ерітілген шәуеттің биологиялық құндылығы мен сапасына әсерін зерттеу.

Жұмыстың нысандары.
Зерттеу нысандары ретінде - Түркістан облысының Арыс ауданы Жаңа - құдық елді мекенінде орналасқан «Пернебек» шаруа қожалығына тиесілі етті - майлы ордабасы қой тұқымының 3-5 жастағы саулық қойлары мен өндіруші қошқарлардың шәуеттері алынды, сондай-ақ Арыс ауданы ауыл шаруашылығы басқармасына тиесілі малдарын қолдан ұрықтандыратын орталық станциясы пайдаланылды

Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Алғаш рет жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде аталық қошқар шәуетін мұздатып - қатырар алдында 0, 5-4 сағат ішінде 0-2ºС температурада аталық қошқар шәуетінің эквилибрлеу мерзімі, сондай - ақ түйіршіктердің әртүрлі көлемі-0, 02-0, 2 мл 38º-де ағзадан тыс жерде олардың қозғалғыштығы мен өміршеңдігін қалпына келтіруге елеулі әсер етпейтіндігі анықталды.
Глицериннің криоқорғаныш әсері аталық қошқар шәуетін мұздатып - қатырда оның ішіне тікелей енбестен ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететіндігі анықталды.
Мұздатып - қатырылып қайта ерітілген шәуеттегі аталық ұрықтардың саулықтардың жыныстық жолдарында аналық жасушаға қарай жылжу жылдамдығы саулықтардың күйге келу кезеңіне байланысты екені анықталды.

Төмен температураның әсеріне қошқар ұрығының төзімділігі (n=5)
Ортаның құрамы
Шәуеттердің қозғалғыштығы, балл
Қорғаныстық әсері, %
төмен темпера тураның жойқын әсеріне дейін
төмен температура
ның жойқын әсері нен кейін 10 мнуттан соң
Орта № 1. (Сахароза + CaNa2 ЭДТА )
8, 2
0
0
Орта № 2. (Сахароза + CaNa2 ЭДТА + 1% сарыуыз)
8, 2
0
0
Орта № 2 + ДТБК
8, 2
3, 9
47
Орта № 2 + Эхинохром
8, 2
4, 2
51
Орта № 1 + 5% желтка + ДТБК
8, 2
4, 6
56
Орта № 1 + 5% сарыуыз
+ Эхинохром
8, 2
4, 9
60
Орта № 1 + 20% сарыуыз
8, 2
5, 3
64

Қошқар шәуетінің акросомаларының сақталуына және сапасына антиоксиданттардың әсері (15 үлгі, әр топта 5үлгіден)
Ортада қолданылған антиоксидант
Ерітілген ұрық
тың қозғалғыш
тығы, балл
+380С шәуеттердің өміршеңдігі, сағат
Акросомалардың сақталуы
Зерттелген шәуеттердің барлығы
Олардың ішінде қозғал майтын акро сомасы бар (қозғалатындарының ішінде)
саны
%
ДТБК
4, 4±0, 02
8, 82±0, 13
1000
870
87, 0±1, 1
Эхинохром
4, 6±0, 02
9, 29±0, 24
1000
882
88, 2±0, 9
Бақылау
(антиоксидантсыз)
3, 2±0, 02
5, 17±0, 08
1000
689
68, 9±1, 5
Соңғы жылдардағы зерттеулер шәуеттердің сапалық көрсеткішіне белгілі бір деңгейде температуралық режим мен еріту әдісінің әсер ететіндігі анықталды. Мұздату мен еріту бір-біріне тәуелді екі процесс ретінде шәуеттердің құрылымы мен қызметінде әртүрлі өзгерістерге әкеп соғады. Мұздатылған шәуетті ерітуде температуралық режим мұзату режиміне сәйкес болуы тиіс, яғни тез мұздатылған шәуетті дәл солай тез еріту керек

Ерітілген шәуеттегі аталық ұрықтың эквилибрацияланған мерзіміне байланысты саулықтардың ұрықтану деңгейі
Шәуетке глицерин араластыру мерзімі
Шәуетті мұздату уақыты
(сағ)
Ұрықтан
дырылған саулық саны
Сары
дене саны
Жуылып алынған аналық жасуша
Ұрықтану деңгейі
(%)
Жалпы
саны
оның ішін де ұрықтан ғаны
Жаңа алынған
Шәует
0, 5
7
7
7
1
14, 3
1, 0
7
8
8
1
12, 5
4, 0
13
15
15
2
13, 3
Мұздатып - қатыру алдында
0, 5
8
8
8
1
12, 5
1, 0
13
15
15
2
13, 3
4, 0
11
13
13
2
15, 3
Сонымен қатар, түрлі көлемдегі түйіршіктерден алынған (0, 02-0, 1 мл) шәуетпен саулықтарды ұрықтандыру бойынша тәжірибе жүргізілді. Лапаротомия нәтижесінде жуылған зигот саны бойынша ұрықтандыру 16, 3-16, 6% құрады.

Саулықтардың ұрықтану деңгейі, эмбриондардың өміршеңдігі және қалыпты қоздау деңгейі
Көрсеткіштер
Ұрықтанғаны
Эмбриондардың өміршеңдігі
Қоздау деңгейі
Қашырылған саулық
Жуылған аналық жасуша
оның ішінде ұрықтанғаны
Қашырылған саулық
оның ішінде
оның ішінде
тірісі
Қашырылған саул
ық
оның ішінде қозда
ғаны
қайта күй
ге келме
гені
Эмбри
оны бар
Саны
62
50
8
39
11
5
5
95
15
Пайызы
-
100
16
100
28
13
100
100
15, 8
Тәжірибе ретінде 72 саулық бөлініп, кейіннен төменде келтірілген схема бойынша ұрықтандырылды:
I топ - 48 саулық, күйге келу кезінде бірнеше рет ұрықтандыру (3-7 рет) ;
II топ - 9 саулық, күйге келуі басталғаннан кейін 25 және 30 сағаттан кейін екі рет ұрықтандыру;
III топ-15 саулық, түтікшеішілік ұрықтандыру .

Ұрық қабылдағыш - шыны тәрізді бір немесе екі қабырғалы болып келеді. Жасанды жатын қабының қабырға аралық кеңістігіне түтік арқылы 50-550С 150-180мл су құяды және ұрық алардың алдында 96% спиртке малынған мақта түйіршігімен (тампон) түтікшенің ішкі қабатын екі шетінен мұқият сүртеді. Жасанды жатынның бір шетіне ұрық қабылдағыш нығыздап орналас тырылады. Резеңке түтікшенің ішкі қабатын кейін оның ішкі бетіне шыны немесе пластмасс түтікшемен вазелин жағады. Жасанды жатын қабына ауа үрлеп қысым жасау эбониттен жасалған ашып-жапқыш арқылы резеңке үрлегішпен жасалады. Жасанды жатынға ауаны резеңке түтікшенің ішкі қабаты ұзын бойына жабысқанша үрлейді . Жасанды жатынның температурасын залалсыздандырыл ған термометрмен анықтайды.
Қошқардан ұрық алуға арналған жасанды қынап

Зерттеудің нәтижелері және оның анализі
Қошқарлардың шәуетін мұздату және еріту технологиясын одан әрі жетілдіру мұздатуда ұрықтардың шығынын төмендетуді, олардың биологиялық құндылығының сақталуын және сәйкесінше ұрықтандырудың нәтижелілігін жоғарылатуды, сондай-ақ жеке орын алатын кейбір технологиялық қиындықтарды болдырмауды қарастырады.
Ғылыми-өндірістік және зертханалық тәжірибелерде қошқарлардың шәуетін сұйылтуға арналған синтетикалық ортаны жетілдіруге және оның криопртекторлық қасиетін зерттеуге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, әртүрлі еріту әдістерінің қошқар шәуетінің сапасына әсері зерттелді.
Шәуетті кроиконсервациялаудың тиімділігі белгілі бір деңгейде қолданылатын синтетикалық ортаның құрамына байланысты болады. Орталардың міндеті қошқарлардың шәуетін криокансервация барысында төмен және аса төмен температуралардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫС
1. Криоконсервацияланған шәуеттердің биологиялық құндылығын және саулықтарды ұрықтандырудың нәтижелілігін жоғарылату мақсатында шәуеттерді мұздату мен ерітудің жетілдірілген технологиясы, сондай-ақ 75-80% ұрықтануды қамтамасыз ететін саулықтарды тереңцервикалды ұрықтандыру ұсынылады.
2. Эстрометриялық әдіс саулықтарды күйге келу кезінде ұрықтандырудың оңтайлы мерзімдерін анықтауға және бұл ретте ұрықтануды 84% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қой шаруашылығында кең өндірістік тексеруге лайық.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz