Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты




Презентация қосу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2020 жылғы 1 қыркүйек

Қабылдаған: Айдарова Айна
Группа: ИП-17-5к1
Орындаған: Ыбрай Қадыржан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек

ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ
Құрметті отандастар!
Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!
Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр.
Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және
денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз
жұдырықтай жұмылды.
Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қолұшын созып, тілеулес
болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.
Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан
астам азаматымыз 42 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұған 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ. Біз азаматтарымыздың лайықты
өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа
қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз.Ендеше, іс-қимыл жоспары қандай болмақ?
Жолдау бойынша міндеттер мен іс-қимыл жоспарлары:

I. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі

ІІ. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму

III. Теңгерімді аумақтық даму
IV. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты
басымдық
V. Қолжетімді әрі сапалы білім

VI. Денсаулық сақтау саласын дамыту
VII. Экология және биологиялық әркелкілікті
қорғау
VIII. Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау
жолында
IX. Цифрландыру – барлық реформаның негізгі
элементі
Х. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы

ХI. Ұлттың жаңа болмысы
I. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі
"Шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту"
Жолдауының басында Президент елдегі мемлекеттік бағдарламалар мен
шенеуніктер санына тоқталды. Ол елдің көлемді емес, халық түсінетін ықшам
мемлекеттік бағдарламаларға көшу керегін ескертті.
Сонымен қатар, шенеуніктер санын 25 пайызға қысқартуды тапсырды.
"Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік
органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру
мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен
квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл
олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға
қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021
жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту
мәселесін қараймыз", - деді ол.
Мемлекет басшысы үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің
жалақысы арттырылатынын айтты.
Тағы бір маңызды міндет – квази­мем­лекеттік компанияларды корпоративтік басқару ісін
жақсарту мәселесін шешу.
Елімізде ондаған ұлттық компания және он мыңдаған мемлекеттік кәсіпорын бар. Бұл ретте
ірі квазимемлекеттік мекемелер акционерлік қоғам ретінде жұмыс жүргізеді, яғни олардың
мақсаты – пайда табу. Егер мемлекеттік қызметтердің бір бөлігі оларға берілсе, мұндай ком­па­
ниялардың жұмысы азаматтарға және экономикаға нақты қызмет көрсетуге арналып,
қосымша сипатқа ие болуы тиіс.
Көптеген акционерлік қоғамда қа­лып­ты түсініктер ауысып кеткен. Корпо­ративтік басқару
қосымша бюро­кра­тиялық рәсімге айналып отыр.
Тұтас квазимемлекеттік секторды реформалау ісін жалғастыру қажет. Кей­бір шешімдер бүгін
жарияланады, ал қал­ған мәселелер бойынша Үкімет маған ұсыныс береді.
ІІ. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму

Ұзаққа созылған мұнай дәуірі аяқ­талған сияқты. Әлемдік
нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек.
Әртараптандырылған және техно­ло­гияға негізделген экономика
құру – жай қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ.
Сонымен қатар экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға
бағытталуы керек. Ұлт­тық табыстың өсімінен түсетін игілік­тер­ді
әділ бөлу, тиімді әлеуметтік «лифті­лер­ді» орнықтыру жөніндегі
қоғамның өт­кір талабы міндетті түрде орындалуы тиіс.
Сондықтан еліміздің жаңа эконо­ми­калық бағдары басты жеті
қағидатқа негізделуі керек:
*Игіліктер мен міндеттердің әділ бөлі­нісі.
*Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.
*Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу.
*Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және
технологиялық сипатын арттыру.
*Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына
инвестиция тарту.
*«Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау.
*Мемлекет тарапынан дәйекті ше­шім­дер қабылдау және сол үшін
қоғам ал­дында жауапты болу.
Бұл ретте біз бәсекеге қабілеттігімізді көр­­сететін
артықшылығымызға және нақ­­ты мүмкіндіктерімізге сүйенуіміз
IV. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты
басымдық

"Тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат ету"
Тұрғындар үшін жолдаудағы маңызды тапсырмалардың бірі - зейнетақыға қатысты. Тоқаевтың
тапсырмасы бойынша, келер жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың
салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы
ұйымдарының басқаруына бере алады.
"Менің тапсырмамның аясында тұрғындар зейнетақы жинақтарының бөлігін пайдалану мәселесі
қарастырылды. Бұл - қазір өте өзекті. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700
мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы
ұйымдарының басқаруына бере алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе жыл соңына дейін тиісті
нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын",
- деді Президент жолдауында.
Тоқаевтың айтуынша, бұл реформа тұрғындарға зейнетақы жинағына ақша салуға стимул болады.
V. Қолжетімді әрі сапалы білім

"Мұғалімдердің жалақысын көбейту"
Тоқаев жолдау барысында білім беру саласын да айналып өтпеді. Ол қашықтан білім
беру үшін әлі нақты онлайн-платформа жасалмағанын сынады. Сондықтан, ол
"Толыққанды білім үдерісі үшін қажетті барлық функциясы бар бір онлайн білім беру
платформасын шұғыл әзірлеу қажет" екенін айтты.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мәселесіне тоқталып, олардың
жалақысы өсетінін айтты.
"Білім саласындағы басты мәселелердің бірі - ұстаздар жалақысының аздығы. 2021
жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде
шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа
алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді", - деді Президент.
VI. Денсаулық сақтау саласын дамыту

"Дәрігерлерге төлемақы ретінде тағы 150 миллиард теңге бөлу"
Мұғалімдерден бөлек Тоқаев дәрігерлерді де ұмыт қалдырмады. Ол пандемия бұл
саланың қандай маңызды екенін көрсеткенін айтты.
"Пандемия әкелген дағдарыс көп нәрсені үйретті. Мысалы, дәрігерлер еңбегін бағалау.
Себебі бұрын медицина қызметкерлері мемлекеттің назарынан тыс қалған еді.
мамандықтың маңызы материалдық көмекпен де анықталу керек", - деді Мемлекет
басшысы.
Сондықтан Тоқаев медицина қызметкерлеріне екінші жарты жылдыққа төлемақы
ретінде 150 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлуді тапсырды.
"Біз мұны қазір, дағдарыс кезінде істеп жатырмыз, мұны кейін жүйелі түрде істеуіміз
керек", - деді ол.
VIII. Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау
жолында

"Жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілін енгізу"
Жолдау барысында Президент елдегі жемқорлықпен күрес мәселесіне де тоқталды.
Оның айтуынша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдері
енгізілуі керек.
Тоқаев жемқорлық мәселесіне қоғамды тарту маңызды екенін атап өтті.
"Біз мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай
отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың,
квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін
қамтамасыз етуге жол ашатын "Қоғамдық бақылау туралы" заңды әзірлеп, қабылдауды
тапсырамын. Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсіру керек. Оларды сатып
алуларды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту керек, - деді Тоқаев.
IX. Цифрландыру – барлық реформаның негізгі
элементі

Цифрландыру – сәнге айналған үр­діске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабі­леттілігін арттырудың
негізгі құралы.
Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен
барынша қамтамасыз ету керек. Бүгінде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажет­тілікке
айналып отыр.
Әлеуметтік жағынан осал отбасы­лардың балалары компьютерлік техникамен және сапалы
интернетпен қамтылуға тиіс. Осы жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдардың
барлығына интернет жүргізіледі.
Біз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаған кезде халықтың буда-буда қағаз толтырып, сансыз
есікті тоздыруға мәжбүр болып жүргенін көріп отырмыз.
Мұның бәрін толықтай цифрландыру керек. Адамдар емес, мәліметтер «зыр жүгіруге» тиіс.
Мекемеаралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезінде де қағазбастылықтан
барынша бас тартқан жөн. Жыл соңына дейін ең қажетті анықтамалардың қағаз түрінде талап
етілуін тоқтатып (47-ден 30-ы), мәліметті цифрлы түрде растау тәсілін қамтамасыз етуді
тапсырамын.
ХI. Ұлттың жаңа болмысы

Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.
Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Бі­­лім­ді болуға оқу керек. Бай болуға кә­сіп керек. Күшті
болуға бірлік керек. Осы ке­рек­тердің жолында жұмыс істеу керек» дейді.
Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды.
Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн.
Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет.
Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.
Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы
керек.
Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік
– әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.
Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқып­тылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қа­­зақты дәл
осындай кейіпте көргіміз ке­­ле­ді.
Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағи­даттарын орнықтыру.
Сондай-ақ ұлт сапа­сын арттыруға атсалысу.
Ысырапшылдық пен даңғазалық қо­ғам­ның да, адамның да абыройын тө­геді. Жауапсыздық,
немқұрайдылық бү­кіл елді қасіретке ұшыратады. Ал бос сөз­ді­лік пен бөспелік, мақтаншақтық
қоғам­ның дамуын тежейді. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шын­ның бетін
бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті болып отыр.
Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн.
Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы
керек.
Құрметті отандастар!

Алдымызда ауқымды әрі күрделі мін­деттер тұр. Соларды табысты жүзеге асы­ру үшін тың тәсіл,
жаңаша ойлау, жал­пы­ұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет.
Біздің стратегиялық бағытымыз – ай­қын. Түйткілді тұстарымыз бен кемші­лік­терімізді жақсы
білеміз.
Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағда­рыс жағдайында атқарылатын іс-шара­лар­дың жоспарын
баяндадым. Оның жеміс­ті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты.
Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз
қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр.
Сондықтан еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне
байланысты болмақ.
Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған.
Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген
міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз.
Біз – халқымыздың тәуелсіздік жо­лындағы сан ғасырлық арман-тілегіне қол жеткізген
ұрпақпыз.
Келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл болады. Бұл мерейлі дата – Егемен еліміз үшін аса
маңызды меже. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы.
Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр.
Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақ­сатымызға жетеміз.
Бұл біздің қолымыздан келеді.
Мен бұған кәміл сенемін.
Еліміз әрқашан аман болсын!

Ұқсас жұмыстар
Стильдердің тілдік құралдары
Әлем жігер және елестету ретінде
ИМАНИПЕДАГОГИКА
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Махамбетке хат
Картоп зиянкестері мен аурулары
ФИЛОСОФИЯ - ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Тірі ағзалардың көбеюі
Өзін-өзі тану ілімінің ғылыми негіздері туралы ақпарат
Пәндер