Ұйымды басқару негіздері




Презентация қосу
Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі М.ӘУЕЗОВ
АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Ұйымды басқару негіздері

Пәні: Экономика және өндірісті
ұйымдастыру
Орындаған: Ыбрай Қадыржан
Тобы: ИП-17-5К-1
Оқытушысы: Айдарова А.Д.
Жоспар:

1.Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру.
2.Басқару функциялары мен әдістері.
3.Кәсіпорын қызметіндегі маркетингтік тәсіл,
маркетингтік шешімдер туралы ақпарат.
1.Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
Кәсіпорындағы өндірісті
басқару процесі басқару
аппаратына
ұйымдастырылған
жұмысшылар ұжымымен
жүзеге асырылады. Басқару
аппаратының маңызды
сипаттамасы оның
құрылымы болып табылады.
Өндірісті ұтымды ұйымдастыру және ыңғайлы
басқару қағидасы бойынша кәсіпорынның өзара
байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де оның
құрылымын анықтайды.
Кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастырудың ортақ
принциптеріне мыналар жатады:

• нарық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы, кәсіпорын
мақсаттарына жету;

• басқаруды орталықтандыру мен децентрализациялаудың ұтымды ара-
қатынасын қамтамасыз ету;

• жұмыстарды басқару деңгейлері мен орындаушылар бойынша бөлістірудің
біркелкілігі;

• басқару жүйесін қажетті ақпараттармен уақытылы қамтамасыз ету;

• кәсіпорындағы басқару жүйесін жеңілдету;

• кәсіпорынды басқару тиімділігін арттыруға тұрақты ұмтылу.
Әрбіркәсіпорын үшін басқару аппаратының құрылымы
мен саны былайшатоптастыруға болатын көптеген
факторларға тәуелді болады:
• техникалық (өндіріс масштабы, технологиялық
процестер мен жабдықтардың күрделілігі, өндіріс пен
басқаруды автоматтандыру деңгейі);
• ұйымдық - әкономикалық (функцияларды
орталықтандыру дәрежесі,басқарушы жүйенің әртүрлі
сатылары мен звенолары арасындағы байланыстар
сипаты);
• сыртқы байланыстар мен жағдайлар (жабдықтау және
өткізу жүйесі,климаттық және табиғи жағдайлар);
• ұйымдық – құқықтық қатынастар (ЖШС, АҚ).
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы – бұл басқару
функциялары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін басқару
звеноларының жиынтығы. Басқару құрылымы сатылар мен звенолардан
тұрады.

Басқару звеносы – бұл белгілі бір басқару функциясын (жоспарлау,
есепкеалу, реттеу және т.б.), оның бір бөлігін немесе бірнеше
функциялардың жиынтығын орындайтын дербес құрылымдық бөлімше.

Басқару сатысы – бұл басқару деңгейі, белгілі бір деңгей звеноларының
біртұтастығы, басқару иерархиясы (кәсіпорынды басқару, цехты
басқару,өндірістік учаскелерді басқару және т.б.).Басқарудың ұйымдық
құрылымын құру негізінде бағынудың сызықтық құрылымы мен басқару
функцияларынан тұратын өндірістік – аумақтық принцип жатыр.
Тәртіп бойынша, кәсіпорында үш звенолы өндірістік құрылым болады, оған
сәйкес үш звенолы басқару құрылымы құрылады.
Басқарудың төменгі деңгейі өндірістік процесті жүзеге асырады. Оған
объектінің жағдайы туралы барлық ақпараттар келіп түседі, ол ақпараттарды өңдеуді
және тікелей сызықтық басқаруды жүзеге асырады.
Ортаңғы деңгей жұмыстар ағымын бағыттайды және қызмет көрсетуді
ұйымдастырады. Мұнда өндіріс пен оған қызмет көрсетуді жедел басқару үлкен
мәнге ие, бірақ бұл жерде аз көлемде болса да сызықтық басқару функциялары
сақталады. Цех бастығына ақпарат барынша кеңейтілген түрде, көбінесеберілген
параметрлерден ауытқулар түрінде келіп түседі.Цех басшысының аппараты бастапқы
құжаттамаларды өңдейді және оныаса кеңейтілген түрде жоғарғы деңгейге ұсынады
(тәуләктәк өнім өндірісі,өндірістік қуаттар, материалдық – техникалық құралдардың
шығындары,шикізат пен өнімнің сапасы және т.б. туралы рапорттар).
Жоғарғы деңгей техникалық – әкономикалық жоспарлауды, жеделбасқаруды,
бухгалтерлік есепті, еңбекті ұйымдастыруды, техниканыжетілдіруді және т.б. жүзеге
асырады. Ол барлық жұмысқа басшылық етеді,өндірістің барлық әлементтерінің
алдын – ала дайындығын қамтамасыз етеді және бақылайды. Директорлар Кеңесімен
және басқармамен ұсынылған кәсіпорынның жоғарғы басшылығы функциялардың
былайша бөлінуінен тұрады: директорлар кеңесі жалпы саясатты өңдейді, ал
басқарма оны жүзеге асырады. Директорлар кеңесі ұйымдастырушы және
бағыттаушы звено ретінде орын алады, ал қабылданатын шешімдер жедел қызметтің
негізі болып саналады. Директорлар кеңесі әртүрлі деңгейлердегі әртектес басқару
қызметтерінің қызметін өзара үйлестіреді және кәсіпорынға басшылық етудебіртұтас
сызықты жүргізуді қамтамасыз етеді.

Ұқсас жұмыстар
Басшы басқару стилін зерттеу
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі
Басқару ғылымының пәні мен әдісі
Туризмдегі экономикалық басқару жүйесі
Ұйым түсінігі және түрлері
Көшбасшылық теориялары
Топтағы құрылымдық элементтер
Менеджмент эволюциясы
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ. БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру және басқару
Пәндер