Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту (2011-2020): заңдық негіздер, тәжірибе және мәселелер


Slide 1

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту Орындаған:Нурланова Айдана 301 топ

Slide 2

Қазақстан Республикасының Елбасы биылғы Жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді. 2011-2020 жылдары Қазақстан републикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты-білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету болып отыр.

Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі-мүмкіндіктері шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құралған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың білім алудағы тең құқықтар қағидасы қарастырылады.

Slide 3 Slide 4

Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер:

-Қазақстан республикасының Ата Заңы-Конституцияда,

- «Қазақстан Республикасында бала құқықтары»,

-«Білім туралы»,

-«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау»,

-«Арнайы әлеуметтік қызметтер»,

-«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.

Slide 5

Инклюзивті білім беру дегеніміз - жынысы, жасы, тегі, діни көзқарасы дамуында арттақалушылығы немесе тұрмыстық жағдайына қарамастан барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толықтай енгізу және әлеуметтік бейімделу барысында кездесетін кедергілерді жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Демек, бұл үдерістің нәтижесінде білім беру жүйесін өзгеріске ұшырататын тұжырымдама жасалынады. Жалпы білім беретін мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдап оқытуға және тәрбиелеуге дайын болуы қажет.

Slide 6 Slide 7

Инклюзивті білім беру концепциясын жүзеге асыру барысында төмендегідей сұрақтарға жауап іздеу қажеттілігі туындайды:

1. инклюзивті мектеп болуы үшін ол қалай өзгеруге тиіс;

2. мектепке білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктері әр түрлі балалармен жұмыс жасауға дайын және қабілетті мұғалімдер келуі үшін мұғалімдерді дайындау және ұстаздардың біліктілігін жоғарылату жүйесі қалай өзгеруі қажет;

3. инклюзивті білім беру идеяларын дамыту және балалардың құқықтарын қорғауда ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық құралдар мен қоғамның рөлі қандай?

Slide 8

Инклюзивті білім беру дегеніміз - қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы.

Инклюзивті білім беру жүйесіне кіріктірілген балалар үлесі жалпы балалар санының 19, 1% құрайды.

Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына енгізуге жағдай жасау мәселелері өз шешімін табуда. Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО-да оқу-тәрбие үдерісіне мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіру мәселелері төмен деңгейде.

Slide 9

Кіріктіре оқытуды білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне толықтай енгізу дамуында ауытқуы бар бала үшін оның дене және психологиялық даму деңгейі жас шамасына сәйкес немесе жақын болғанда ғана тиімді екендігі ғылыми зерттеу жұмыстары барысында байқалды. Бірақ ол зерде дамуында бұзылыстары бар балаларға тиімсіз екендігін атап өткен жөн. Осы жөнінде айтатын болсақ, оларды білім беру ұйымдарында біріктіріп, бос уақыттарында мектептен тыс түрлі іс-шараларға қатысуға ынталандыру міндетті болуы керек.

Slide 10

Бүгінгі күні республикамыздағы арнайы ұйымдар жүйесінде 63 түзету және инклюзивті білім беру кабинеті, 129 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 20 оңалту орталығы және 479 логопедиялық пункт қызметтерін жүзеге асыруда.

2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерді «кедергісіз аумақтар»(пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, медициналық құрал-жабдықтар т. б. ) жасалды. 2011 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектеп үлесі 18, 9% болды.

Slide 11

Республикамызда 2002 жылдан бастап дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер жасалып, қазақстандық басылымдарды шығару жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай мекемеде жұмыс жасайтын педагогтар түзету педагогикасы, арнайы психология негіздерін, дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін, осы балалара арналан білім беру және оңалту үдерістерін ұйымдастыру технологиялары мен әдістемелерін білуі қажет.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту: мемлекеттік саясат, заңнамалық негіздер және практикалық қамтамасыз ету
Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамыту: теориялық, әдістемелік және институционалдық аспектілер
Инклюзивті білім: халықаралық тәжірибе, құқықтық негіздер және Қазақстандағы даму мәселелері
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы мен 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
Канададағы инклюзивті білім: принциптер, заңнама және тәжірибе
Инклюзивті білім: халықаралық тәжірибе және дамудың негізгі тарихи кезеңдері
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту және қолдану мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары мен бағыттары
Көптілді білім беруді инновациялық дамыту: әдістемелік негіздер мен мектепішілік мониторинг
Кореядағы инклюзивті білім беру: заңнамалық негіздер, бағдарламалар және сын-тегеуріндер
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің заңнамалық негіздері мен 2011-2020 жылдарға арналған реформалары: стандарттар, халықаралық интеграция және 12 жылдық білімге көшу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz