ҚТҚ қоршаған ортаның ластануы


Slide 1

Гигиена және эпидемиология кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: «ҚТҚ қоршаған ортаның ластануы»

Дайындаған: Абай Ж. М.

Тобы: В-МІҚ-01-19

Қабылдаған: Байконсова Л. О.

Шымкент 2021

Slide 2

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

А) Қоршаған ортаның ластануы.

Ә) Физикалық ластану.

Б) Химиялық ластану.

В) Биологиялық ластану.

IV Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Қоршаған ортаның ластануы.

Қоршаған ортаның ластануы - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді.

Slide 4

Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді.

Slide 5

Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т. б. ), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары т. б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Slide 6 Slide 7

Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі: 1. Биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы; 2. Механикалық - қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің нәтижесінде ластануы: 3. Химиялық - қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі; 4. Физикалық ластану - Шу, дабыл нәтижесінде; Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы; Радиоактивті ластану.

Slide 8 Slide 9

Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, т. б. жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі.

Slide 10

Жер бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі - ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер - уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

Slide 11 Slide 12

Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт - адам организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы. Организмге түскен микробтар өсіпөну үшін айрықша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі бір жерде өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитінде өсе алады.

Slide 13

Биологиялық ластауыштарды жұқтырудың негізгі көзі топырақ болып саналады. Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі топырақта тіршілік етеді. Мысалы, жауын құрттары, балдырлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, т. б.

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Физикалық ластану.

Физикалық ластану - қоршаған ортаның температуралық-энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерінің нормадан ауытқуларынан болатын ластану. Физикалық ластаушылар - Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі) ; жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы) ; шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы) ; электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар) ; радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі) ; озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі) . Қала үшін жағымсыз факторлардың бірі физикалық табиғаты әртүрлі дыбыс тербелісінен пайда болатын шуыл.

Slide 17

Әдетте төменгі жиіліктегі автокөліктердің шуылы жоғары жиіліктегі шуылға қарағанда алысқа тарайды. Зерттеулер көрсеткендей, тіпті қысқа уақытты шуыл организмнің барлық жүйелеріне (әсіресе жүреқ- қан және жүйке жүйелеріне) жағымсыз әсер етеді. Адам 30-40 дБ шуылда өзін қолайлы сезінгенімен, 120 дБ-ден жоғары шуыл орғанизмге үлкен ауыртпалық түсіреді. Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй қабырғасының жартысына дейін өсіп тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей төмендетеді. Өсімдіктердің шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне (габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне байланысты. Шуылдан арнайы (бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.

Slide 18

Химиялық ластаушылар

Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады. Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады. Екпе ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына қорғаныш бола алады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Қаптама және қоршаған ортаның жағдайы
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және олардың экологиялық генетикалық салдарлары
Қан құрамы
Табиғи ортаның сапасы мен халық денсаулығы
Гидросфераның ластануы
Қалдықтарды басқару пәніне кіріспе
Пайдалы қазбаларды игеруде туындайтын мәселелер
Қышқылдық жаңбырлар
Топырақтың ауыр металдармен ластануы
Қалалық тіршілік ортаның ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz