Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері


Slide 1

«Фармакология, фармакотерапия клиникалық фармакология» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: «Рецептураға кіріспе. Жалпы рецептура. Қатты, жұмсақ және сұйық дәрілік түрлер»

Дайындаған: Абай Жанерке.

Тобы: В-МІҚ-01-19

Қабылдаған: Сырманова Н. Р.

Шымкент 2020 жыл

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

А) Жалпы рецептура .

Ә) Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері.

Б) Қатты, жұмсақ және сұйық дәрілік түрлері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе бөлім Рецепт.

Рецепт- дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап берілуі, онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетілген, жазбаша нұсқауы мен жолдамасы. Рецепт арнайы бланкте жазылады. Рецепт өте маңызды арнайы медициналық және заңдық құжат. Рецепт 2005 ж. 3-ақпанда Қ Р Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 38 бұйрыққа сәйкес ережелер бойынша жазылады.

Slide 4

Негізгі бөлім: Жалпы рецепт

Жалпы рецептура дегеніміз - дәрілердің жазылуы мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрітану ғылымының бір бөлімі. Дәрілік заттар дегеніміз - организмге емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар. Дәрі дегеніміз фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әр түрлі ауруды емдеу алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы. Егер дәрі бір дәрілік заттан тұрса, онда бұл атаулар бір біріне сәйкес келеді.

Slide 5

Рецепт арнайы бланкте қатесіз анық жазылуы керек. Қате түзеу рұрсат етілмейді. Бір рецептуралық бланкіде бір ғана дәрі жазылады. Рецептің жарамды мерзімі 7 күнге дейін. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін науқастарға тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға рецептің жарамды мерзімі 1 айға дейін. Рецепт бланкасында “арнайы тағайындалуы үшін” деген штамп қойылады. ҚР рұқсат етілмеген және тіркелмеген дәрі-дәрмектерге рецепт жазылмайды.

Slide 6

Рецепт құрылымы 9 бөлімнен тұрады:

1) Inscriptio - емдеу мекемесінің аты, коды

2) Datum - рецептің берілген күні

3) Nomen aegroti - науқастың аты-жөні

4) Aetas aegroti - нақастың жасы

5) Nomen medici - дәрігердің аты-жөні

Slide 7

6. Дәрілік заттардың белгісі және олардың саны(жазбаша) .

7. Дәрілік пішіндердің аталуы(май, ұнтақ және т. б. ) немесе фармацевтке басқа тапсырма.

8. Дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері(сигнатура) .

9. Дәрігердің тек өзінің қолы мен мөрі.

Slide 8

Рецепт жазғанда белгілі талаптарды, ережелерді орындау керек.

Рецепт-Recipe: (Rp. :) - ал сөзінен басталады. Әр дәрілік құралдың атауы жаңа жолдан жазылады. Дәрілік заттар, құралдар және өсімдіктер атаулары бас әріппен жолдың ортасында жазылады. Оң жағынан саны белгіленеді.

Әр заттың аты Genetivus-та жазылады, таблеткеалар мен суппозиториялар Accusativus септігінде жазылады. (Мөлшері Recipe сөзіне қатысты болғандықтан табыс септігінде жазылады) .

Slide 9

Мысалы, ал (нені?) үш тамшыны (табыс септігінің көпше түрінде) (ненің?) жалбыз майының (ілік септігінде) Recipe: Olei Menthae guttas III.

Рецепте қатты және ұнтақ дәрілік заттар граммен беріледі . Араб сандарымен жазылады. Бірақ грамм сөзі жазылмайды. Ол ондық бөлшекпен көрсетіледі.

Мысалы, Recipe: Unguenti Zinci 30. 0

Recipe: Anaesthesini 0. 3

Slide 10

Рецепт жазу үлгісі қысқартылған және толық түрде болады. Қысқартылған түрі:.

Негізгі рецептуралық қысқартулар ▶ Ana (аа) - бірдей ▶ Acidum(aa, acid) - қышқыл ▶ Ampulla(amp) - ампула ▶ Aqua(ag) - су ▶ Aqua distillate(Aq. destill) - тазартылған су ▶ Buturum(but) - май ▶ Compositus(comp, cps) - күрделі ▶ Dasigna. detur(D. S) - бер, осылай берілсін

Slide 11

▶ Da tales doses(D. t. D) - мынадай дозалар бер ▶ Dilitus(dil. ) - араластырылған ▶ Divide in partes aequales(Div inp. aeg) - бірдей бөлікке бөлу ▶ Extractum(Extr) - экстракт ▶ Fiat(fiant-F) - болсын ▶ Gutta, guttae(Gtt) - тамшы, тамшылар ▶ Infusum(inf) - тұнба ▶ In ampullis(in ampull) - ампулада ▶ In tabulettis(in tab) - таблеткада ▶ Linimentum(lin) - сұйық май ▶ Ligor(lig) - сұйық

Slide 12

Сұйық дәрілік заттардың мөлшері миллилитр көлемінде беріледі. Егер сұйық дәрілік заттар 1 мл ден аз болса, онда тамшы мөлшерінде беріледі де, табыс септігінде (Acc. ) жекеше түрде (sing. ) - guttam, ал көпше түрде (plur. ) -guttas деп жазылады. Мөлшері римдік цифрмен беріледі.

Мысалы:

Recipe: Olei Menthae piperitae guttas V

Recipe: Olei Vaselini 30 ml

Slide 13

Жоғарыда айтылғандардан басқа рецепте дәрігердің ерекше белгілері кездесуі мүмкін. Егер аурудың жағдайы ауыр болса және тез арада дәрілік кемек көрсету керек болса, онда дәрігер рецептің жоғарғы оң жақ бұрышында «сіш» (тез арада, жылдам) белгісін қояды. Мұндай рецептер бойынша дәрілік препараттар тез дайындалып, кезектен тыс босатылады.

Slide 14 Slide 15

Ұнтақтар-Pulveres(атау сеп, ж-ше түрі- Pulvis, ілік сеп, ж-ше түрі Pulveris) Ұнтақтар, - сыртқа қабылдауға арналған қатты дәрілік қалып. Ұнтақтардың жіктелуі 3: 1. Қолдану әдісі бойынша:ішке, сыртқа 2. Құрамына қарай жай(1 заттан тұрады) күрделі(құрамы 2 не одан көп) 3. Дозалау сипатына қарай:бөлінбеген(дозаланбаған) бөлінген(дозаланған) Ұнтақтарды рецепттерде жазу ережесі 1. Жай дозаланбаған ұнтақ: «Rp. :» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді) Келесі жолда-D. S Мысалы: Rp. : Magnesii sulfatis30, 0 D. S 1І 2 стакан жылы суда ерітіп, күніне 1 рет 2. Жай дозаланған ұнтақ:«Rp. :» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты мен жалпы мөлшері граммен жазылады(Pulveris сөзі көрсетілмейді) 1 ұнтақтың граммен дозасы жазылады. Келесі жолда D. t. d. N. . Одан кейін S-жазылады Мысалы: Rp. : Magnesii oxydi 0, 5 D. t. d. N10 S. тамақтан соң 1 ұнтақтан

Slide 16

3. Күрделі дозаланған ұнтақ :«Rp. :» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты(Pulveris сөзі көрсетілмейді) мен 1 ұнтақтың дозасы жазылады, Келесі жолда қосымша заттың аты мен дозасы, әрі қарай M. f. pulvis, Келесі жолда-D. t. d. N…одан кейін-Sжазылады. Мысалы: Rp. :Riboflavini 0, 005 Thiamini chloridi 0, 002 Sacchari 0, 3 M. f. pulvis D. t. d. N50 S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет

Slide 17

4. Күрделі дозаланбаған ұнтақ :«Rp. :» сөзінен кейін үлкен әріппен ілік септігінде дәрілік заттың аты(Pulveris сөзі көрсетілмейді) мен граммен жалпы саны жазылады, Келесі жолда қосымша заттың аты мен дозасы, әрі қарай M. f. pulvis, Келесі жолда- D. Sжазылады. Мысалы: Rp. :Zinci oxydi 5, 0 Talci 15, 0 M. f. pulvis D. S. сеппе 5. Өсімдік текті ұнтақтарға рецепт жазғанда :«Rp. :» сөзінен кейін-Pulveris жазылады, ілік сеп. ұнтақ жасалған өсімдік бөлігінің аты, өсімдік аты, саны(дозаланбаса) 1 ұнтақтың дозасы(дозаланған) Келесі жолда-D. t. d. N…одан кейін-S(дозаланған болса) D. S(дозаланбаған болса)

Slide 18

Таблеткалар-Tabulettae(атау сеп. ж-ше түрі-Tabuletta; табыс сеп. ж-ше туріTabulettam; табыс сеп. кше түрі-Tabulettas; қысқартылуы-Tab. ) Таблеткаларды рецеттерде жазу ережесі: 1. «Rp. :» сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Tabulettam дәрілік қалыптың аты жазылады, дәрілік заттың аты ілік септігінде бас әріппен және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады D. t. d N…одан кейін S. 2. «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік заттың аты үлкен әріппен ілік септігінде және 1 таблетканың дозасы граммен жазылады. Келесі жолда D. t. d N…одан кейін S. Мысалы: Rp. :Tabulettam Analgini 0, 5 D. t. d N10 S. 1 таблеткадан бас ауырғанда. 3. . «Rp. :» сөзінен кейін табыс септігінде, көпше түрде- Tabulettas жазылады, дәрілік заттың аты атау септігінде бас әріппен тырнақша ішінде жазылады, N . . . келесі жолда-D. S Мысалы: Rp. :Tabulettas «Benalginum»N10 D. S. 1 таблеткадан буын ауырғанда

Slide 19

Пилюлалар-Pilulae-салмағы 0, 1-0, 5 г, пішіні шар тәрізді, біріңғай серпімді заттан жасалған, ішке енгізуге арналған қатты дәрілік қалып. Қазіргі таңда өте сирек рецепт жазып беріледі. Карамельдер-Caramel. Карамельдер-дәрілік заттарды қантпен және сірнемен араластыру арқылы алынатын қатты дәрілік қалып. Негізінде жұтқыншақ пен ауыз қуысы шырышты қабатының ауруларында қолданылады. Карамельдер рецепте ресми таблеткалар сияқты жазылады. Қарындаштар-Stilus- дәрілік заттарды балқыту жолымен алынатын, бір жақ ұшы сүйірленген қатты дәрілік қалып. Қарындаштарды қармаушы және күйдіргіш әсер алу үшін теріге, шырышты қабыққа жағады. (мысалы, қан тоқтатаын қарындаштар)

Slide 20 Slide 21

Жағылмалар-Unguenta-консистенциясы тұтқыр, сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрілік қалып. Жағылма негізі ішінде біркелкі бөлінген бір немесе бірнеше дәрілік заттан тұрады. Жағылмаларды рецептте жазу ережесі: 1. «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде-Unguenti6дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады, консентрациясы процентпен немесе граммен және жалпы жағылма мөлшері граммен көрсетіледі, келесі жолда D. S Мысалы: Rp. : Unguenti Oxalini 0, 25%-5, 0 D. S Күніне 3-4 рет мұрынның шырышты қабатынан жағу. 2. Егер күрделі болса, Толық рецепт түрінде ілік септігінде, мөлшері граммен көрсетіліп немесе ӘБ негізгі әрекет ететін зат пен жағылмалық негіздері қоса жазылады. Келесі жолда M. f. unguentum-одан кейін D. S. Мысалы: Rp. : Oxolini0, 0125 Vazelini ad 5, 0 M. f. unguentum D. S. Куніне 3-4 рет мұрынның шырышты қабатына жағу

Slide 22

Пасталар-Pastae-жағылмалардан ұнтақ сияқты заттардан тұратынымен ерекшеленді. Дене температурасында пасталар жұмсарады. Пасталар адсорбциялаушы, кептіретін қасиетке ие. Қолданылуына байланысты стоматологиялық, ддерматологиялық т. б бөлінеді Пасталарды рецептте жазу ережесі: 1. Rp. :-сөзінен соң жағылмалы негіздің аты мен мөлшері граммен көрсетілген, ілік септігінде жазылған, негізгі әсер ететін заттан бастап, жалпы мөлшеріне дейінгі компоненттері көрсетіледі. Келесі жолда M. f. pasta, одан кейін-D. S. Мысалы: Rp. : Anaesthesini 5, 0 Amyli 12, 5 Vaselini ad 50, 0 M. f. pasta D. s. Тері зақымдалған аймаққа жағу 2. Официналды пасталарға «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде-Pastae, дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады және мөлшері граммен көрсетіледі, келесі жолда D. S Мысалы: Rp. :Pastae Zinci-Salicylatae 100, 0 D. S. зақымдалған аймаққа жағу

Slide 23

Суппозиториялар-Suppositoria- бөлме температурасында қатты, дене температурасында еритиін, балқитын, дозаланған, жұмсақ дәрілік қалып. Пішініне қарай шарлар, жұмыртқа тәрізді, пессария болып бөлінеді. Суппозиторияларды рецептте жазу ережесі: 1. Қысқартылған түрі: «Rp. :» сөзінен кейін табыс септігінде жекеше түрде-Supositorium, содан соң cum дәрілік зат аты бас әріппен жазылады. Келесі жолда D. t. d. N… S. Мысалы: Rp. : Supositorium cum Glycerino 1, 5 D. t. d. N16 S. 1 суппозиториядан тік ішекке

Slide 24

2. Толық рецепт түрі: «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде, 1 суппозиторияның дозасы жазылады. Келесі жолда M. f. suppositorium rectale Одан кейін D. t. d. N . . . S Мысалы:Rp. : Euphyllini 0, 2 Olei Cacao 3, 0 M. f. suppositorium rectale D. t. d. N 10 S. 1 суппозиториядан тік ішекке 3. Комеррциялық атпен шыққан суппозиториялар «Rp. :» сөзінен кейін табыс септігінде көпше түрде «Suppositoria» содан соң тырнақшада дәрілік заттың аты бас әріппен атау септігінде, келесіде N D. S Мысалы: Rp. : Suppositoria « Anosolum» N10 D. S. Тік ішекке күніне 2 рет

Slide 25

Пластырьлер-Emplastra-сыртқа қолдануға арналған, дене температурасында жұмсарған соң теріге жабысатын қабілеті бар дәрілік қалып. Бұл көне дәрілік қалыптардың бірі болып келеді, сирек қолданылады.

Линименттер-Linimenta-сыртқа қолдануға арналған қою сұйықтық түріндегі, дене температурасында балқитын қоймалжың дәрілік қалып. Гомогендігіне байланысты бөлінеді:гомогенді, эмульсиялық, суспензиялық. Линименттерді рецептте жазу ережесі: 1. «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік зат аты бас әріппен ілік септігінде, »Linimenti» дәпілік заттың аты бас әріппен ілік септігінде жазылады, одан кейін концентрациясы %көрсетіледі және жалпы мөлшері келесі жолда D. S. Мысалы: Rp. : Linimenti Synthomycini 10%-30 ml D. S. Конъюктивті қапқа күніне 2 рет енгізу

Slide 26 Slide 27

Ерітінділер-Solutiones-дәрілік затты арнайы еріткіштерде еріту арқылы алынатын сұйық дәрілік қалып. Ерітінділердің спиртті, майлы, сулы түрлері бар. Қолдану әдісіне байланысты:сыртқа, ішке, иньекцияға арналған ерітінділер деп бөлінеді. Ерітінділерді рецептте жазу ережесі: 1. Қысқартылған рецепт түрі. «Rp. :» сөзінен кейін дәрілік заттың аты ілік септігінде «Solutionis»6дәрілік заттың аты бас әріппен ілік септігіде жазылады, одан кейін концентрациясы мен жалпы мөлшері көрсетіледі, келесі жолда-D. S. Мысалы: Rp. : Solutionis Naphthyzini 0, 1%-10ml D. S. Күніне 3-4 рет 1-2 тамшы мұрынға. 2. Толық рецепт түрі. Негізгі зат ілік септігінде, мөлшері граммен немесе ӘБ көрсетіледі, әрі қарай(ad) ерітіндінің жалпы мөлшері көрсетілуімен еріткіштің аты жазылады, келесі жолда M. D. S. Мысалы: Rp. : Solutionis Cholini chloridi 20, 0 Aquae purificatae ad 100ml M. D. S. 1 шай қасық күніне 3 рет.

Slide 28
Ұқсас жұмыстар
ЖҰМСАҚ ДӘРІЛІК ЗАТ ФОРМАЛАРЫ
Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғалардың тізімі
Рецептің бөлімдері
Дәрілер технологиясы ғылым ретінде
Суппозиториилерге арналған негіздер
Инъекцияға арналған ерітінділер
Сұйық дәрілік түрлерде қолданылатын еріткіштер
Профилактикалық шаралар
Эмульсиялық майлар және суппозиторийларды дайындау технологиясы
Нәрестенің дене салмағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz