Құқықтық норма


Slide 1

Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Құқық негіздері жүйесі. Медицина ғылымдары.

Дайындаған: Абай Ж. М.

Тобы: В-МІҚ-01-19

Қабылдаған: Маликов М. М.

Шымкент 2020

Slide 2

Жоспар.

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

А) Құқықтық жүйе және салары.

Ә) Құқықтық нормалар түсінігі, түрлері және құрылымы.

Б) Медициналық қылмыстың түрлері.

В) Құқық бұзушылық белгілері және түрлері.

Г) Медицина ғылымдары.

IV Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе.

Құқық - мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы. Құқық мемлекеттiк органдарды ң құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тәртiбiн және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi және қорғайды. Негізінде бұл құқық пәні заң ғылымдарына жатады.

Slide 4

Негізгі бөлім Құқықтық жүйе.

Құқық жүйе - құқықтық сана сезімнен, құқықтық қатынастар және заң нормаларынан құралатын күрделі заң ұғымы. Ол ішкі бірлік және тұтастықпен сипатталады, қоғамда жеке адамның еркіндігін және өркениетті тұрмысты қамтамасыз ету үшін қажет.

Slide 5

Құқық жүйесінің элементтері

Олар мыналар:

-құқықтық нормалар; -құқықтық сана-сезім; -құқықтық қатынастар.

Құқық нормаларының жүйесі дегеніміз - ол құқықтың нормалары өз ара келісілген, бір-бірінен оқшауланып әрекет етпейтін, бірлікті тұтастық ретінде сипаттайтын ішкі құрылысы. Құқықтық нормалар жүйесінің белгілі бір құрылысы бар, оны салыстырмалы түрде автономиялы құрылымдар, қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті топтарын реттейтін салалар және институттар құрайды. Элементтер мынандай: - бөлек құқықтық нормалар; - құқықтық институттар; - құқықтың тәуелді салалары; - құқық салалалары.

Slide 6

Құқықтық қатынастар

Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негiзiндегi қатынастар болып табылады. Бұл үшiн бiр-бiрiмен байланысты үш негiз болуы керек:

1) құқық нормасы;

2) субъективтiк құқықтар мен мiндеттер;

3) заңға негiзделген айғақ болуы керек.

Slide 7

Құқықтық норма.

Құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже қағида.

Slide 8

гипотеза

диспозиция

санкция

Құқықтық норманың 3 элементтері болады.

Олар:

Slide 9

Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы) .

Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы) . Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.

Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті-анық, баламалы, салыстырмалы.

Slide 10

Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары:

Заңның үстемдiк етуi. Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi. Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылы ғы. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы. • Саяси және идеологиялық плюрализмнi ң болуы. • Азаматтық қоғамның қалыптасуы. • Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халы қаралы қ құқықтық нормалар мен принциптерiне сәйкес келуi.

Slide 11

Қылмыстық кодексте «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық» құрамдарына келесі құрамдар жатады:

Медицина және фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (Қылмыстық кодекстің 317-бабы) ;

Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу (Қылмыстық кодекстің 318-бабы) ;

Заңсыз түсік жасау (Қылмыстық кодекстің 319-бабы) ;

Науқасқа көмек көрсетпеу (Қылмыстық кодекстің 320-бабы) ;

Slide 12

Дәрігерлік құпияны жария ету (Қылмыстық кодекстің 321-бабы) ;

Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (Қылмыстық кодекстің 322-бабы) ;

Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу (Қылмыстық кодекстің 323-бабы) ;

Slide 13

Медицина қызметкерлері кәсіптік қызметтерін атқарумен байланысты әкімшіліктің өкілі емес, тек қана хирург немесе гинеколог болады. Лауазымды қылмыстар объект және субъект белгісі бойынша Қылмыстық кодексте дербес тарауға бөлініп шығарылған. Біз бұл жерде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік және лауазымдық міндеттерінің арақатынасын нақты ажыратуды айтып кетуіміз қажет. Мәселен, аурухананың бас дәрігері жұмысқа орналастырғаны үшін адамнан ақша талап етіп алса, Қылмыстық Кодекстің 366 бабы «Пара алу» бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Бас дәрігер жеке бас пайдасы үшін құжаттарға өзгерістер енгізсе, Қылмыстық кодекстің 369 бабы «Қызметтік жалғандық жасау» бойынша қылмыстық жауаптылық көзделеді.

Slide 14

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай тұжырым жасауға болады:

Медицина және фармацевтика қызметкерлері субъект ретінде тікелей емдеумен және дәрілік қызметті қамтамасыз етумен байланысты кәсіби міндетін жүзеге асыратындықтан кәсіби міндетіне қарай жіктелуі қажет, ал лауазымдық құзыретін жүзеге асыруға байланысты медициналық қылмыстық құқық бұзушылық жасаған лауазымды медицина қызметкері жаңа Қылмыстық кодекстің 371-бабымен сараланатындықтан лауазымдық белгісі бойынша жіктелуі тиіс.

Slide 15

Құқық бұзушылық белгілері және түрлері.


Ұқсас жұмыстар
Құқық нормаларының құрамы және мемлекеттерін мазмұндау тәртібі
ӘЛЕУМЕТТІК НОРМА ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОРНЫ, ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛАНЫҢ ОРНЫ
Құқық нормаларын қолдану
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқық нормаларының негіздері мен белгілері
Әкімшілік құқығы
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
Әкімшілік құқық жайлы
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Құқық бұзушылық белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz