Инсулинді енгізу




Презентация қосу
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: «Эндокринді жүйенің функциясы бұзылу кездегі
мейіргерлік үрдіс»

Дайындаған: Абай Ж. М.
Тобы: В-МІҚ-01-19
Қабылдаған: Алибекова Ж. Р.

Шымкент 2020
Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
А) Эндокринді жүйеге жалпы сипаттама.
Б) Эндокриндік мүшелері бұзылуының көріністері.
Г) Қант диабеті және оның басты белгілері.
Д) Диабеттік табан синдромында аяқ күтімі.
Е) Инсулинді енгізу.
Г) Эндокринді жүйенің функциясы бұзылу кездегі мейіргерлік күтім.

III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мен бұл өзіндік жұмысымда эндокриндік бездер
туралы жазып отырмын. Организм функциялары нерв
және эндокринді жүйе арқылы реттеліп тұрады.
Эндокринді жүйе бұл реттеуші жүйенің эфференттік
звеносы болып табылады және ішкі ортаны қалыпты
жағдайда сақтайды. Бұл қызмет эндокринді жүйенің
қанға бөлініп шығатын гормондары арқылы
атқарылады. Бұл органдардың белсенділігінің өзгеруі
олардың құрылысы өзгеруімен жүреді, сонымен қатар
керісінше олардың құрылысының бұзылуы өндіретін
гормондарының мөлшерін өзгертеді. Осы тақырыптан
алынған білім студенттер үшін гормоналды реттеу
бұзылуларын түсінуге қажет.
Негізгі бөлім: Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды
реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде
гуморальды реттелу дегеніміз — қанның
құрамындағы гормондар және минералдық
заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің
реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы
биологиялық белсенді заттарды бөліп
шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған
заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген
гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және
мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына
әсер етеді
Эндокринді жүйе
Эндокриндік мүшелері бұзылуының
көріністері.
Диабет – гректің сүзгіден өту, яғни үзілу деген
ұғымды білдіреді. Қант диабеті – ұйқы безі
қызметінің бұзылуы, инсулин атты гармонның
жетіспеушілігінен пайда болады. Қант диабеті
инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелсіз болып 2
түрге бөлінеді.
Медбикелік тексеру әдістері

Объективті тексеру тәсілдері:
Жалпы қарау: 1. Көз симптомдары
2.Семіру
3.Жүдеу
4.Қалқанша безінің үлкеюі
5.Фурункулез
6.Терінің пигментациялануы
7. Тырнақ, тіл, шаштың өзгеруі
8.Қолдың дірілдеуі
Пальпация: 1.Тері жағдайларын анықтау
2.Қалқанша безді анықтау
3.Тамыр соғысын анықтау
Лабораториялық –аспаптар арқылы тексеру:
Қалқанша безі:1.Сканермен тексеру
2.Ультрадыбыспен тексеру
3.Қандағы гармондардың деңгейі
4.Негізгі алмасу
5.Қандағы белокқа байланысқан иодтың мөлшері
Ұйқы безі: 1.Қандағы қанттың мөлшері
2.Қандағы қанттық профиль
3.Тәуліктік глюкозурия
4.Ацетонурия
5.Қанның сілтілі резерві
Қант диабетінің басты белгілері

Денеге күш қуат беретін негізгі гармонның азайып
әрі әсерінің әлсіреуі қан құрамында қант
(глюкозаның) мөлшерінің артуын туғызады. Қант
диабетіне шалдыққан адамның ауыз қуысы құрғап,
суға деген құмарлығы артады, кіші дәреті жиі әрі
көп мөлшерде отырады , жұмыс істеу төмендейді,
тамаққа тәбеті артады.
Жүрек, бүйрек, көз және аяқ, қол қан
тамырларында қан айналымның бұзылуынан
жиі бас ауырады, жүрегі қағады, қан қысымы
тұрақсызданады, аяқтың башайлары, қолдың
саусақтары ұйыйды,жансызданады, ұйқысы
бұзылады, көздің алдында маса жүргендей қара
дақтар көлбеңдейді, тез шаршайды, кіші дәреті
бұзылады, көздің көру қабілеті төмендейді аяқ
қол терілері қышиды.
Диабеттік табан синдромында аяқ
күтімі.
Диабеттік табан ауруының алдын-алу үшін екінші типті
қант диабетіне шалдыққан кез-келген науқас аяқ киім
таңдау мәселесіне ден қоюы қажет. Аяқ киімді өлшеп
қарап, таңдауға түстен кейінгі мезгілді арнаған жөн,
өйткені тәуліктің екінші жартысында аяқ аздап ісінеді. Ал
диабетиктің табаны, башайларының арасы терлемегені
дұрыс, өйткені кейін олардан құтылу қиынға соғады.
Бұл аяқ киімдердің
маңыздылығы қандай?
Аяқ киім таңдағанда диабетик мына нәрселерді ескеруі
тиіс:
-Күзгі және қысқы аяқ киім былғарыға қатты тартылып
тігілуі тиіс, оны ұлтарағынан қарап білуге болады;
-Ұлтарақ желіммен жабыспаған, алынатын болғаны
жөн. Егер ұлтарақ желіммен жабыстырылған болса, ол
аяқ киімнің сапасының нашар екенін көрсетеді;
-Ұлтарағы табиғи материалдан жасалған болуы тиіс.
Немесе арнайы медициналық ұлтарақты бөлек сатып
алуға болады.
-Аяқ киімді киместен бұрын, ұлтарағы жиырылып
қалған жоқ па, бәтеңкенің ішіне басқа нәрселер түсіп
кеткен жоқ па, соны тексеріп алған жөн. Осы
шараларды ұдайы орындау арқылы диабеттік
табанның алдын алуға болады.
Қант диабетімен ауыратын науқас аяқ киімді жалаң
аяққа кимеуі және жалаң аяқ жүрмеуі тиіс. Өзен-
көлдерге демалуға барған кезде, суға түсіп шыққаннан
кейін арнайы жағажай тәпішкесін киіп алу керек.
Орманда серуендеу үшін ұшы қатты, жабық аяқ киімді
кию қажет.
Бұл қандай ауруға тән?
Және қандай ауруларда кездеседі?
Қант диабетінің мәзірі (емдік тамақтану)
Сипаттамасы: құрамында холестерині бар және
рафинадталған көмірсулары бар өнімдерді шектеу, тіпті
мүлде қолданбау. Дайындалуы: пісірілген, аздап қуырылған.
Дайындалатын тағам және оның түрлері: қарабидай
наны, қара нан. Көкөніс сорпасы. Орта майлы ет және балық.
Ботқалар: қарамық, сұлы, тары. Қышқыл сүт өнімдері.
Жемістер, көкөністер. Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған
және маринадталған өнімдер. Манка жармасы, макарондар,
тәттіжемістер. Шектеу керек: сәбіз, қызылша, жасыл бұршақ,
картоп, жұмыртқа.
Инсулинді енгізу.
Көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабеті, кетоацидоз, команы
емдеу.
Қарсы көрсетілімдері:гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық
реакция болған жағдайда.
Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.
Енгізілетін жерлері: иықтың жоғарғы бөлігінің сыртқы беті және
жамбастың ортаңғы бөлігінің сыртқы беті, жауырын асты аймағы іш
пердесінің алдынғы беті.
Дайындаңыз: инсулин ерітіндісі бар флаконды, тері антисептигін,
залалсыздандырылған: лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі
пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин
шприцтерін, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған
контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге келісімін
алыңыз;
2.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз.
Қолғапты киіңіз.
3.Флаконның жазуын оқыңыз: атын, дозасын, сақталу мерзімін. Дәрігердің ем
тағайындайтын парағымен салыстырыңыз. Флакон қорабындағы және этикеткасындағы
инсулиннің атын және әріптік белгілерін тексеріңіз.
4.Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл
аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып
оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін
есептеңіз.
.

5.Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі
алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы
керек (сілкуге болмайды!). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин
мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.
6.Флакондағы инсулинді су моншасында 36-370С
температурасына дейін жылытыңыз.
7.Ораудағы инсулин шприцін алыңыз. Ораудың сақталу мерзімін
және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті
құрастырыңыз.
8.Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.
9.Флаконның резеңке тығынын тері антисептигіне суландырған
мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай
қойыңыз, тері антисептигі кепкенше күтіңіз.
10.Инсулин шприцін қолға алып, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша
бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз.
Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.
11.Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.
12.Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.
13.Инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тері антисептигіне
суландырған екі мақта шариктерімен тазартыңыз, алдымен үлкен
көлемді, сосын тура инъекция жасайтын орынды. Терісі кебуі керек.
14.Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз
және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға дейін жеткізіңіз.
15.Оң қолыңызға шприцті алыңыз.
16.Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін үш
бұрышты қыртысы негізі төмен қараған жағынан жиыстырыңыз.
17.Тері асты майлы қабаты ортасына 30-450 бұрышпен үш бұрыш
қыртысы негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап иненің
ұзындығына жылдам қозғалыспен енгізіңіз.
18.Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.
19.Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін
тексеріңіз.
20.Жылдам қозғалыспен инені шығарыңыз, құрғақ
залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге
қойыңыз.
21.Науқасты тамақтандырыңыз.
22.Қолғапты шешіңіз.
23.Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз
жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
24.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Қорытынды
Эндокриндік жүйе қандай
ұлпадан дамуына байланыссыз
ішкі ортаға
спецификалық реттеуші заттарды
бөлетін барлық
бездердің,ұлпалардың және
жасушалардың бірігуінен
тұратын жүйе.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Балаболкин М. И. Эндокринология. — 2-е изд.,
перераб. и доп.. — М:"Универсум паблишинг",
1998. — С. 12—18. — 582 с. — 10 000 экз. —ISBN 5-
7736-0018-8.
Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,II том 20042.
Рақышев А.Р.
Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы:
«Кітап», 2006.
• Малая энциклопедия врача-эндокринолога / Под
ред. А. С. Ефимова.— К: Медкнига, 2007.— 360 с.
ISBN 966-7013-23
• Эндокринология. Под ред. Н. Лавина. Пер. с
англ.— М., Практика, 1999. — 1128 с. ISBN 5-89816-
018-3
Назарларыңызға
рақмет!

Ұқсас жұмыстар
СЕМІЗДІКТЕН НЕ СЕБЕПТЕН СУСАМЫР АУРУЫ ТУЫНДАЙДЫ
Қант диабетімен ауратын пациенттерге және отбасы мүшелеріне инсулин және дәрі - дәрмектерді қолдану әдістерін үйрету
Балаларда қолданылатын инсулин препараттары
Кетоацидтік кома
Клиникалық көрінісі
Потенциалды диабет
Қант диабеті
Инсулин
Қант диабеті бар пациенттерді АББ бойынша бақылау
Ақылды үздіксіз глюкозаны бақылау
Пәндер