Жүрек шаншуы
Презентация қосу
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: «Жүрек-қантамыр жүйесі ағзаларының
функциясы бұзылу кездегі мейіргерлік үрдіс»
Дайындаған: Абай Ж. М.
Тобы: В-МІҚ-01-19
Қабылдаған: Алибекова Ж. Р.
Шымкент 2020
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
А) Жүрек – қантамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі
клиникалық көріністері.
Б) Негізгі клиникалық белгілері.
Г) Мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру және кезеңдерін орындау.
Д) Су балансын және тәуліктік диурезді анықтап орындау.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары әр топтағы
халықтар арасында кеңінен таралған, осы
аурулармен ауыратын науқастарды бақылау мен
күтімдеудің ерекшелігін білу мейірбикелер үшін
қажетті. Бұл аурулар науқастың өмір сапасын
көрнекті төмендетеді, ал олардың айрықша
симптомдары, басқа физикалық зақымдалулар,
күшті стресс факторларымен анықталады, ол
науқастардың жайсыз физикалық жағдайын
тудырып, басқа аурулардың ағымын ауырлатуы
мүмкін.
Негізгі бөлім: Жүрек – қантамыр
жүйесінің қызметі бұзылған кездегі
клиникалық көріністері:
1. Ентігу (ұстама түрде, үнемі);
2. Естен тану;
3. Жүрек шаншуы;
4. Асцит
5. Артериалды қан қысымның күрт төмендеуі.
6. Қан қысымның күрт жоғарлауы;
7. Демікпе;
8. Ісіктердің болуы.
Ентігу:тыныс алу жиілігі ырғағының және
терендігінің бұзылысымен жүретін ауа жетіспеу
жағдайы.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау
2.Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді
босату
3.Пациентке Фаулер қалпын орнату (бас
жағын 45 град, көтеріп қою)
4.Палатаны күніне 3-4 рет желдетуді
қамтамасыз ету
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша
көмек):
1. Дәрігердің белгілеуіне сәйкес ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын
жүргізуді қамтамасыз етіңіз;
2.Әр 2 сағат сайын пациенттің тыныс алу жағдайын (жиілігі, ырғағы,
тереңділігі), жөтелдің болуын, тері жамылғыларының түсін бағалау
3.Дәрілік препараттарды дәрігер тағайындауымен қабылдауды бақылаңыз;
4.Пациентті тыныс алуды жеңілдету тәсілдеріне үйрету (төсектегі қалпы, оттегі
жастығын қолдану)
5.Пациентке тірек, жеңілдік беретін тәртібі, оның физикалық белсенділігі
туралы туысқандарымен кеңес жүргізу
Естен тану – аз уақытқа кенеттен ес түссіз қалу. Ол мидың гипоксиясы
әсерінен дамиды. Онда жүрек және тыныс қызметінің әлсіреп, қайта
қалпына келуі байқалады.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
Дәрігер
шақыртамыз.
Науқасты жастықсыз, аяқ жағын көтеріңкі көлденең қалуын қамтамасыз етіңіз;
Таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз, тар киімдерін шешіңіз;
Бетіне және кеудесіне салқын су шашіңіз;
Есін жинамаған жағдайда мүсәтір спиртіне малынған тампонды мұрынына
искетіп, сол тампонмен самайын сүртіңіз;
Науқастың бетін шапалақтаңыз;
Науқастың АҚҚ , пульсін өлшеңіз;
Науқастың аяқтарына жылытқыш қойыңыз, көрпемен жылы ораңыз,
тыныштықты қамтамасыз етіңіз (30 минутқа дейін);
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша
көмек):
Дәрігердің нұсқауымен тері астына немесе
бұлшық етке 1-2 мл кордиамин немесе 10%
1-2 мл кофеин
Жүрек шаншуы - коронарлық артерия
арқылы жүрекке құйылатан қан мен
жүрек бұлшық еттерінің қажетсінуі
арасында уақытша сәйкестік
болмауынан яғни коронарлық қан
айналымының жеткіліксіздігінен
болады.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
дәрігерді дереу шақырту;
науқасқа көлденең қалыпты қамтамасыз ету;
физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету;
таза ауамен қамтамасыз ету;
валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) беру.
жүрек тұсына қыша қою;
Тәуелді кірісулер:
дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілік заттарды
енгізу.
науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ,
пульс) бақылау жүргізу.
Асцит - іш қуысында сұйықтықтыңжиналуы
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
тұз бен сұйықтықты шектеумен калий және уызға бай диета сақтау қажеттілігін
науқастарға түсіндіру және қамтамасыз ету, күніне 3-4 рет бөлшекті тамақтану,
аптасына 1 рет жеңілдететін күн;
науқастың күнделікті су тепе-теңдігін анықтауды қамтамасыз ету;
науқасқа төсек жайлылығын қамтамасыз ету;
төсекте бас жағын көтеріңкі ету;
төсекті кірлегенде ауыстыру;
физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету. Іш қату кезінде -
гипертониялық немесе майлы клизманы дәрігер нұсқауларбойынша қою. Зәр
қабылдағышпен қамтамасыз ету;
науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылауды қамтамасыз ету;
Тәуелді кірісулер:
Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрімектерді
беру және енгізу.
дәрігердің нұсқауы бойынша науқасты және
аспаптарды абдоминалды пункцияға дайындау;
Демікпе
Демікпе- жүрек жетіспеушілігінің белгісі. Жүрек
ауруларында жүрек әлсіздігінің нәтижесінде қанның
минуттік көлемі азаяды, ол қан айналымы
жылдамдығының баяулауына себеп болады. Бұл қанның
қан айналым шеңберлерінде іркілуін тудырады. Қанның
кіші қан айналым шеңберінде іркілуінен оның оттегімен
қанығуы азаяды-гипоксия мен гиперкапния дамиды.
Гипоксия мен гиперкапния тыныс алу орталығын
қоздырып,демікпе тудырады.
Жүрекшамасыздығына тән демікпе әуелі организмге
қалыпты күш түскенде,кейін аурудың отырған күйінде
байқалады.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
Дәрігерді дереу шақыру;
Науқасты ыңғайлы қалыпқа келтіру;
Таза ауамен қамтамасыз ету;
Мүмкін болса оттегімен дем алдыру;
Тәуелді кірісулер:
Дәрігердің нұсқауымен 1 мл 1% морфин гидролхлоридін
тері астына немесе тамыр ішіне енгізу;
Зәр айдайтын препараттарды (40-200 мг фуросемид) беру;
Ісік.
Ісік- жүрек шамасыздағының,оның ішінде
жүректің оң жақ қарыншасының әлсіздігінің
белгісі. Ісіктің пайда болу механизмінің ең
бастысы-қан іркілісінен туатын капллярдың вена
жақ тізесінде науқастардын терісі қажалып,
жараға айналуы мұмкін.Ондай жағдайды
гидростатикалық қысымының көтерілуіболады.
Соның салдарынан қанның сары суының
айналадағы тканьдерге транссудациясы (көшуі)
басталады.
Ісік:
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
тұзды (5 г) және сұйықтықты (800 мл) шектеумен, калий және уызға бай диетаны
сақтау қажеттілігін науқасқа түсіндіру;
№ 10 емдік үстел бойынша диета сактауды науқасқа қамтамасыз ету (науқаспен,
туған-туысқандарымен диетаны сақтау туралы кеңесу), аптасына 1 рет жеңілдету
күні;
науқас ішетін күнделікті су тепе-тендігін анықтау;
үш күнде 1 рет науқасты өлшеу;
тері және кілегей қабаттардың күтімін қамтамасыз ету;
науқастың физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету;
зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету.
Тәуелді кірісулер:
Дәрігердің нұсқауымен дәрілік препараттарды беру.
Мейірбикенің міндеттері:
Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.
Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.
Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.
Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа
түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).
Қатты тамақтарда 60-тан 80% дейін су бар.
Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.
Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.
Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).
шығарылған зәр мөлшері · 100
шығарылуы % = енгізілген сұйықтық мөлшері .
Келесі формула бойынша су баланысына есептеу жүргізуді: бір тәулікте
шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта
бөлінетін зәр мөлшері болады.
Шығарылған сұйықтық мөлшерін қалыптағы есептелген сұйықтық
мөлшерімен салыстырылады.
Е \герде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы
кері деп есептеледі.
Егерде сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп
есептеледі.
Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.
Қорытынды.
ЖҚЖ мүшелерінің аурулары бар науқастарды зерттеуде
барлық ерекше шағымдарға, аурудың барысына,
операция, тұқым қуалаушылық науқастың мәселелеріне
көңіл бөлу керек. Психикалық эмоционалдық стресс
және физикалық жүктеме ЖҚЖ ауруларында ұзақ
патогендік рөл ойнайтыны белгілі, сондықтан бөлімде
жағымды психологиялық климат қалыптастыру,
науқастың тыныш жағдайын қалыптастыру, олардың тез
сауығуында негіз болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1.«Медбикелік іс негіздері» Байболина А.Т.; Калиева Г.А.- 2015 ж.
2.«Пациенттерге арналған жалпы күтім» С.К.Байболина.- Алматы
2008ж.
3.«Медбике ісі негіздері» пәні бойынша медбикелік технологиялар
стандартының жинағы М.Ш. Нурманова, Ж.Т. Матакова, Э.Т.
Бейскулова
Қосымша :
1.«Медбикелік іс негіздері» пәніне практикалық басшылық»
С.А.Мухина, И.И.Тарновская - ГЭОТАР-Медиа. 2014ж
2. Интернет желісі.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz