Вирусқа қарсы дәрілер


Slide 1

«Фармакология, фармакотерапия клиникалық фармакология» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: «Вирусқа қарсы дәрілер»

Дайындаған: Абай Ж. М.

Тобы: В-МІҚ-01-19

Қабылдаған: Сырманова Н. Р.

Шымкент 2020 жыл

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Вирустар туралы жалпы түсінік.

Негізгі бөлім

А) Вирусқа қарсы дәрілердің жүктелуі.

Ә) Вирусқа қарсы дәрілердің әсер ету механизмі.

Б) Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы және қолданылуы, жанама әсерлері.

В) Интерферондар, қасиеттері және қолдануы.

Г) Covid-19 (SARS-CoV-2 вирусы қоздырғышы) емдеу.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе: Вирустар туралы жалпы түсінік.

Вирусқа қарсы заттар - бұл макроорганизмде вирусты инфекцияның дамуына жол бермейтін дәрілік топты айтамыз. Вирустар - олар ферментті жүйесі, қабықшасы жоқ жасуша ішілік паразиттер. Олар РНК немесе ДНКдан тұрады. Сондықтан вирусты инфекцияның емінің біраз ерекшеліктері бар. Көптеген препараттар тәжірибеде вирусосцидті әсері болса, клиникалық жағдайда тиімсіз болып келеді.

Slide 4

Қазіргі кезде вирустың екі типі анықталған: ВИЧ-1 және ВИЧ-2. сыртқы ортада вирус тұрақты емес, 56°С жылулықта 30 минутта өледі, 70-80° - 10 минөтте өледі, 70% этил спирті, сутегінің 3 % асқын тотығы, лизлдың 5% ертіндісі натрий гипохлоритінің 0, 2% ертіндісі 10 минөт ішінде вирустің белсенділігін жояды. Вирус жұққан адамның барлық биологиялық сұйықтарында (қан, шауһет, омыртқа жұлыны сұйығы, сілекей, емшек сүті, қынап сұйығы) әртүрлі мөлшерде вирус бөлшектері кездеседі. Ең эпидемиялық жағынан қауіпті саналатын сұйық - қан және сперма.

Slide 5

Ауру қоздырғыш вирус жыныс жолдары арқылы, қан және оның препараттарын құю кезінде, жақсы зарарсыздандырылмаған дәрігерлік аспаптар арқылы, ару анадан жас нәрістеге берілуі арқылы жұғады. Эпидемиялық қауіпті топқа наркоммандар, гомосексуалдар, жезөкшелікпен айналысатын әйелдер мен ерлер жатады. АИТВ-инфекциясы 3 жолмен беріледі: жыныстық, парентиральдық және периантальдық.

Slide 6

Негізгі бөлім: Вирусқа қарсы дәрілердің жіктелуі.

1. Синтетикалық өкілден:

Пуриндер және пиримидиндердің аналогтары - ацикловир, ганцикловир, рибавирин, видарабин, идоксуридин.

Дидезоксинуклеотидтер - зидовудин, дидзоксицитизин, дидезоксиинозин.

Адамантанаминдер - амантадин, ремантадин, мадинтан, тромантадин.

Фосфоноформиаттар - фоскарнет, фосфорлы сірке қышқылы кислота.

Тиосемикарбазон туындылары - метисазон .

Пентадтар - санквинавир.

Оксолин қышқылының туындылары - оксолиниевая май.

Slide 7

2. Биогенді өкілден:

Иммуноглобулиндер - иммуноглобулин, интраглобин, гамимун, пентаглобин, сандоглобулин, гистаглобулин, цитотект.

Интерферондар:

а-(лейкоцитарлы) : - рекомбинантты - интрон-А, роферон-А, алферон, вэллферон, реальдирон; - синтетикалық - полудан;

в- (фибробластты) : - рекомбинанты - ребиф, фрон; - синтетикалық - бетаферон;

у - (Т-лейкоцитарлы) - гаммаферон, иммуноферон.

Антибиотиктер - пуромицин, рифампицин

Slide 8

Вирусқа қарсы дәрілер клинико-фармакологиялық сипаттамасы бойынша:

Герпеске қарсы: ацикловир, валацикловир, пенцикловир, фармцикловир Цитомегаловирустарға қарсы: амантадин, римантадин, занамивир, озельтамивир

Антиретровирусты: зидовудин, фосфазид, ставудин, диданозин, зальцитабин, ламивудин)

Әсер ету спектрі кең препараттар: ламивудин, рибавирин.

Slide 9

Вирусқа қарсы емнің қиыншылықтары

Вирустар жасуша ішілік облигатты паразиттер. Вирусқа қарсы заттар макроорганизмнің жасушасын зақымдамай жүрмейді. Вирусқа қарсы заттар қолдану тиімділігі аздау, ал кері әсерлерінің туындауы жоғары. Вирустар жасуша цитоплазмасында немесе ядросында болуы мүмкін. Егер дәрілік зат цитоплазматикалық вирустарға әсер етіп, паразиті ядрода орналасатын болса онда ол тиімсіз және керісінше. Сондықтан жеке препараттардың әсеріне байланысты үлкен талғамдылық қажет. Вирусты аурулардың алғашқы клиникалық көріністері вирустардың өсуінен және көбеюінен байқалады. Вирусқа қарсы препараттардың вирусқа қарсы әсерінің механизмі көп жағдайы вирустар көбеюін тежеумен жүреді. Соған байланысты аурудың клиникалық симптомдары байқалмастан бұрын бастау қажет, бірақ ол мүмкін емес.

Slide 10

Вирусқа қарсы заттардың әсер ету механизмдері:

Пуриндер және перимидиндердің аналогтары - ДНК-полимиразаны тоқтатып, вирус репликациясын тежейді вирус ДНК синтезі тоқтайды;

Дидезоксинуклеотетр -қайтымды транскриптазаны тежеп ДНК синтезі тоқтайды вирус репликациясы тоқтайды;

Адамантанаминдер - энлосоманың рН жоғарылатып вакуольдерде ацидификация төмендеп Энлосома жасуша мембрана иесінің вирусты қабақшамен бірігуі тежеліп вирустың абцорбциясымен енуі төмендейді вирустың генетикалық материалының цитоплазма жасуша иесіне өтуі тоқтайды;

Фосфоноформиаттар -пуриндердің фосфорленуін тежеп ДНК полимеразаның белсенділігін тоқтатады вирус ДНК синтезінің ақауы пайда болады;

Тиосемикарбазон туындылары - вирусты бөліктердің кеш ақуыз қабықшаларының синтезін тежейді;

Slide 11

Иммуноглобулиндер - вирустың беткей антигендеріне антидене құрайды адам жасушасына вирусты ң енуіне жол бермейді;

Интерферондар -адам жасушасына рибосомальды ферменттерді бөледі:

протеинкиназаны вирустың алғашқы пептидті тізбегінің құрылуыни бұзады;

РНК-аза белсендіріліп вирустың и-РНК деградацияланады;

фосфодиэстераза т-РНК соңғы нуклеотидтеір бұзылып вирустың өндірілуі тежеледі.

Антибиотиктер - ересек вирусты бөліктердің қабықшасының түзілуі барысында қабықшаның жиналуын бұзады.

Slide 12

Препараттарға сипаттама.

Ацикловир (зовиракс, вирулекс) ағзаға түскеннен кейін белсенді түрге айналып- үшфосфат нуклеозид- ДНК синтезін тежейді. Осы процесске жауапты фермент тиминкиназа вируста адамның жасушасында болады, бірақ ферменттің вирусты формасы адам жасушасының ферментіне қарағанда ацикловирмен белсенді байланысып 1 млн. Есе тез үшфосфат түзеді.

Ганцикловир цитомегаловирустарға белсенділігі жоғары. Ішке қолданылады. Жағымсыз әсерлері: гематотоксикалық, энцефалопатия, иммунодепрессия, репродуктивті жүйенің бұзылуы, мутогенді, тератогенді, канцерогенді.

Жүйелі ұшықты инфекцияда және ветреная оспада жергілікті, ішке және көктамырға қолданылады. Ұшықты инфекциядан және оның неврологиялық асқынуларынан өлімін төмендетеді.

Рибавирин (виразол) - пуринді нуклеозидтердің аналогтары, көптеген вирус РНК-ның репликациясын тежейді(миксо-, арено-, ретровирустар)

Slide 13

1. Rp. : "Acicloviri" 200мг

Da tales doses N 20 in tabulettis

Signa По 1 таб. 5 р/д

2. Rp. : Sol. Gancicloviri 0, 5

Da tales doses Signa Внутривенно каждые 12 часов. Курс 14 дней

3. Rp. : Ribavirini 0, 2

Da tales doses N 20 in tabulettis

Signa По 1 таблетке 3 р/день

Slide 14

Идоксуридин- тимидиннің аналогтары, ДНК вирусының орнын басып, мультипликация процессін тежейді. Соған қарамастан препарат талғамсыз әсер етеді- вируспен инфицирленген жасушаға ғана емес, сүйек миында, бауырда, бүйректе орналасқан вирусты инфекцияның айналасындағы жасушаға да әсер етеді. Сондықтан улылығына байланысты препаратты жүйелі емес, жергілікті қолдану қажет. Көздің ұшықты инфекциясында қолданылады. Идосуридинді жергілікті қолданғанда везикулезді бөртпемен жүретін терінің қызаруы болуы мүмкін. Кейде оны вирусты инфекцияның ошақтары ретінде қабылдайды, бірақ ол удосукридиннің әсерімен байланысты гистаминнің бөлінуімен жүретін жергілікті тітіркендіргіш реакциясы.

Метисазон оспа вирусында тиімді. Ішке тағайындайды. Шынайы оспаның алдын алу және оспа вакцинациясынан кейінгі болатын асқынуларды төмендету үшін қолданылады.

Қарсы көрсеткіштері: бауырдың, буйректің, АІЖ ауыр аурулары.

Slide 15

Rp: Idoxuridini 10 ml Da tales doses N 1 in flac. Signa По 1 капле в конъюнктивальную полость каждый час днем и каждые 2 ч ночью

Rp. : Metisazoni 0, 2 Da tales doses N 25

Signa По схеме.

Slide 16

Зидовудин (азидотимидин) ЖИТС-ВИЧ инфекцияда қолданылады. Иммунды жеткіліксіз адамға лимфотропты РНК құрамды вирус лимфоцитіне енген соң, қайтымды транскриптаза әсерімен матрицада ДНК синтезі жүреді, содан лимфоциттердің зақымдалуы жүреді. Азидотимидиннің әсер ету механизмі осы айтылған ферментті тежеумен байланысты. Әсіресе ол ауру белгілерінің пайда болуы алдындағы вирус тасымалдаушыға әсері тиімді.

Кері әсерлері: микроцитарлы анемия, нейтропения, лейкопения, гепатомегалия, бас ауру, дәмнің бұрмалануы, диарея, миалгия, гипертермия, қалтырау, кардиалгия, депрессия.

Slide 17

Интерферон.

Вирусқа және микробқа қарсы әсерінен басқа төмендеген иммунитетті белсендіре отырып, ісікке қаосы әсер көрсетеді. Ағзаның көптеген қызметіне, соның ішінде ОЖЖ қызметіне әсер етеді.

Клиникада келесі препараттар қолданылады:

α - 2А-интерферондар:реаферон, роферон; - α-2В- интерферондар: нитрон-А, инрек, виферон; - α-2С- интерферондар: берофор, эгиферон, велферон; - β- интерферондар: бетасерон, фрон; - γ-интерферондар: гаммаферон, иммуноферон.

Қолданылуы:Тұмаудың емінде және оларды алдын алуда, сонымен қатар вирусты респираторлы ауруларда, вирусты гепатитте.

Парентеральды енгізген кезде: қалтырау, бас ауру, миалгия, артериальды қысымның төмендеуі, аритмия, тахикардия, қарыншалық экстрасистолия, қан түзілудің және ОЖЖ қызметінің бұзылуы, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, құсу болуы мүмкін.

Slide 18

Интерфероногендер.

Интерфероногендер ағзаның қатысты тіндерінде өзіндік интерферондарды түзеді және қатаң түрде түр және жасуша сәйкессіздікке ие болады. Антигендік қасиеті жоқ.


Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы ауруларды емдеу
Пиримидин туындылары негізіндегі дәрілік заттар
Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар
Туғаннан кейінгі салдану
Әртүрлі инфекциялық аурулар кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев Атындағы Мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖҚ КМК
ҰЙЫҚТАТАТЫН ДӘРІЛЕР
Тұмау - жұқпалы ауру
Инфекциялық ауруларға профилактика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz