БОРАНҚҰЛ АУЫЛЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ


Slide 1

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ, БОРАНҚҰЛ СЕЛОСЫ «БОРАНҚҰЛ ОРТА МЕКТЕБІ»КММ

Бағыты: Жаратылыстану

Секциясы:Химия

Ғылыми жұмыс

тақырыбы: БОРАНҚҰЛ АУЫЛЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ

Орындаған: Қожықов Бердібек

Ғылыми жетекшісі: Кайржанова Айгерим Адилбековна

2018-2019 оқу жылы

Slide 2

Жұмыстың мақсаты:

Боранқұл өсімдіктер дүниесін халыққа таныстыру және оны зерттеу мен жинау әдістерін үйрету.

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі таңда сол өсімдіктер туралы мәлімметтерді жинақтап, емдік қасиеттерін көрсету.

Жұмыстың міндеттері

1. Боранқұл ауылының табиғатына сәйкес өсетін өсімдіктер ерекшелігін таныстыру.

2. Боранқұлдағы өсімдіктер көп өсетін жерлер және ондағы өсімдік түрлерімен таныстыру.

3. Туған өлкенің өсімдіктер дүниесі туралы мәліметтерді халыққа таныстыру және мал шаруашылығын дамыту үшін пайдалы өсімдіктердің қыр-сырын ашу.

Slide 3

Мазмұны:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Өсімдіктер туралы жалпы мәлімет

2. Өсімдікті жинау

3. Өсімдікті зерттеу

4. Қосымша мәлімет

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 4

Боранқұл құмды аймақтарында: сексеуіл, жыңғыл, сораң, балықкөз, изен, ақтық, жусан, мортық, ебелек, алабұта, буйырғынды т. б өсімдіктер өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, жантақ; құм жағаларында-сүттіген, садақ, тітір шөбі өседі. Мұндағы өсімдіктер өте құнарлы. Оны азық етіп жүрген малдыңда еті дәмді әрі нәрлі. Шөлді аймаққа жатқанмен мұндағы кейбір өсімдіктердің атауларын басқа жақтың халқы естімеген десе де болады. Итсигек пен адыраспан, құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы-мортық. Мортық қонысты жылдары Боранқұлдың көптеген жерлерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды. Азықтық және шығымдылық сапасы жағынан мортықпен деңгейлес шөптердің бірі-ебелек. Ол да мортық сияқты Боранқұлдың көпшілік жерінде кездеседі. Мортықтан ерекшелігі жаңбырлы жылдары көктемнен қоңыр күзге дейін мезгіл таңдамай шыға береді. Малдың барлық түрі, оның ішінде жылқы малы ебелекті жақсы жейді. Дәнденіп, қатайған уақытта қозы үшін тиімсіз. Әдетте қазан айының соңғы он күндігінен бастап ебелек ұша бастайды. Малға жағымдылығы жағынан бағалы шөптердің бірі-ажырық. Ол аймақтың жартылай тақыр тегістіктерінде тұтас өседі. Ғылымда ажырықты мал семірткіш азық деп бағалайды. Шаруашылықтар қалың шыққан жылдары ажырықты малазығы үшін де дайындайды. Боранқұл даласында ши басқа өсімдіктер сияқты кең көлемде кездесе бермейді.

Slide 5

Жусан

Боранқұлдағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы-жусан. Жусан аймақтың барлық жерінде кездеседі. Ауылда жусанның екі түрі өседі. Құмның жусаны және тақырдың жусаны. Тақырдың жусанын мал көк кезінде жемейді, күзде пісіп сілтісінің ащысы кеткен кезде жейді. Ал құмның жусанымен кез келген уақытта азықтана береді. Өйткені оның сілтісі болмайды. Жусанның емдік қасиеттері де мол. Соның бірі-иісі. Иісінің өзі жүрек, қан тамырлары ауруына ем. Сонымен қатар оны тістің қызыл етін қатайту үшінде пайдаланады. Жусан шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі - тұқымша.

Slide 6

Ақ сексеуiл-бойы 1, 5-тен 2, 5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi с ортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оны Боранқұл ауылында отын ретінде пайдаланады. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек. Ақ сексеуіл наурыз айында гүлденіп бастап, сәуір айының 5-і мен 15-і аралығында жаппай гүлденеді.

Ақ сексеуіл

Slide 7

Изен-сор, сортаң, тасты, құмды дала мен шөлдерде өседі. Бұл өсімдік республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында өседі. Ол ауылдың құмды жерлерінде жиі кездеседі. Дәрілік шикізат ретінде жаз, күз кезінде сабақтары орылып алынады. Орылған шөп көлеңкеде кептіріліп, құрғақ жерде сақталады. Изенді емдік дәрі ретінде, малдың ішкі органдары жақсы жұмыс жасау үшін азыққа тәбетін жақсарту үшін қолданады. Изен тамыз-қыркүйек айында гүлдеп, қазан айында жемістенеді. Тұқымы-сопақша дән.

Изен

Slide 8

Адыраспан -улы әрі емдік қасиеті бар өсімдік, дәмі ащы, мал жемейді. Күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды. Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Бұрындары адраспанмен малдың қотырын емдеген. Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алған. Адраспан мамыр және шілде айларында гүлдеп, тамыз айында жемісін береді. Жемісі-көп тұқымды қауашақ.

Адраспан

Slide 9

Жантақ-көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Шөл далалық аудандарда, сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде өседі. Жантақ- дәрілік өсімдік, оның қабығында қант, эфир майы, ал тамырында алкалоидтар, глюкозидтер, шайыр, бояғыш заттар болады. жантақтан алынған дәріні бүйрек ауырғанда, қуыққа тас байланғанда, өт, несеп жолдары қабынғанда ішеді. Гүлінен ара бал жинайды. Жантақты түйе сүйсініп жейді. Жүгері, қамыспен бірге жақсы сүрленеді.

Жантақ мамыр-маусым айларында гүлдеп, тамыз айында жеміс береді. Жемісі-бұршақ.

Жантақ

Slide 10

Сораң-өте сулы, ащы, өсімдік. Оның биіктігі 5-тен 40 см-ге жетеді. Ол түйелердің сүйіп жейтін азықтарының бірі. Ол шөлді, сор, сортаң жерлерде жие кездеседі. Осы сораңмен азықтанған малдың етіде дәмді болады. Сораң жаздың соңғы айы, яғни тамыз айында гүлдеп, қыркүйек-қазан айларында жемістейді. Тұқымы тығыз жеміс тәрізді.

Сораң

Slide 11

Қорытынды:

Қысы қарлы, көктемі желсіз жылы, жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдақ, сарғалдақ, мортық, беде, жауылша, шытыр, қоңырбас; кей жерлерде: киікоты, түйежапырақ, қызылша, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот, балықкөз т. б. қаптап шығып, дала құлпырып кетеді.

Боранқұл өсімдіктер дүниесі көптеген жерлерде кездесе бермейтіндігімен ерекше.

Боранқұл өсімдіктерін азық етіп жүрген малдыңда еті дәмді әрі нәрлі.

Сонымен қатар өсімдіктерді дәрі ретінде пайдаланады. Мысалы, итсегектің томашасы (қураған түрі) күйіп қалған жағдайда бірден-бір ем.

Slide 12

Ұсыныс


Ұқсас жұмыстар
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Орман зонасы
Қашқын шоқысы
Ерекше қорғалатын аймақтар негізі қорықтар болып табылады
Қорықтар орналасуы картасы
Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама
Қайырлы күн
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Наурызым қорығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz