Қоғам: ұғымдар, әлеуметтік жүйе, типтері және қызметтері


Slide 1

Қоғам - әлеуметтік

жүйе ретінде

Slide 2

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. ӘбсаттаровР. Б., ДәкеновМ. Әлеуметтану. Алматы, 2006.

2. Радугин А. А., Радугин К. А. Социология. Курс лекций. М., 2006.

3. Тощенко Ж. Т. Социология. Учебник. Третье издение. М., 2005.

4. Социология: наука об обществе. Харковь, 1996.

5. Социальная система общества. М., 2001.

Slide 3

1. ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮЙЕЛІК ҰҒЫМДАРЫ.

2. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

3. ҚОҒАМНЫҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

Slide 4

Кең мағынасындағы қоғам - табиғаттан ерекшеленетін материалдық әлемнің бір бөлігі, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының жиынтығы, адамзат қоғамы, социум.

Тар мағынасындағы қоғам - бұл күрделі әлеуметтік жүйе, тұтас құрылым, оның негізгі элементі адамдар.

Slide 5

Қоғам дегеніміз - адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі, тұрақтылығы мен тұтастығы, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда болып, мәдени деңгейі жоғары болатын бірлестік.

Slide 6 Slide 7

Әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам - ол өзінің жеке заңдары бойынша өмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм.

Жүйе - өзара бір-бірімен байланыста болатын және тұрақтылықты құрайтын тәртіптелген элементтердің жиынтығы

Құрылым - бұл жүйенің ретке келтірілуі, ұйымдастырылуы.

Әлеуметтік жүйе - тұтастықты құрастыратын жүйе болып саналады, оның негізгі элементіне адамдар, олардың арасындағы байланыстар, әрекеттер, қатынастар жатады.

Әлеуметтік нормалар - қоғам мақұлдаған мінез-құлықтың белгілі бір үлгісі.

Әлеуметтік құндылықтар - сол қоғамның рухани мәдениетінің органикалық бөлімі және бір мезетте индивид санасының элементтері.

Slide 8

Әлеуметтік байланыс - белгілі бір мақсатқа жету үшін кесімді мерзімдегі нақты қауымдастықтың бірлесе еткен қызметін қамтамасыз ететін факторлар жиынтығы.

Әлеуметтік өзара әрекет - кез келген жеке адамның басқа адамдар немесе әлеуметтік қауымдастық үшін маңызы бар мінез -құлқы, әрекеті, олардың бір-біріне әсер ету процесі.

Әлеуметтік қатынастар - жеке адамдар мен әлеуметтік топтарда болатын тұрақты және өз алдына жеке байланыс.

Әлеуметтік процесс - осы кез келген әлеуметтік объектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің дәйекті түрде ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі.

Slide 9

ҚОҒАМНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТИПТЕРІ:

1. ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМ

2. ИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМ

3. ПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМ

Slide 10

ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТЫ - БИЛІК.

ИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТЫ - АҚША.

ПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТЫ - БІЛІМ.

Slide 11

ҚОҒАМНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ:

1. материалдық игіліктерді өндіру;

2. дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру;

3. рухани игіліктерді өндіру;

4. еңбек өнімдерін бөлу;

5. адамдардың мінез-құлқын және қызметін реттеу, басқару.


Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық сана және қоғам типтері: құрылымы, формалары және қызметтері
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде: анықтамасы, құрылымы және даму факторлары
Қоғам және әлеуметтік институттар: ұғымы, жүйесі және қызметтері
Қоғам және саяси-құқықтық жүйе: әлеуметтік философия, тарихи материализм және азаматтық қоғам
Әлеуметтік құрылым және стратификация: теориялар мен қоғам типтері
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде: ұғымы, құрылымы және даму факторлары
Қоғам және жүйе: әлеуметтік жүйенің мазмұны, құрылымы және марксистік талдауы
Қоғам теориясы: анықтамалар, даму сатылары, типтері және гендерлік әлеуметтену
Қоғам және мәдениет: философиялық ілімдер, қоғамдық сана және қоғам типтері
Дін, мәдениет және қоғам: ұғымдар, түрлер мен әлеуметтік өзара байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz