Жаңа латыннегізді қазақ әліпбиі және емле ережелерінің ерекшеліктері


Slide 1

Тақырыбы: «Қазіргі қолданыстағы жаңа қазақ жазуының ңұсқаларына тоқталу

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Шәкәрім атындағы Семей университеті» КЕАҚ

Инженерлік-технологиялық факультеті

«Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» оқу кафедрасы

Орындаған: Сарсебаева М

ТП-901

Тексерген: Самекбаева Э. М.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

Жаңа қазақ жазуы . . . 5

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Латыннегізді қазақ әліпбиі, қазақ тілінің жаңа емлесі - қазақ жазуындағы жаңа бетбұрыс, ұлттық болмысты жаңғыртуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер.

Жазу - ұлттың рухани құндылығы. Ұлттық жазуы ұлттық тілге қызмет еткен елдің ұлттық мәртебесі де жоғары болатыны сөзсіз. Қазақ жазуы - ұлттық жазу. Осы күнге дейін қазақ жазуы бірнеше әліпбиге бейімделді. Кирилл әліпбиіне негізделген қазақ емлесі де жарты ғасырдан аса қызмет көрсетті. Бірақ кірме әріптердің ықпалы қазақы сөйлеу нақышын бұзуда, қазақтың төл айтылым заңдылығын бұруда септігін тигізбей қоймады.

Жаңа әліпби де қабылданды. Жаңа әліпбиге сәйкес жаңа емле де жасалды. Жаңа емледегі басты ерекшелік - шеттілдік сөздерді қазақтың төл тіліне сәйкес икемдеп жазу ұлттық тілдің рухани бетбұрысы болып табылады.

Slide 4 Slide 5

«Жаңа қазақ жазуы»

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне толығымен көшетінімізді мәлімдеген болатын. Қазақ тілінің болашағы үшін латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен қажеттілігін де ерекше атап өтті. Ел саясатын ұғынған халық ұлттық құндылықтың қажеттілігін, ұлт болмысын сақтау және жаңғырту қажет екенін түсініп отыр. «Қазақпын» деген қайрат-жігердің, ұлттық мүдденің оянуы тиіс екенін де ұғынып отыр. Осыған орай латын графикасына көшудің де мақсаты мен мәнін түсініп, іштей мойындап, қолдай бастады.

Ісқағаздарын екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) қатар дайындау қай уақытқа дейін созыла бермек? Неге өз елімізде тұрып, мекемеден мекемеге жіберілетін ісқағаздар тек мемлекеттік тілде толтырылмайды деген сұрақтар 25 жылдан аса уақыт шешімін таппай келе жатыр. Бұдан да басқа ойландыратын түйткіл мәселелер көп болатын. Осы көкейкесті мәселелердің шешілуіне үлкен қадам жасалмақ. Ол - латыннегізді әліпбиге көшу. Өзгенің әліпбиінде емес, ұлттық әліпбимен жазу.

Slide 6

Жаңа емле А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында дайындалды. Қазақтың төл сөздеріне қатысты емле ережелері бұған дейінгі 1957 жылғы ережелерге және академик Р. Сыздықованың «Қазақ тілі анықтағышына» негізделді. Осы екі құжатта көрсетілген қазақ орфографиясы тарихындағы емле заңдылықтары базалық норма деп танылды. Емле ережелері халық үшін, ұлт үшін қажет. Сондықтан халықтың пікірін де ескеру маңызды. Осы тұрғыдан емледегі бірқатар жаңа ережелерді халық талқысына салып, көпшіліктің пікірін білу үшін «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірнеше рет сынама өткізді. Емле авторларының бірі, емлешілердің ғылыми жетекшісі профессор Нұргелді Уәли жаңа емлені түзуде қандай мүдделер көзделгенін айқындап көрсетті: «Жаңа қазақ орфографиясының негізгі ережелерінің ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуы көзделді; тәжірибеде сыннан өтіп, дәстүрге айналған базалық нормалары сақталынды; техникалық жақтан қазақ орфографиясының қолдануға оңтайлы, мобильді, жинақы болуы ескерілді; халық тілінің дыбыстық қор әлеуетінің кеңірек қамтыла түсу талабы болды; жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталып, космополиттік әсірелікке ұшырамауы көзделді».

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Қ. Жұбановтың әліпби мен емле туралы тұжырымдары және жаңа қазақ әліпбиіне қойылатын талаптар
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесінің жаңа ережелері: принциптері және нормативтік мәртебесі
Латын әліпбиі және қазақ тілін латын графикасына көшіру: тарихы мен мемлекеттік стратегиясы
Орфография мен графиканың қатысы: әліпби таңдау және емле принциптері
Қазақ тіліндегі жаңа сөздердің жасалу жолдары мен аудару ерекшеліктері (2010-2020 жж.)
Кеңес үкіметі кезеңіндегі қазақ әліпбиі реформасы: Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасын қорғауы мен латыншылдармен қайшылықтары (1924-1928)
Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасының алғашқы 18 кітабының таныстырылымы
Аударма кәсібінің лингвистикалық ерекшеліктері және жаңа лингвистикалық пәндердің қалыптасуы
Қазақ тілін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Біріккен сөздер және емле ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz