Нәрестенің дене салмағы


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Жаңа туған жасына дейінгі балаларға арналған дәрілік түрлер. Нормативті құжаттар.

Орындаған: Махамбет Р. Б.

ТОБЫ : Фққ-01-20

Қабылдаған: Асылова Н. А.

Дәрілер технологиясы кафедрасы

Шымкент 2021 ж

Slide 2

Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім: 2. 1 Жаңа туылған нәрестелерге және бір жасқа дейінгі балалар ағзасының анатомия-физиологиялық ерекшеліктері 2. 2 Балаларға арналған дәрілік түрлерді дайындау ерекшеліктері; 2. 3 Балалар іс тәжірибесінде қолданылатын корригентер 2. 4 Парентералды қолданылатын дәрілік түрлер. ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Қазіргі таңда фармация саласында балалар тәжірибесінде арнайы қолдануға арналған дәрілік түрлер ерекше орын алады. Балаларға арналған дәрілік препараттарға аса қатаң талаптар қойылады. Бұл, ең алдымен, бала ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Балаларға арналған дәрілік препараттарға қойылатын негізгі талаптар - эффективтілік пен қауіпсіздік. Бұл мәселелермен арнайы зерттеу лабораториялары айналысады.

Slide 4

Нәрестенің даму кезеңі: Нәрестенің дене салмағы 3300-3500г . Дене ұзындығы 51-52 см. Бас шеңбері 35-36см. Көкірек қуысының өлшемі 33-34см Дене салмағының физиологиялық жоғалуы өмірінің 3-5 күні 3-6% құрайды; 7-10 күніне қарай дене салмағы қалпына келеді

1-ай Дене салмағын қосу (туған кездегі салмағынан есептейді ) -600г Дене ұзындығының өсуі 3-4см қосады Бас шеңбері 2см-ге артады.

3-ай Орташа дене салмағына қосу-700г Дене ұзындығы ай сайын 3 см қосады Бас шеңбері 40см дейін өседі (ай сайын 1, 5-2см қосады) және көкірек қуысының өлшемі сол көлемде

6-ай Орташа дене салмағына қосу -700г Дене ұзындығы ай сайын (3-айдан кейін) 2, 5см қосады Бас шеңбері 43см дейін өседі(3-айдан кейін ай сайын 1см қосады)

.

Slide 5

1-жас Орташа дене салмағына қосу (6-айдан кейін) -400-600г, дене салмағы 1-жаста-10-11кг

Дене ұзындығы 6-айдан 9айға дейін айына 1, 5-2см өседі; 9-айдан 12-- айға дейін -айына 1см. Бір жаста дене ұзындығы 25см өседі және 76-78см құрайды Бас шеңбері 46-47см дейін өседі(6 айдан кейін ай сайын 0, 5 см қосады)

1-- жастан жоғары Дене салмағы 1 жастан кейін орташа есеппен жылына 2-2, 5 кг артады(10-11 жасқа дейін) ; одан кейін салмағы п 5-20кг формуласы бойынша есептеледі:мұнда п -баланың 12-ден 15-ке дейінгі жасы 4-5 жаста дене ұзындығы екі еселенеді яғни 100-106 см болады(жыл сайын қосылу мына формула бойынша есептеледі бір жастағы баланың денеи ұзындығы +6п, мұнда п-жылдар бойынша жасы ) Содан кейін (15-жасқа дейін ) 8- жастағы баланың бойына негіздейді, ол130см-ге тең. Әрбір келесі жасқа 5см қосылады, жетіспейтін болса 7см алынып тастайды.

Slide 6

Тері

Тері -организімнің ішкі ортасы мен сыртқы ортасының арасында тосқауыл болатын және зат алмасу, терморегуляция және басқа да үдерістерге, адам денесінің сыртқы қабаты.

Балалар терісінің анатомиялық -физиологиялық ерекшеліктері

Тері 3-жасқа дейінгі балаларда терінің түрлі қабатының қалыңдығы үлкендерге қарағанда 1, 5-3 есе кіші, тек 7-жасқа келгенде үлкен адамның көрсеткішіндей болады.

Нәресте терісінің беті секретпен қапталған бұл оның әлсіз бактерицидтік белсенділігін анықтайды бірақ бір жастың соңына қарай ph едәуір төмендейді. Туған кезде теріде жүйке жалғаулары жеткілікті дамымаған, бірақ ауырсынуға, тактильді және қызбаға сезімтал.

Нәрестелер және бір жастағы балардың терісінде қылтамырлар жүйесі жақсы дамыған. Бір жастан кейін жалпақ қылтамырлар жүйесі біртіндеп төмендейді, ал саны жағынан тар ұзын қылтамырлар жоғарлайды

Slide 7

Жаңа туылған нәрестелерге және балаларға арналған дәрілік түрлер

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, балалар ағзасында гистогематикалық тосқауылдардың өткізгіштігі ересектердің ағзасына қарағанда жоғары болады. Мысалы, гематоэнцефалды тосқауыл арқылы метилен көгі, калий хлориді, глютамин қышқылы, морфин жеңіл өтеді.

Сонымен қатар, балалардың асқорыту жүйесінің физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты кейбір дәрілік құралдар (теофиллин, эритромицин) АІЖ жеңіл сіңеді.

Slide 8

Парентералді дәрілік құралдарды енгізудің де өз ерекшеліктері бар. Бұл бала денесіндегі бұлшық еттердің қанмен қамтылуының әркелкілігімен, су концентрациясының жоғарылығымен, май қабатының аз болуымен түсіндіріледі.

Сол секілді балаларда дәрілік препараттардың тері арқылы сіңімділігі жоғары болады. Бұл жағдай балаларда терінің мүйізді қабатының жұқалығы мен жоғары гидратациясына байланысты.

Slide 9

Осы ерекшеліктерді ескере отырып, ҚР ҰЭМ 19. 03. 2015ж №232 бұйрық «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» қаулысында нәрестелерге және 1 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік препараттар, оларды сақтау шаралары және стерилизация уақыты берілген.

Slide 10

Нәрестелерге және 1 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік препараттар:

Ішке қабылдауға арналған ерітінділер

Тазартылған су

5%; 10 %; 25% Глюкоза ерітіндісі

0, 02% Димедрол ерітіндісі

1%; 3%; 5% Кальций глюконаты

2. Сыртқа қолдануға арналған ерітінділер, жақпа майлар

Фурацилин 0, 02 г 0, 9%, 1% Бриллиант көгінің спиртті ерітіндісі

5% Калий перманганат ерітіндісі, Вазелин майы

3. Көз тамшылары

10%; 20%; 30% Сульфацил-натрий ерітіндісі

2%; 3% Колларгол ерітіндісі

4. Ұнтақтар

Димедрол 0, 002 г Дибазол 0, 001 г

Эуфиллина 0, 003 г

5. Жақпамайлар

5% Танин жақпа майы

1% Танин жақпа майы

Slide 11 Slide 12

Балаларға арналған дәрілік қобдиша

Балалар үшін педиатрия тәжірибесінде қолдануға ұсынылған дәрілік заттарды ғана қолданған дұрыс. Өкінішке орай, балалар үлкендерге қарағанда жиірек ауырады. Сондықтан да, саяхатқа балаларыңызбен шықсаңыз, балаларға арнайы дәрілік қобдишаны жинақтаған жөн.

Балаларға арналған дәрілік қобдишаның құрамында дәке, заласыздандырылған салфеткалар, мақта, мақталы таяқшалар, бактерицидті лейкопластырь, клизма, пипетка, пинцет, градусник болуы керек.

Slide 13 Slide 14

Қолдануға көрсеткіштер

Дәрілік препараттар

Улану кезінде: адсорбенттер

Белсендірілгенкөмір, Диоктаэдрикалық смекта және т. б.

Дене қызуы жоғарылағанда анальгетик-антипиретиктер

Парацетамол, Ибупрофен, т. б.

Аллергиялық реакциялар кезінде

Лоратадин, Клемастин, Цетиризин т. б.

Антибактериалды препараттар

Котримоксазол, Хлорамфеникол\Метилурацил

Тамақ ауырсынғанда қолданатын антисептиктер:

Ингалипт, Фюзафюнжин және т. б.

Іш өту кезінде

Линекс, Хилак форте, Бактисубтил, т. б.

Сыртқа қолданылатын антисептиктер

Йод, бриллиант көгі, сутек тотығы және т. б.

Жөтелге қарсы және муколитиктер:

Бромгексин, Амброксол, т. б. .

Құсыққа қарсы

Дименгидринат, Метоклопрамид, т. б.

Күйікте қолданатын репаранттар

Декспантенол, т. б.

Slide 15 Slide 16

Нәрестелерге арналған дәрілік түрлерге қойылатын жоғары талаптар олардың өндіріс орындарынан жоғары талаптарды қажет етеді. Осындай талаптардың жиынтығы бірқатар елдерде қабылданды және “Good manufacturing practices” (GMP), яғни “Дұрыс өндіріс ережелері” деген атқа ие болды.

GMP дәрілік түрлердің, соның ішінде стерильдік дәрілік түрлерді өндіру жұмыстарын ұйымдастыру шараларын қамтиды.

Slide 17

Балаларға арналған дәрі түрлерін дайындауға қойылатын жалпы талаптар:

Балалар үшін арналған дәрі түрлерінің орауышында ерекше белгілер болуы керек;

Орауыш қолдануға ыңғайлы және дәрінің сақталуының сенімділігін қамтамасыз етуін тиіс, қажет жағдайларда баланың жасына қарай дозалау құралдарымен жабдықталуы керек.

Дәрілерді енгізу жолдары неғұрлым қарапайым және ыңғайлы болуы керек, яғни, басым көпшілігінде дәрі баланың психикасын жағымсыз дәмімен, иісімен, түсімен, ауыртатын немесе жұтуды қиындататын сезімдермен жараламайтын болуы керек, осы себептен көбінесе дәмі жағымды пероральды, сұйық түрде қолданылатын дәрілер жасауға мән берілуі тиіс.

Slide 18

Бала организмінің анатомо-морфологиялық жас ерекшеліктерін, олардың жалпы көңіл-күйін ескере, сонымен бірге жедел жәрдем көрсету үшін ректальді, инъекционды, жұмсақ, қатты, ұнтақ тәріздес және т. б. дәрі түрлері жасалынуы керек.

Балалар дәрі түрлерінде қосымша заттар ретінде тек зиянсыз, көбінесе, табиғи заттар қолданылып, қосымша заттардың мөлшері өте аз негізді, дәрі түрінің тұрақтылығы мен барынша айқын фармакотерапевтік әсер көрсетуін қамтамасыз ететін болуы тиіс.

Балалар дәрі түрлерінде этил спирті тек негізделген ерекше жағдайларда ғана енгізілуі керек.

Инъекциялық емес дәрі түрлері микробиологиялық тазалығы бойынша нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес болуы керек; нәрестелерге арналған ерітінділер, көз тамшылары, тері қабатына жағуға арналған майлар стерильді болуы керек.

Slide 19

Ректальды дәрі түрлеріне қойылатын талаптар.

ректальды енгізілетін дәрі түрлері суппозиторийлер, ректальді жұмсақ капсулалар, микроклизмалар, көбікті аэрозольдар, ректальді жағар майлар және т. б. түрінде шығарылуы керек;

суппозиторийлер салмағы 1, 0-1, 5г аспауы керек, көлемдері кіші болуы тиіс;

негіздер ретінде тек липофильді негіздер қолданылуы тиіс және т. б.

Slide 20

Балаларға арналған дәрілік түрлерді дайындау ерекшеліктері

Жаңа туған нәрестелерге және жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік түрлер асептикалық жағдайда салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады.

Ішке қолданылатын ерітінділерді дайындау үшін еріткіш ретінде тазартылған су қолданылады, құрамында консерванттар және тұрақтандырғыштар болмауы қажет.

Келесі ерекшелігі, ерітіндіні бір реттік дозаға, яғни 5-10 мл-ден орамдайды. Ерітінділер үшін максимальды көлем 200 мл құрайды.

Көптеген ерітінділердің стерилизациясын 120С температура жағдайында бумен жүргізіледі.

Slide 21

Жеке қабылдауға арналған ерітінділер ашылған соң тәулік ішінде қолданылуы тиіс. Бұл жағдайда оларды жеке бокстарда сақтайды. Рецепт бойынша жаңа туылған балалар мен алғашқы жастағы балаларға ішуге арналған ерітінділер 100 мл аспайтын көлемде дайындалады. Ерітінді бар флаконды ашылған соң тоғазытқышта 2 тәулік бойына сақтауға болады. Бұл туралы этикеткада белгі қою қажет.

Slide 22

5%, 10%, 25% глюкоза ерітінділері тұрақтандырғыш қосылмаған тазартылған судың көмегімен жүргізіледі. Бумен стерилдеуді 120С - 8 минут жүргізеді. Сақтау мерзімі - 30 тәулік.

Аскорбин қышқылын және құрамында аскорбин қышқылы бар дәрілік түрлерді дайындау кезінде аскорбин қышқылының тотығуын болдырмау үшін ерітінділерді жаңадан қайнатылған сумен дайындайды, ерітіндісі бар флакондарды мойнына дейін толық толтырады. Бумен стерилдеуді 120С - 8 минут жүргізеді. Сақтау мерзімі - 5 тәулікке дейін.

Slide 23

3% кальций хлориді ерітіндісін дайындау кезде кальций хлориді ұнтағының гигроскопиялық қасиетін ескере отырып, оның 10%, 50% концентрлік ерітіндісін қолданылады. Бумен стерилдеуді 120С - 8 минут жүргізеді. Сақтау мерзімі - 30 тәулік.

3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін дайындау тазартылған су көмегімен жүргізіледі, стерильді флакондарға құйылады, полиэтиленді тығынмен тығындалады. Қараңғы жерде 30 тәулік сақтайды.

1% бриллиант көгінің спирттік ерітіндісін 60% этил спиртін қолдану арқылы дайындайды. Сақтау мерзімі - 2 жыл.

Slide 24

Шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, вазелин майларын 50мл сыйымдылықты, резеңке тығынмен тығындалған шыны ыдыста, құрғақ шкафта 180С-30 минут стерилдейді.

2%, 3% колларгол ерітіндісін асептикалық жағдайда дайындайды, стерилдеу жүргізілмейді. Күлсіз қағаз фильтр арқылы босататын құтыға сүзеді. Қараңғы жерде 30 тәулік сақтайды.

10%, 20%, 30% сульфацил-натрий ерітіндісін дайындау тұрақтандырғыш қосу арқылы жүргізіледі. Тұрақтандырғыш ретінде натрий тиосульфаты және хлорсутек қышқылы қолданылады. Бумен стерилдеуді 120С - 8 минут жүргізеді. Сақтау мерзімі - 30 тәулік.

Slide 25

Ұнтақтар асептикалық жағдайда дайындалады. Көп жағдайда құрамына корригенттер қосылады. Мысалы,

Димедрол 0, 002 г + Қант (глюкоза) 0, 2 г.

Дибазол 0, 001 г + Қант (глюкоза) 0, 2 г.

Эуфиллин ұнтағын дайынауда эуфиллин 0, 003 г Қант 0, 2 г қолданылады. Жазылымдағы қантты глюкозаға ауыстыруға болмайды, себебі ұнтақ ылғалданып кетуі мүмкін. Сақтау мерзімі- 20 тәулік.

Ксероформ ұнтағын 10, 0г мөлшерде шыны флакондарға орамдайды. Кептіру шкафында 180С-30мин стерилдейді. Флакондарды резеңке тығынмен тығындайды, қараңғы жерде сақтайды. Сақтау мерзімі - 30 тәулік.

Slide 26

Клиникалық тәжірибеде 1 %, 5 % танин мазі қолданылады.

Мазь асептикалық жағдайда, стерильді келі келсап көмегімен жүргізіледі. Танин мен тазартылған суды теңдей мөлшерде араластырып, стерильді негізге енгізеді. Бумен стерильдеу 180С-30 минут жүргізіледі. Салқын, қараңғы жерде сақтайды. Сақтау мерзімі - 20 тәулік.

1% Танин жақпа майы Құрамы: Танин 1 г Тазартылған су 1 г Вазелин 98 г

5% Танин жақпа майы Құрамы: Танин 5 г Тазартылған су Сусыз ланолин 5 г-нан Вазелин 85 г

Slide 27

Жаңа туылған нәрестелерге және балаларға арналған дәрілік түрлерді дайындау үшін асептикалық жағдайды әзірлеу бойынша іс-шаралар


Ұқсас жұмыстар
Терінің мүйізді қабаты нәзік, жұқа
Жетіліп және шала туылған балалар ерекшеліктері
Эндокринді бездер және түрлері
Көп нәрестелі жүктілік диагностикасы, жүктілік пен босануды жүргізу
Жүктілік мерзімін анықтау
Нәрестенің бас қаңка сүйектері
Баланың физикалық даму көрсеткіштерінің жас ерекшеліктеріне байланысты көрсеткішт
Емшекпен емізудің сырлары
Көп ұрықты жүктілік
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz