ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР ХИМИЯСЫ


Slide 1

ЖОҒАРЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР ХИМИЯСЫ

х. ғ. к., Рахметуллаева Райхан Кулымбетовна

Slide 2

ПОЛИМЕР

Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиетті бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды.

Бір немесе бірнеше типті құраушы буындары еселеніп тізбектеліп жалғанған молекуланы полимер деп атаймыз. Полимердің құрамынан бір немесе бірнеше құраушы буындарды алғанда немесе қосқанда физика-химиялық қасиеттер жиыны өзгермейді.

Slide 3

И. Берцелиус 1833 ж. “полимерия” терминін ғылымға енгізген.

Алғашқы синтетикалық полимерлер

1838 (поливинилиденхлорид) және 1839 (полистирол) жылдары алынған.

Полимерлер химиясы А. М. Бутлеровтың химиялық құрылым теориясын шығарғаннан кейін ғана туындады.

Г. Бушарда, У. Тилден, неміс ғалымы К Гарриес, И. Л. Кондаков, С. В. Лебедев және т. б.

30-шы жылдары бос радикалдар және ионды механизмді полимерлеудің негізін салған У. Карозерс болған.

Г. Штаудингер - ЖМҚ үлкен молекулалық массадан тұратынын дәлелдеген.

Slide 4

Жоғары молекулалы қосылыс немесе полимер деп бір немесе бірнеше түрлі буындардан құралған, буындары бір бірімен химиялық байланыс арқылы жалғанған, үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды атайды.

Полимерлердің ішіндегі ең қарапайымы полиэтилен:

nСН2 = СН2 → -[СН2 - СН2] n -

Буындардан құралған үлкен молекула макромолекула деп аталады.

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Slide 5

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Slide 6

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Макромолекула - полимердің молекуласы

Құраушы буын - макромолекула құрамындағы ең кіші қайталанатын атомдар тобы.

Slide 7

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Полимерлену дәрежесі - макромолекула құрамындағы құраушы буындардың саны.

Р=М/м

Олигомерлер - молекулалық массасы полимерлерден төмен мономерлерден құралған қосылыстар.

n >>> 1

Slide 8

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Полимердің молекулалық массасы полимерлену дәрежесімен байланысқан

М(макромолекула) = M(буын) • n,

мұндағы n - полимерлену дәрежесі, M - салыстырмалы молекулалық масса

Полимерлер үшін орташа молекулалық масса ұғымы қолданылады.

Морт(макромолекула) = M(буын) • nорт

Slide 9

ЖІКТЕЛУІ

Шығу тегіне байланысты

табиғи синтетикалық жасанды

целлюлоза

белоктар

каучук

т. б.

полиэтилен

полипропилен

полистирол

т. б.

нитроцеллюлоза

поливинилспирті

вискоза

т. б.

Slide 10

Табиғи полимерлерге тірі табиғатта кездесетін жоғары молекулалы қосылыстар жатады. Оған - табиғи каучук, целлюлоза, ақ уыздар т. б. жатады.

Синтетикалық полимерлер деп төменгі молекулалық қосылыстардан - мономерлерден синтездеу жолымен алынатын полимерлерді атайды.

Жасанды полимерлер деп табиғи немесе олигомерлерді химиялық өңдеу арқылы алынған полимерлерді атайды.

Slide 11

ЖІКТЕЛУІ

Негізгі тізбектің құрамына байланысты

гомотізбекті гетеротізбекті

Slide 12

Негізгі тізбектің құрамы бойынша макромолекулалар гомотізбекті және гетеротізбекті болып екіге бөлінеді.

Гомотізбекті полимерлердің негізгі құрамы бірдей атомдардан тұрады, қосымша тізбектің құрамы есепке алынбайды. Егер тізбек көміртек атомынан тұрса, ондай полимерлерді карботізбекті деп атайды. Мысалы, полиэтилен, полипропилен, поливинилацетат.

Гомотізбекті полимерлер өз ара тағы да алифатикалық, ароматикалық, галогендік т. б. болып бөлінеді.

Slide 13

ЖІКТЕЛУІ

Макромолекула тізбектерінің құрылымына байланысты

сызықты тармақталған торланған

Slide 14

ЖІКТЕЛУІ

Химиялық табиғатына байланысты

органикалық

бейорганикалық

элементорганикалық

Slide 15

Сонымен қатар полимерлер химиялық табиғаты бойынша органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып тағы бөлінеді.

Органикалық полимерлер көміртегінен, сутектен, оттектен, күкірттен және азоттан тұрады.

Бейорганикалық - кремний, алюминий, стронций, германий т. б. элементтерінен тұрады және оларда органикалық қосымша тізбектер болмайды.

Элементорганкалық полимерлердің негізгі тізбегінің табиғаты бейорганикалық болады да, қосалқы тізбегінің табиғаты органикалық болады, немесе керісінше.

Slide 16

Полимерлерді табиғаты бойынша классификациялау

Негізгі тізбегі көміртегі (С) атомынан тұратын полимер - органикалық деп аталады:

Полистирол

Бейорганикалық полимерлердің молекулалары, әдетте, өздерінің негізгі тізбегінде көміртегі атомын құрамайды:

Полиметилсилоксан

Slide 17

ЖІКТЕЛУІ

Құраушы буындардың санына байланысты

гомополимерлер

сополимерлер

Slide 18

Тізбекті құрылысы мен жоғары молекулалық массамен байланысты полимерлердің ерекше қасиеттері

Полимерлердің молекулалық массасы үлкен

Полимерлер - полидисперсті

Полимерлер ұшқыш зат емес.

Полимерлер иілгіш

Макромолекулалар ерудің алдында ісінеді

Макромолекулалар ерітінділерінің тұтқырлығы өте жоғары

Ерітіндіден еріткішті ұшырып жібергенде полимер кристалл емес, үлдір түзеді.

Полимерлердің химиялық реакцияларының төмен молекулалық қосылыстардың реакцияларынан ерекшеліктері бар.

Slide 19

Полимерлердің номенклатурасы

Табиғи және кейбір синтетикалық полимерлердің атаулары көптен бері қалыптасқан танымалы тривиалды номенклатура бойынша аталады. Мысалы: целлюлоза, лигнин, капрон, лавсан, каучук, тефлон т. б.

Номенклатураның екінші түрі - рационалды номенклатура. Бұл номенклатура бойынша полимер мономердің алдына «поли» деген сөз қосу арқылы аталады. Мысалы, стиролдан алынған полимер полистирол деп аталады. Егер полимер әр түрлі мономерлерден алынса, онда оның атауында екі мономердің аты білінуі қажет. Мысалы, поли-(гексаменленадипамид) .


Ұқсас жұмыстар
Химиялық заттарды тазалаудың әдістері
МЕДИЦИНАДА ЖМҚ ҚОЛДАНУ
Бір гетероатомды бесмүшелі гетероциклді қосылыстар
Органикалық қосылыстардың кеңістіктегі құрылысы
Физиологиялық белсенді полимерлер
ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Полимерлердің құрылымы мен синтезі
Полимерлердің құрылымы және синтезі туралы
Табиғи, жасанды және синтетикалық ЖМҚ алу тәсілдері
Полимерлердің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz