Иран - Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет
Презентация қосу
Анықтама
Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми
негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет
ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір
дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге
нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі
қажет. Ғылыми-стильдегі
еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғ
ылыми
есеп, диссертация, реферат, баяндама, тез
истер, патенттер, т.б. жатады.
Анықтама
Публицистика -қоғам өмірі үшін маңызды
мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай
жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады.
Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек
стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін,
артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты
публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді.
Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің
жазбаша түріне саяси тақырыпқа
жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет,
очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер
публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.
Ғылыми стильге мысал
«1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып
жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның
Жоғарғы Кеңес « Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.
Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі
туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы25-қазанда қабылданған Қазақстанның
Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында
жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан
соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік
Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін
мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас
Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш
болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды.
Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары
қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған
Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық
құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992
жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты
елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат
аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде
әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық
қатынастар басталды.»
Публицистикалық стильге мысал
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ел Тәуелсіздігінің 30
жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның алғашқы
отырысы өтті.
Президент Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында Елбасының көшбасшылығымен
барлық қиындықтан өткенін, қуатты мемлекеттің іргесін қалағанын, енді
егемендіктің төртінші онжылдығына қадам басқанын, бұл еліміз үшін аса
маңызды кезең екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Мемлекет басшысы ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен
ысырапшылдыққа жол беруге болмайтынын, әрбір шараны елге пайдасы
тиетін нақты істерге ұластыру қажет екенін баса айтты. Экономика,
әлеуметтік сала, білім, ғылым және басқа да бағыттар бойынша тың жобалар
қолға алынатынына тоқталды.
"Тұтас мемлекетті қамтитын ауқымды іс-шараларды өткізген кезде айқын
көзқарас, нақты ұстаным болуы шарт. Себебі, өңірлердің бәрі орталыққа
бейімделіп жұмыс істейді. Сіздерден бағдар алады. Тәуелсіздіктің 30
жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды. Ең алдымен, бұл тарихи
оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек", – деді Президент.»
Айырмашылықтары
Ғылыми мәтін ғылыми еңбектерден,мақалалардан, ғылыми
оқулықтардан алынды,ал публицистикалық мәтін
бұқаралық ақпарат құралынан алынған және
қолданылады. Ғылыми мәтін дәлелденген, зерттелген
және сөзді тура мағынада, ал публицистикалық мәтін
қатаң реттелмеген, шақыру, үндеу,жаңалық ретінде
жеткізеді. Ғылыми мәтінде ғылыми сөздер және тарихи
дәлелденген кезеңдер кеңінен қолданылады, ал
публицистикалықта-стильдік қайталау. Публицистикалық
мәтіннің авторының мақсаты-оқырманға,
көрерменгетыңдаушыға белгілі бір ақпаратты
жеткізу,оны бағалау және адресатты оның дұрыстығына
сендіру, ал ғылыми мәтіннің авторының мақсаты-
зерттеле келе дәлелденген нақты ақпарат беру.
Ғылыми стильдегі мәтіннің ерекшеліктері:
1. Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізу;
2. Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпыныс;
3. Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп
жол берілмейді.
4. Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол
орын алады;
5. Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп
айту негізгі тәсіл болады;
6. Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты
үлгідегі(штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады;
7. Сөйлемдердің мына құрылымдық түрлері көп жұмсалып, оған
өзіндік ерекшелік береді:
a) Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен
жасалады.
b) Ырықсыз етістіктен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады.
8. Ғылыми мәтін қатаң логикалық желімен құрылады.
Публицистикалық стильдегі мәтіннің ерекшеліктері
1. Публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып
құралады;
2. Сөз экспрессивті, екіпінді болады;
3. Сөз тыңдаушыларын коммуникатитік байланысқа тартатындай
болып құралады;
4. Публицистикалық стильдің тақырыбы өмірдің әр саласына
байланысты болғандықтан, ол тақырыбына сай ғылыми стильге,
көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді.
5. Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер,
сөйлемдер
6. Тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер(жаңа сөздер);
7. Толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер
8. Тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы
және лепті сөйлемдер.
Қысқа да нұсқа мысалдар
№1.Ғылыми стиль: Ауа-райының өзгеруі
атмосферада өтетін нақты құбылыстарға
байланысты. Атап айтсақ, Жер осінің
орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді
айналуы салдарынан Жерде жыл
мезгілдері ауысып отырады.
№2.Публицистикалық стиль: Күз келіп, ауа-
райы салқындай түсуде. Синоптиктердің
болжауынша аптаның соңына дейін
температура 0-ден төмен деңгейде
сақталады.
Айырмашылықтары
№1 мәтінде толымды,нақты сөйлемдер,№2
мәтінде толымсыз сөйлемдер. №1-де
ғылыми, №2-де ауызекі сөздер
қолданылған. №1 мәтінде синоптиктердің
зерттелген жұмысы баяндалған , №2
мәтінде синоптиктердің ауа-райы туралы
жаңалығы хабарланған.
Қорытынды
Қорыта келгенде, ғылыми және
публицистикалық стильдерге мәтін ретінде
мысал келтіре түсінгенім олардың өзіне
тән ерекшеліктері ,кейбір жерлерде
екеуінің мақсаты немесе дереккөзінең
ұқсастығы бар екенін байқадым және
грамматика жағынан салыстырғанда
ғылыми мәтіннің публицистикалық
мәтіннен әлдеқайда алда екені назарға
түсті.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz