Өмірінің соңғы жылдары




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігі А.Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Тақырып:Жанайдар Садуақасов

Орындаған:Бейсенбай Балзия
Тобы:ИС 20-1
Тексерген:Ахметжанова Нұргүл Жанатқызы

Қарағанды 2020-2021
Мазмұны:
1. Кіріспе
2. Өмірбаяны
3. Білімі
4. Жанұясы
5. Қоғамдық жұмысы
6. Өмірінің соңғы жылдары
7. Дереккөздер
Кіріспе
Мемлекет жəне қоғам қайраткері, саяси репрессия құрбаны — Жанайдар
Сəдуақасов 1922–1937 жж. аралығында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің жауапты
хатшысы, Қазақ АКСР Қаржы Халық Комиссарының орынбасары, Əділет Халық
Комиссары жəне Республика прокуроры, Қазақ өлкелік комитетінің мəдениет-насихат
бөлімінің меңгерушісі, Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары
жəне т.б жауапты қызметтерді атқарды. Жауапты қызметтерде ол республиканың
мəдениетін дамыту, білім беру орындарын ашу, сауатсыздықпен күрес жүргізу, аштық
зардаптарымен күресу, ел ішіндегі заңдылықты сақтау жəне нығайту, əйелдердің
құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сонымен қатар республиканың өнеркəсіп
саласын дамыту сияқты мəселелермен айналысты. Оның қоғамдық-саяси қызметі ұзақ
жылдар бойы Кеңес өкіметін орнатуды, коммунистік идеяны жақтаушы ретінде
партиялық тұрғыдан ғана бағаланып, «партияның көрнекті қайраткері»,
«революционер» ретінде қарастырылды. Бұл кеңестік тарихтың негізгі принципі
болғандықтан, енді Ж.Сəдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметін Қазақстан тарихының
жаңа талаптары мен көзқарастарына сəйкес қайта қарастыру, объективті баға беру
қажеттілігі туды. Сондықтан, Ж.Сəдуақасовтың өмірі мен қызметі ол өмір сүріп,
қызмет еткен кезеңдегі аса күрделі тарихи процестермен жəне саяси оқиғалармен
сабақтастыра отырып, жаңаша зерттеуді қажет етеді.
Өмірбаяны

С. Сейфуллин, А.Асылбеков, Д.Әділов т.б. азаматтармен бір
ниетте, қазақ халқының бостандығы мен тендігі жолында
аянбай күрес жүргізеді. 1919 ж. Омбы большевиктерінің
басшылығы мен жұмыс істеген «Қазақ жастарының
демократиялық кеңесі» астыртын ұйымын
басқарады. Колчак бұғауында жатқан С.Сейфуллин,
А.Асьшбеков, Ж.Нұркин,Б.Серікбаевтарды құтқару жолын
іздеп, оларды хат-хабар арқылы рухтандырып отырады.
Ақыры С.Сейфуллинге түрмеден қашуға жәрдемдесіп, оған
жалған құжат жасап береді. Бұл оқиға С.Сейфуллиннің «Тар
жол, тайғақ кешу» романында жазылды.
Садуақасов өзінің қысқа ғұмырында лауазымды қызметтер атқара
жүріп халқына адал қызмет етті.
•1919-1922 ж. Ақмола уезінде халық соты, уездік РК(б)П-ның
нұсқаушысы, уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, уездік
және губерниялық атқару комитетінің жауапты хатшысы
қызметтерін атқарады.
Өзінің іскер азамат екенін таныта білген Садуақасов Қазақстанның
сол кездегі астанасы Орынбор қаласына қызметке шақырылады.
•1922-1937 ж. Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-тің жауапты
хатшысы, Адай уезі кревком төрағасы, КазАКСР финанс
халкомының орынбасары, Қазақ республикасының астанасы
Қызылордаға ауысқан кезде Сырдария губаткомының төрағасы,
әділет халкомы қызметтерін және республика прокуроры, БК(б) П
Қазақ өлкелік комитетінің мәдениет-насихат бөлімінің меңгерушісі,
транспорт жөніндегі хатшысы, өлкелік партия комитеті сауда
белімінің меңгерушісі
•1936 ж . ҚазКСР Халкомсовы төрағасының бірінші орынбасары,
әрі « Социалистік Қазақстан» газетінін бас редакторы, Алматы
облысы және қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы
қызметін атқарды.
Білімі

•Ақмола қаласындағы орысша
оқытатын приход. мектебін
(1916)
•Омбыдағы ересектерге арналған
гимназияны (1919) бітірген.
Жанұясы
Жанайдардың інісі Құрман Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында тұрған. Қазіргі мекені – Астана қаласы. Әкелері
Сәдуақасты Жанайдар тұтқындалғаннан кейін ұстап әкеткен. Құрманның қыз баласы Перизат –Президент
аппаратының қызметкері, ғылым кандидаты, «Жанайдар Сәдуақасов. Өмiрi мен қызметi» атты кiтаптың авторы.
Жанайдардың қарындасы Оңал – ұстаз, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Ағасы мен әкесінің тағдыры
туралы Оңал былай дейді:«Жасыратыны жоқ, ағайдың атын естiгенiм болмаса, жүзiн көрген жоқпын. Ал, әкейдi
жазаға ұшыратып, алып кеткені емiс есiмде қалыпты. Ол кезде мен төрт жастағы бала едiм. Тiптi, кейiн құда-
жекжаттарға дейiн ұстап әкетiптi. Бiздiң әкемiз ауылда бала оқытқан екен. Шешемнiң айтуынша, әкейге бесiн
намазын оқуға ғана рұқсат берiптi. Шешей өзi көлiкке ақ құман мен көрпешенi лақтырып үлгерiптi. Ол кезде iнiм
Құрман кiшкентай болатын, бiрақ анамның құрсағында тағы бiр бала бар едi.Көп ұзамай кiшкентай сiңлiлi болдық,
бiрақ ол қызылшадан шетiнеп кеттi. Жаңаарқа ауданындағы бiр абақтыда ұстап отыр деп естiдiк. Шешей тамақ, оны-
мұны апарса да, жолыға алмады. Сол кезде НКВД-ның Тоңдығұлов деген бiр сұстысы болды. Cол кейiн мазамызды
алып, туысқандарды, тiптi, құдаларға дейiн тексерiп жүрдi. Ауылда ұста Сәдуақас деген болған едi. Сол кiсiнiң
баласы болып жүрдiк. Оныншы класты бiтiргенге дейiн комсомолға өте алмай, 50-ші жылы ғана өттiм. Ал 1957
жылы әкейдi де, ағайды да ақтады. Ағайдан Рүстем деген жалғыз ұл екi жаста қалыпты. Бiрақ ол 1993 жылы қайтыс
болды. Жеңгемiз Елизавета Александровна «АЛЖИРДЕ» отырған. Сөйтсек, ағайымыз анау-мынау болған
жағдайда деп, баласын Мангелдин деген бажасына тапсырып кетiптi. Сол кiсi оны Ташкентте ер жеткiзiп, өсiрiп,
Орта Азиялық Мемлекеттiк университетке геолог мамандығына оқуға түсiредi. Кейiн Құрман iнiм
сұрастырып жүрiп, iздеп барды. Бiрақ, жолыға алмай қайтты. Ал, Елизавета 1983 жылы қайтыс болды. Ақталғаннан
кейiн үш бөлмелi үй берiптi. Бiз көзi тiрiсiнде кездесе алмадық.
Бiрақ қанша ақталса да, жеңгемiз ағай туралы сақтықпен айтып, бiр чемодандүниесiн ешкiмге көрсетпеген
екен».Жанайдардың әкесі Сәдуақас Жалмақанов 48 жасында 1937 жылы 8 желтоқсан күні УНКВД үштігінің шешімі
бойынша Сәкен Сейфуллиннің әкесі Сейфолла Оспановпен бірге ҚарЛагта үкімі шығарылып,
1938 жылы 14 қаңтарда атылды. Сөйтіп, өмір бойы ағалы-інілі адамдардай қатты сыйласқан,
әрі пікірлес, қызметтес болған Сәкен мен Жанайдарың әкелеріне бір күнде, бір жерден топырақ бұйырды.
Қоғамдық жұмысы

•Садуақасов 1922 жылдан ҚазақАКСР ОАК-нің мүшесі
•1929 жылдан БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің Бюро
мүшесі
•1937 ж. Қазақстан К(б) ПОК- нің 1-пленумында Бюро
мүшелігіне сайланды.
•Садуақасов өзінің адал да еңбекқор, туған халқының
болашағы үшін аянбай енбек ететін, нағыз елін шын
сүйген азамат екенін таныта білді. Әділет халкомы және
респ. прокуроры қызметін аткару кезінде зан актілерін
халық мүддесіне икемдеуге, заң кадрларын дайындауға,
әйелдерді заң қызметіне тартуға баса көңіл бөлді. Жетім
балалар үйлерін, ұлттық мектептер ашуға белсене
кірісті. Әсіресе тұңғыш қазақ театрының ашылуына
тікелей ықпал етті. Байларды тәркілеу саясатына ашық
қарсы болып, өлкелік партия комитетінің ІХ пленумында
сөз сөйледі.
•1932 ж. 0.Жандосовпен бірге халықты аштықтан
құтқару жөніндегі арнайы комиссияны басқарды.
Садуақасов адал да іскер, туған халқының болашағы
үшін басын бәйгеге тіккен қазақ зиялыларынын
алдыңғы сапында болды.
Өмірінің соңғы жылдары

•1937 ж . 17 қыркүйекте қаауға алынып,
әміршіл-әкімшіл жүйе ұйымдастырған
«халық жауы» деген жалған жаланын
құрбаны болып, 1938 ж. 25 ақпанда
атылды.
•1957 ж . 16 сәуірдегі КСРО Жоғарғы
Сотының шешімімен ақталды.
Дереккөздер:
1. Шалқарбаев Д. Ақиықтар. — Тараз: Келісім-пресс,
1998.
2. Сейфуллин С.С. Тар жол айғақ кешу. — Алматы:
Жазушы,
3. Қойшыбаев Б. Ұлт театрының шаңырағын көтеруші. —
Алматы: Арыс,
4. Бас прокурор әрі әділет министрі: Отыз жасында екі
бірдей қызметті атқарған Жанайдар Сәдуақасов
туралы не білеміз
5. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. -
Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
6. «Орталық Қазақстан» газеті 24.05.2018 күнгі баспасы

Ұқсас жұмыстар
Фридрих Ницше өмірбаяны
Жоғалып бара жатқан балықтар мен құстар
ӘЙГІЛІ КӘСІПКЕР
Махамбеттің балалық шағы
Қазақстан республикасының халық жазушысы
Зымыран сұрақтар
Музыкалық шығармаларды талдау тәсілдері *Су тасушы қыз*
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы
ГАЙДН ЕСКЕРТКІШІ
Сыртқысаясат саясат
Пәндер