Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары
Презентация қосу
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
университеті
Практикалық жұмыс
Тақырып:Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық –
құқықтық нысандары.
Дайындаған:Жамалбек А.
Тобы:МДОжТ21
Қабылдаған:Асетова Г.Б
Жоспар
Кіріспе
1.Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық
–құқықтық нысандары.
2.Жеке кәсіпкерлік қызмет субъектілерін
құру, қайта құру және тарату.
Банкроттық.
3.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және
кәсіпкерлік дауларды шешу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпкерлік қызмет түрі қоғамның барлық аясына кең
тараған: өндірістік, шаруашылық, коммерциялық, сауда-
саттық, аралық, инновациялық, кеңес беру, қызмет
көрсету, қаржылық (бағалы қағаздар операциясын қоса)
және т.б. аяларды атауға болады. Кәсіпкерлікті дамыту
бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Бұл мәселе кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің дамуы
мен өркендеуі бағыттарымен қатар жүреді. Сондықтан
да Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа
үндеуінде кәсіпкерлік қызметті қолдаудың тізбектілік
тәртібіне тоқталып өтті. Жолдауда «Еңбек өнімділігінің
кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады
Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық –
құқықтық нысандары.
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны
дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық
нысанмен
қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының
құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы,
шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның
капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен
мазмұнына тәуелді болғандықтан және
әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен
бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты
жіктелуі.
ҚР-ның Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның
ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар
Шаруашылық серiктестiк;
Акционерлiк қоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Шаруашылық серiктестiк
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(қатысушылардың) үлесiне (салымдарына)
бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық
серiктестiк деп танылады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың)
салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ
шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде
өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы
бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiкке
қатысушылардың құқықтары:
құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен
шаруашылық серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысу
шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат
алуға және құрылтай құжаттарында белгiленген
тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға
таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай
құжаттарының бiр немесе бiрнеше қатысушыны
пайданы бөлiсуге қатысудан шеттетудi көздейтiн
шаруашылық серiктестiк
ережелерi жарамсыз таратылған
болып табыладыжағдайда несие
берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған
серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес
мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға құқылы.
Шаруашылық серiктестiкке
қатысушылар міндеттері:
салымдарды құрылтай
құжаттарында көзделген
құрылтай құжаттарының
тәртiп, мөлшер, әдiстер және
талаптарын сақтауға
мерзiмдер бойынша салып
отыруға
шаруашылық серiктестiк
коммерциялық құпия деп
жариялаған мәлiметтердi
жария етпеуге мiндеттi
Шаруашылық серiктестiк
Толық
серiктестiк
Қосымша
жауапкерш
iлiгi бар
серiктестiк
Сенiм
(комманди
ттiк)
серiктестiг
i
Жауапкер
шiлiгi
шектеулi
серiктестiк
Акционерлiк қоғам
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға
акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк
қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде
көзделгеннен басқа жағдайларда оның
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне
тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның
қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн
көтередi. Акционерлiк қоғамның өз
қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi
болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде
жауапты болады және өз қатысушыларының
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Акционерлiк қоғам
Еншiлес ұйым
Тәуелдi акционерлiк қоғам
Өндiрiстiк кооператив
Азаматтардың бiрлескен
кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк
негiзде олардың өз еңбегiмен
қатысуына және өндiрiстiк
кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк
жарналарын бiрiктiруiне негiзделген
ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив
деп танылады. Кооператив мүшелерi
екеуден кем болмауға тиiс.
Шаруа
қожалығы– заңды
тұлға құқығына ие дербес
шаруашылық
жүргізуші субъект түріндегі
ерікті кәсіпкерлік нысаны.
Мұндай шаруашылықты жеке
азамат, оның отбасы немесе
ауылшаруашылық өнімін
өндіретін, ұқсататын, сататын
адамдар тобы құрады.
Дара кәсіпкерлік
- жеке тұлғалардың кіріс алуға
бағытталған, жеке тұлғалардың
өздерінің меншігіне негізделген
және жеке тұлғалардың атынан
олардың тәуекелі үшін және
мүліктік жауапкершілігімен
жүзеге асырылатын
бастамашылық қызметі
Жеке кәсіпкерлік қызмет субъектілерін құру, қайта
құру және тарату. Банкроттық.
Кәсіпкерлік құқықтың
субьектілері- таза пайда табу
мақсатында, кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырушы
коммерциялық ұйымдар мен
жеке тұлғалар, сондай-ақ
кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушы жеке кәсіпкерлер.
Экономикалық қатынастарда кәсіби
түрдегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушы субьект, яғни кәсіпкер болып
танылу үшін келесі белгілерді иеленуі шарт:
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
белгілі бір мүліктік дербестігі мен
тәуелсіздігінің болуы;
Шаруашылық жүргізу құқығына ие болу;
Белгіленген тәртіп бойынша
мемлекеттік тіркелуі қажет;
Шаруашылық тәуекел етуі және мүліктік
жауапкершілігінің болуы.
Кәсіпкерлік қызмет субьектілерін құру тәртібі.
Кәсіпкерлік қызмет субьектісін құру
тікелей ерікті-келісім негізінде жүзеге
асырылады.
Ерікті –келісім негізін бір немесе
бірнеше құрылтайшы иелене алады.
Бұл жеке кәсіпкерге де, заңды
тұлғаларға да тиесілі. Жеке
кәсіпкерлікті құрудың бір ғана тәсілі
бар. Ол – келу тәртібі. Ал заңды
тұлғаларды құраудың үш тәсілі бар.
Ал заңды тұлғаларды құраудың үш тәсілі бар.
Реттеуші- мемлекеттік билік пен басқару органдарының
тікелей бұйрығымен құрылады. (бұндай бұйрық мемлекеттік
органдардың шығарған реттеуші актісі негізінде жүргізіледі,
мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер осындай жолмен
құрылады ).
Рұқсат беруші- мемлекеттік органдардың шешіміне сәйкес
заңды тұлғаларды олардың құрылтайшыларының калауы
бойынша құру. (мемлекеттік және жеке кәсіпорындар,
қоғамдық ұйымдар мен азаматтар).
Келуші-нормативтік – заңды тұлғаны құру үшін мемлекеттік
органдар тарапынан не реттеуші не рұқсат беруші әдісті
қолдану талап етілмейді. Бірақ, заңды тұлғаны құру үшін екі
әдісті де қолдану қажет. Біріншіден- бұндай заңды тұлғаларды
құру заңда алдын-ала қарастырылады; Екіншіден- оларды
ұйымға біріктіру туралы жалпы жиналыс мүшелерінің шешімі
қажет.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығы, оларды қайта ұйымдастыру және тарату
Жеке кәсіпкерлік субъектісі борышқордың сотқа
өтініші немесе кредитордың, ал Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтініші
негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады.
Дара кәсіпкердің банкроттық рәсімі Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасында
көзделген кредиторлардың талаптарын
қанағаттандырудың кезектілігі бөлігіндегі
ерекшеліктермен заңды тұлғалар үшін белгіленген
ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсіпкерлік
субъектісін қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке
кәсіпкерліктің нақты ұйымдық-құқықтық нысаны
үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкердің қызметі ерікті немесе мәжбүрлеу
тәртібімен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-
жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
Дара кәсіпкердің қызметі өзіндік кәсіпкерлік
кезінде - дара кәсіпкер өз бетімен, бірлескен
кәсіпкерлік кезінде - барлық қатысушылар бірлесіп
қабылдаған шешім негізінде кез келген уақытта
ерікті түрде тоқтатылады.
Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін
тіркейтін органға кәсіпкерлік қызметін тоқтату
туралы өтініш береді.
Бірлескен кәсіпкерлікті тоқтату туралы шешім,
егер ол үшін оған қатысушылардың жартысы дауыс
берсе, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше
көзделмесе, қабылданды деп саналады.
Жеке кәсіпкердің қызметі мынадай
жағдайларда:
1) ол банкрот деп танылған;
2) тіркеу кезінде жіберілген жойылмайтын
сипаттағы Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара
кәсіпкерді тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) қызметін күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан
Республикасының заңнамасын бірнеше рет
немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
4) олқайтысболдыдепжарияланған;
5)ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған
жағдайларда соттың шешімі бойынша
мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және
кәсіпкерлік дауларды шешу
Кәсіпкерлік құқық -
кәсіпкерлік
қатынастарды реттейтін
және де коммерциялық
емес құқытарды,
мемлекет пен қоғамның
мүддесін қамтамасыз
ету мақсатында
экономиканы
мемлекеттік реттеу
қатынастарының
жиынтығы.
Кәісіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік
тәуекелге негізделген және жүйелі түрде
пайда (табыс) табуға бағытталған
шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері
қатарына төмендегілерді жатқызу керек:
кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы
және дербестігі;
меншіктің болуы;
тәуекел сипаты;
пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.
Кәсіпкерлік қызметті құқықтық қорғау
үшін Қазақстан Республикасы Кәсіпкелік
Кодексін дайындады. Бұл заң 2015 жылдың
29 қазаннан бастап күшіне енді.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында
кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін
құқықтық, экономикалық және әлеуметтік
жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды,
кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің
өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеуге және қолдауға
байланысты туындайтын қоғамдық
қатынастарды реттейді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерi
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында
өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкерліктің кез келген
түрін жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, жеке
кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер
құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілген
тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)
бағасын дербес белгілеуге;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде
қаражат (қарыз) беруге;
6) өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқы
экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін
құруға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген
бірлестіктері арқылы сарапшылық кеңестердің
жұмысына қатысуға;
9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге
асыратын құқық қорғау органдарына және
мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің құқықтарын бұзуға кінәлі
тұлғаларды жауапқа тарту мәселелері бойынша
жүгінуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
үшін сот органдарына жүгінуге
11) жеке кәсіпкерлікті қолдау және
қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік
құқықтық актілердің орындалмауына
немесе тиісінше орындалмауына септігін
тигізетін себептер мен жағдайларды
жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік
органдардың қарауына енгізуге;
12) әлеуметтік, экономикалық және
экологиялық салалардағы жобаларды
іске асыру немесе оған қатысу жолымен
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
шараларын өз қызметінде қолдануға
құқылы.
Қорытынды
Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе
өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.
Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі
кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның
жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның
ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік
жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет
мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері
кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы
еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға
құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы
еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі
ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге
асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы
қажет.
Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда
бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау,
өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге
тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік
болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
Пайдаланылған әдебиеттер
С. П. Мороз (ed.): Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық.
Алматы: Бастау, 2009, ISBN 978-601-281-001-1.
С. П. Мороз (ed.): Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық
бойынша практикалық тапсырмалар: оқу құралы.
Алматы: Бастау, 2009, ISBN 978-601-281–001-1.
Ғ.И Төлеуғалиев (ed.): Қазақстан Республикасының
азаматтық құқығы, оқулық, 1 том. Алматы: Жеті
жарғы, 2001, ISBN 5-7667-5103-6
М. К. Сүлейменов, Ю. Г. Басин (ed.): Азаматтық құқық:
жоғары оқу орыңдарына арналған оқулык
(академиялық курс). Алматы: 2003, ISBN 9965-629-13-7.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz