Ісіктердің құрылысы


Slide 1

Тақырыбы:Ісіктер. Скринингтік тексеру әдістері.

Құрғақ гангрена

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Ісік және оның құрылысы

Ісіктің түрлері, ерекшеліктері

Ісіктің патогенезі, морфогенезі

Ісіктердің жіктелуі

Ересек адамдарда және балаларда ең жиі кездесетін ісіктер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Ісіктер

Ісік(blastoma, oncos, tumor) - шексіз тоқтаусыз, бақылаусыз өсумен сипатталатын патологиялық үрдіс. Ісік өсуге қабілетті кез-келген тіннен дамуы мүмкін.

Ісіктердің құрылысы Ісіктердің сыртқы көрінісі пішіні және көлемі бойынша әртүрлі болып келеді. Көбінесе өсіп тұрған тінді қоршап, шар тәрізді болып келеді. Басқа тіндерден ісіктер ақ, сары немесе сұр түстерімен ажыратылады. Консистенттілігі бойынша тым жұмсақ немесе тым қатты болуы мүмкін.

Slide 4

Ісіктер кішкентай мөлшерден алып көлемге(бірнеше килограммға) дейін жетуі мүмкін. Егер ісік қан тамырларынан тұратын немесе қан тамырларына бай болатын болса(ангиома), онда ол қызыл немесе қою қызыл түске боялады.

• Сілемейлі қабықшада және теріде өсетін ісіктер саңырауқұлақ тәрізді (фунгозды ісік) болады. Егер ісіктің құрамында меланин пигменті болса(меланома), онда ісік қоңыр, сұр немесе қара түске боялады.

• Ісіктердің микроскопиялық құрылысы. Жоғарыда айтылғандай ісіктер кезкелген тіннен дамуы ықтимал. Сондықтан олардың гистологиялық құрылымы өсіп шыққан тіннің құрылымымен ұқсас келеді. Бұндай ісіктерді гомологиялық немесе гетерологиялық деп бөлінеді.

Slide 5

Ісік құрылымы бойынша өзі дамыған тінге немесе ағзаға ұқсас болса, онда ол гомологиялық ісік, ал гетерологиялық ісікте ісіктің жасушалық құрылысы өзі дамыған ағза не тіннен айырмашылығы болады. Гомологиялық ісіктер жетілген, дифференцирленген, гетерология лық ісіктер -жетілмеген, не аз -немесе дифференцирленбеген.

• Морфологиялық тұрғыдан атипизм -жасушалық, тіндік деп бөлінеді. Ісік атипизмінің негізгі морфологиялық көрінісі-митоз. Тіндік атипизмде паренхима мен строманың ара-қатынасы бұзылады. Жасушалық атипизмда жасуша мен ядроның полиморфизмі, ядроцитоплазмалық қатынас көбейеді, ядрогиперхромды, ядрошық үлкейген, патологиялық митоз тән.

• Ісіктердің жасушалары қалыпты жасушалардан өзінің қайталануы мен даму сатыларымен ерекшеленеді. Олардың ядролары ірі, хроматинге бай немесе кедей болады. Жасушаларының пішіндері мен көлемдері әртүрлі.

• Жалпы микроскопиялық әрбір ісік паренхима мен стромадан тұрады.

Slide 6

Электронды микроскоппен қараған кезде ісік жасушаларында жаңа құрылымдар кездеседі. Цитоплазмасында митохондриялар қалыптыға қарағанда аз кездеседі, ұзындығы және пішіні әртүрлі болады. Эндоплазмалық тор біркелкі болады, яғни ол түйіршікті құрылымынан айырылады және онда ақ түс беретін вакуольдер пайда болады.

Клеткалық метаболизмнің өзгеруіне байланысты ісік жасушасының химиялық құрамында өзіндік ерекшеліктер байқалады. Ол суға, холестеринге және калийге бай, бірақ кальций мен темірге кедей болады.

Slide 7

• Қатерсіз ісік ерекшеліктері- капсула түзіп өседі, құрылымы қалыпты жасушаларға ұқсас келеді, ісік жасушалары дамыған және сараланған, айқындалған құрылымды атипизм, алып тастағанда қайтадан өспейді.

Метастаздану болмайды. Адам үшін клиникалық көріністері жағымды. Кахексия тудырмайды және өлімге әкелмейді.

Slide 8

Қатерлі ісік ерекшеліктері инфильтрацияланған өспе, капсуласы болмайды, жасушалық анаплазия, жетілмеген жасушалар, алып тастағанда қайтадан өседі. Метастаздану байқалады. Адам үшін клиникалық көріністері жағымсыз. Кахексия тудырады және өлімге әкеледі.

Slide 9

Ісіктердің патогенезі:

• канцерогенді агенттердің немесе тұқым қуалаушылық патологиялардың әсерінен геномдағы соматикалық жасушалардың өзгеруі;

• жасушалық онкогендердің белсендірілуі және антионкогендердің супрессиясы.

• жасушаның ісікті трансформациясы және оның бақылаусыз шексіз өсу қабілетіне ие болуы.

Ісіктердің морфогенезі

Ісік алдындағысыз өзгерістер- de novo. Ісік келесі сапалы ажыратылатын кезеңдер арқылы өтеді: - ісік алды кезең- гиперплазия және ісік алды дисплазия; - тінге енбеген ісік-ісіктің өз бетінше өсуі. Базальды мембрана бұзылмайды. Строма мен қан тамырлары түзілмейді. 10 және одан да көп жылға дейін өсуі мүмкін; - тінге еніп өсетін ісік; - метастаздану;

Slide 10

ІСІКТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

1. Арнайы даму орны жоқ ісіктер эпителийлік ісіктер-папиллома, аденомалар; 2. Экзо-эндокринді бездері және жамылғы эпителий ісіктері-ұйғы без. гипофиз, бүйрекүсті безі, аналық, аталық, сүт без ісіктері; 3. Мезенхимальды ісіктер; 4. Меланин түзуші; 5. Нерв жүйесі мен ми қабық ісіктері; 6. Қан жүйесі ісіктері; 7. Тератомалар.

Slide 11

ЕРЕСЕК АДАМДАРДА ЕҢ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ІСІКТЕР: • Өкпе рагы, тері, тік ішек пен тоқ ішек рагы, сүт безі, асқазан, қуық безі, аналық без өңеш рактары, лимфома және лейкоздар. • БАЛАЛАРДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ІСІКТЕР: • Лейкоздар, лимфомалар, ми ісіктері, гепатобластома, нефробластома, те ратомалар, рабдомиосаркокама, остеогенді саркома. [1]

Slide 12

Скринингтік тексеру әдістері

СКРИНИНГ - бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатысында анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилақтикалық дәрігерлік қараудан. [2]

Скрининг көлеміне енетіндер:

Антропометриялық өлшеулер (бойы, денесінің салмағы, мықынының көлемі) ;

Артериальды қан қысымын өлшеу;

Мақсатты тобына байланысты зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу

СКРИНИНГТЕН ӨТУГЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖАСТАҒЫ ТОПТАР ЖАТАДЫ:

• 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жаста көзіші қысымын өлшеу;

• 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жаста қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау;

• электрокардиография - көрсеткіштері бойынша;

• кардиологтың, эндокринологтың, офтальмологтың тексеруінен өту - көрсеткіштері бойынша.

• балаларда В және С созылмалы гепатит маркерінің болуына қанның талдамасын жасау - қауіпті тобынан.

Slide 13

Скринингтен өткізу сатысы төмендегідей кезеңдерден тұрады:

вирусты этиологияның бауыр циррозы бар науқастар арасында 3 айда 1 рет мерзімімен жылына 4 мәрте және вирусты емес этиологияның бауыр циррозы бар науқастар арасында 6 айда 1 рет мерзімімен жылына 2 мәрте альфа-фетопротеин (АФП) деңгейін анықтау үшін қанның иммунды химиялық немесе иммунды ферменттік талдамасын жасау;

вирусты этиологияның бауыр циррозы бар науқастар арасында 3 айда 1 рет мерзімімен жылына 4 мәрте және вирусты емес этиологияның бауыр циррозы бар науқастар арасында 6 айда 1 рет мерзімімен жылына 2 мәрте бауырдың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу;

Slide 14

Скрининг әдістерге қойылатын талаптар:

1. Әмбебаптылық (заттардың көп тобына зерттеу жүргізу мүмкіндігі) 2. Жеткілікті мамандандырылған (өзгешеліктері) 3. Жоғары сезімталдық 4. Экспрестілік 5. Дәлдік

Slide 15

Жалпы скрининг- түрлі фармакологиялық топқа жататын құрылысы жөнінен айырмашылықтары бар заттарды химиялық зерттеуді қарастырады көбіне топың өзі екендігін анықтайды Жеке скрининг- топтың ішіндегі заттарға зерттеу жүргізуге және оныңтуындыларының өзі екендігін анықтайды Мақсатына қарай талдаулар бөлінеді: • Бағытталған скрининг, белгілі химиялық топтардан токсиканттарды анықтау. • Бағытталмаған скрининг, химиялық токсиканттар тобынан нағыз улы заттарды табу. Бағытталмаған талдауда қолданылатын негізгі скринингтік әдістер: •Иммунохиялық (иммуноферменттік талдау - ИФТ, поляризацияланған флуроиммундық талдау - ПФИТ, талдау -ИХТ) . •Оптикалық (УК аймақтағы спектроскопия) . •Хроматографиялық (Жұқа қабатты хроматография - ЖҚХ, газ-сұйықты хроматография - ГСХ) .

Slide 16

ЖҚХ-, ГСХ- және СФМ- скрининг әдістерінің қолданылу спектрі.

• химия-токсикологиялық талдау (өткір улануларды жылдам талдау, наркотикалық заттарды диагностикалық зерттеулерінде) ; • сот-химялық зерттеулерде; • медико-криминалистік зерттеулерде.


Ұқсас жұмыстар
Эндокриндік мүшенің қатерлі және қатерсіз ісіктер
Қатерлі және қатерсіз ісіктер
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕР
Ісік клеткаларын зерттеу әдістері
Қатерлі ісік
Зілді ісіктерді анықтау және емдеудің заманауй әдіс тәсілдер
Қатерлі ісіктің клиникасы
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ
Ісікке қарсы дәрілік заттар
ІСІККЕ ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz