Жедел - іздестіру




Презентация қосу
Тақырыбы: Жауап алудың ақпараттық
сипаттамалары,стратегиясы, тактикасы мен
құралдары.

Орындаған: Елнұрқызы Назерке
Тобы: ҚТ-18КОБ
Тексерген: Мадыхан С.М.
Жауап алу:
Жауап алу дегеніміз — занда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған
кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты
ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап
алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден,
айыпкерден жауап алу деп бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді.
Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша
жүргізілуі тиісті. Бірақ, іс бойынша неғүрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы
тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы
тактикалық әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол занда
көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда қылмыстық оқиғаға қатысты мынандай
мәліметтер:

кылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің
жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген кылмыстың зардабы,
залалы, сипаты мен мөлшері және қылмыстық оқиғаның басқа да мән-
жайлары анықталады.
Бұлар - заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар,
қылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап
алу арқылы тікелей қылмыстық оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға
керекті аралық мәліметтер де алынады.
Айталық, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін
қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап
алудың мұндай аралық түрінің, қылмыстық оқиғаға тікелей қатысы болмаса
да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын
анықтауда үлкен маңызы бар.
Жауап алу барысында жүргізілетін жұмыстар:

Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін әткізу
алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не
қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды толық
оқып, танысып алуы керек.
Іспен толык танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселелерге
назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай
сүрақ қою керек екендігін және осы сұрақтардың қандай кезекте кою керек екендігін
алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алу орны:
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарланады.
Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей
жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты оның үйіне, не
ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса,
тергеуші одан жауапты көбінесе қамау орнында алады. Кейде
айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының
әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады:

Бірінші кезең -
оқиғаны, не істің басқа
бір мән-жайын
қабылдау (көру, есту);
екінші - осы кабылдап
алған мәліметті ойда
сақтау,
үшінші - осы
мәліметтерді есіне
түсіріп, тергеушіге
айтып жеткізу қабілеті.
Жауап алу тактикасы:
Айыпкерден жауап алудың тағы бір тактикалық әдістерінің
бірі ішкі істер органдары арқылы жауап алу процесіне
жедел-іздестіру деректерін пайдалану.
Мұндай деректер:
• жауап берушінің қылмыстық оқиғаға қатыстылығын, оның
жасалған қылмыс жөнінде қаншалықты хабардар екендігін
болжаттыратындай жеке сипатына, тергеу кезінде оның
аталған істің нәтижесіне мүдделілігіне;
• қылмыстың жекелеген элементтерін жариялауға немесе
қылмыстың ашылуына;
• жауаптау кезінде алынуы мүмкін дәлелдемелерді тексеру
әдістеріне қатысты пайдаланылады.
Жедел-іздестіру:
Жауап алу кезінде жедел-іздестіру
барысында алынған деректердің орнын
мейлінше құпияландырудың маңызы өте
айрықша. Сондықтан, тергеуші жедел-
іздестіру деректері бойынша
айыпкерден жауап алғанда, қойылатын
сұрақтарына өте мұқият болуы тиіс.
Егер жауап алу күрделі жағдайда өтетін
болса, онда тергеуші ең маңызды
сұрақтарды алдын ала іріктеп,
кұрастырып алғаны жөн. Жедел-
іздестіру деректерін пайдаланғанда,
мұның маңызы өте зор болады. Әйтпесе,
сәтсіз қойылған бір сұрақтың өзі жедел-
іздестіру деректерінің алынған көзін
айыпкерге сездіріп алуы әбден мүмкін.
Қайшылығы жоқ
жағдайлар:
Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында
белгілі бір қарым-қатынас калыптасады. Психологиялық
тұрғыдан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында
қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады. Егер жауап
беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын
толык айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп
есептеледі.
Қатысастын адамдар:
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал
жасы толмаған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер,
не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған
куәнің ата-анасы да қатысады.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын кұрумен
аяқталады. Жауап алынатын әр адамға арнап құрған
жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі
қандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні
көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету
керектігі белгіленеді.

Ұқсас жұмыстар
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде жеке адамның құқықтарымен бостандықтарын сақтау
Тергеу мен анықтау заңдылығын жүргізу кезінде
Құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу
ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІ
ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
Прокуратура
Прокуратура органдары қызметінің мазмұны және негізгі бағыттары
Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
Компьютерлік желілер, электронды пошта қызметі, әлеуметтік желілер туралы мәлімет
Пәндер