Адвокаттың соттық сөйлеуі
Презентация қосу
Тақырыбы: Адвокаттың ораторлық өнерінін негіздері.
Адвокаттың соттық сөйлеуі.
Орындаған: Елнұрқызы Назерке
Тобы: ҚТ-18КОБ
Тексерген: Дюсебаев Т.Т.
Тақырыптың түсінігі:
Адвокатура азаматтардың барлық жағдайда құқықтары мен
бостандықтарын заң тұрғысынан көмек берiп қорғайтын бiрден-бiр заңи
ұйым болып табылады. Оның заң көмегiн көрсету түрлерi мен әдiстерi және
құқықтық негiздерi әр алуан, өзiне тән ерекшелiктерiмен ерекшеленедi.
Қазiргi нарықтық экономика жағдайына байланысты адвокаттардың
көрсететiн қызметтерi әр құқық саласы бойынша өзгешеленедi, сонымен
қатар кәсiби және бiлiктi қызмет түрлерiн көрсету үстiнде.
Адвокат түсінігі:
1. Ежелден белгілі, негізгі «Адвокат» деп тек қана ораторлық шеберлік секілді мықты
қаруды шебер және жарыссөзде қолдана алатын адамды атай аламыз. Сөз сөйлей білу
адвокаттың міндеті, ол үшін уақытты да, еңбекті де аяму қажет. Сөз сөйлей білу
жетістіктің кепілі.
2. Соттық сөйлеу шеберлігінің мәнін А.Ф. Кони былай анықтаған: «Сот шеберлігінің
негізінде дәлеледеу мен сендіру қажеттілігі жатыр, басқаша айтқанда, тыңдаушыларды
өзіңнің пікіріне икемдеу қажеттілігі».
Адвокат тыңдаушыларды өзінің пікіріне жетелеу (икемдеу) үшін, оның сөзі тек қана
дәлелді емес, сонымен қатар мазмұны жағынан көңілге қонымды, сенімді болуы тиіс.
Ондай сөзді құрастырудың қажетті шарты болып оның не туралы, не және қалай сөйлеу
керектігін нақты белгілеп, судьяларды өзінің пікіріне сендіру болып табылады.
Түсініктеме:
Жарыссөзде адвокатқа сенім оның сөзі белгілі бір коммуникативті қасиеттермен
иеленсе пайда болады. Соттағы сөз сөйлеудің маңызды коммуникативті
қасиеттері болып: сөздің адалдығы (шынайлығы), нақтылығы, түсініктілігі және
қисындылығы (ойға қонымдылығы) табылады.
Сөздің түсініктілігі оның жеткізілуінен тұрады. Сөз тыңдаушылар үшін түсінікті
болуы шарт.
Сөздің қисындылығы сөздің мазмұнын бірізді (жүйелі) рет – ретімен, бір –
бірімен байланыста жеткізуден тұрады. Қисынды жүйесіздік, түсініксіз сөз
туралы А.Ф. Кони былай деген: «Егер ой бір нәрседен екінші нәрсеге секіріп
отырса, егер негізгі ой ұдайы үзіліп отырса, мұндай сөзді тыңдау мүмкін емес».
Мұндай қисынды түрде бірізді, жүйелі, байланысты сот сөзін құрып, сөйлеу
үшін мұқият түрде сөз сөйлеу жоспарын құрып алу қажет.
Сөз сөйлеу жоспары – бұл оның мазмұнды схемасы, мұнда бір ойдан, екінші
ойға көшу қисыны көрінеді. А.Кони: «Жоспарды құрғанда екінші ой біріншіден,
үшіншісі – екіншіден және т.б. шығып отыруы немесе біріншіден келесіге
жаратынды өтім болуы керек».
Судьялар адвокаттың ойын дұрыс түсінуі үшін, оған – сөздің қысқа
болуы секілді коммуникативті қасиет тән болуы шарт. Бұл қасиет
жөнсіз, қажетсіз сөздердің болмауынан көрінеді.
Кейбір кездері қысқа сөз орынсыз болуы да мүмкін.
Мысалы, алқалық сот отырысында күрделі сот істерінде және басқа
да ауыр қылмыстарды қарау кезінде.
Қорғау сөзінде қысқа сөздің қаупі сендіру эффектісін қамтамасыз
етпеуінде, себебі адвокатқа прокурордың сөзінен кейін соттарды
сендіру емес, сөз ұқтыруы қажет.
Түрлері:
Сонымен қатар, адвокаттың сөзі мәнерлі болуы тиіс.
Сөз мәнерлі болуы үшін келесі құрылымдық элементтері қажет.
Ол:
1) эстетикалық сөз стилі;
2) көркемдік сөз құралдары;
3) риторикалық сөз пішіні.
Эстетикалық сөз түсінігі:
Эстетикалық сөз стилі әдеби шығарма секілді болуы тиіс. Ол туралы П.С.
Пороховщиков былай деген: «Әрбір нағыз оратордың сөзін оқысаңыз,
оның айыптау немесе қорғау сөзі бола тұра әдеби шығарма екеніне
көзіңіз жетеді».
Көркемдік сөз түсінігі:
Көркемдік сөз сқұралдарына: салыстыру, сөз айналымдары жатады.
Пороховщиковтың айтуынша, көркемделген сот сөзі әншейін сөзден мәнерлі,
сондықтан көркем сөз судьялармен, алқа соттарымен тез сақталып, олардың
ішкі сеніміне тиімді әсер етеді
Риторика сөз түсінігі:
Риторикалық сөз пішіні – бұл ерекше стильдік айналымдар, яғни қайталаулар,
ескертулер, сұрақ – жауап, аяқ асты ойдың үзілуі және тоқтап қалу.
риторикалық сұрақ – адвокат сұрақ қояды да, өзі жауап бермейді,
тыңдаушылардың өздері жауап беруге бағытталған;
сұрақ – жауап – оратор өзіне, тыңдаушыларға сұрақ қойып өзі оған жауап
береді;
тоқтап қалу – сөзін аяқтамау, бір ойды бастап, әрі қарай ойды жалғастыру
тыңдаушылардың еншісіне қалдыру;
аяқ асты ойын тоқтату – оратор бастаған ойын аяқтамай, үзіп, басқа бір
нәрселерден кейін қайта жалғастырады.
Соттық сөйлеудің логикалық
құрылымы:
кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.
Кіріспе сөйлеу бөлімінің мазмұны және оған қойылатын негізгі
талаптар.
Соттық сөйлеудің негізгі бөлімі:
істің нақты мән-жағдайларын көрсету;
іс бойынша жиналған дәлелдемелерді анализдеу;
саралауды негіздеу;
қылмыстық іс бойынша-тұлғаны сипаттау, құқық бұзушылықты
жасаудың себебі;
жазалау шарасы туралы ойлау.
Соттық сөйлеу қорытындысының психологиялық, логикалық және
эмоционалдық маңызы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz