Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірбаяны және Қазақстандағы кәсіби музыка өнерін қалыптастырудағы рөлі


Slide 1

Ахмет жұбанов

Slide 2

өмірбаяны

Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің туу, қалыптасу, даму кезеңдері академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов есімімен тығыз байланысты. Композитор, дирижер және XIX ғасырдағы қазақ музыкасының тарихын зерттеген ғалым ретінде оның қазақ музыкасына сіңірген еңбегі орасан зор. Жас Ахмет Жұбанов 1929 - 1933 жылдары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) музыка техникумында скрипка, консерватория қабырғасында гобой мамандығы бойынша білім алған. 30-жылдары Қазақстанда музыкалық білім беру жүйесін енгізу мәселесі туғанда А. Жұбанов елге шақырылып, өзінің білімі мен жігерін осы іске арнаған. Алматыға келген бойда музыка техникумында ұстаздық қызмет атқарады. Осы оқу орны жанындағы фольклорлық кабинет жұмысына араласқан.

Slide 3

А. Жұбанов қазақ мәдениетіне сіңірген еңбектері үшін өнертану ғылымдарының докторы (1943), Қазақ КСР халық артисі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1946), профессор (1948) кұрметті және ғылыми атақ-дәрежелеріне ие болды. Академик А. Жұбанов шығармашылығы қазақ музыкасымен ғана шектеліп қалмайды. Ол республикамыздағы мәдени іс-шаралардың басы-қасында жүрген. 1936 және 1958 жылдары Москва қаласында өткен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің он күндіктеріне қатысқан қоғам қайраткері. Ғалымның композиторлық және зерттеушілік еңбектері қазақ мәдениетін биік сатыға көтерген асыл мұралар. Қоғам тарапынан сол мұраларға деген қажеттілік бар кезде академик Ахмет Жұбановтың есімі де мәңгі жасайтын болады.

Slide 4

1929 жылы Ленинградтың М. И. Глинка атындағы техникумында (А. А . Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф. А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.

1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.

1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.

1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.

1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.


Ұқсас жұмыстар
Ахмет Қуанұлы Жұбанов және қазақ музыка өнерінің қалыптасуы
Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың қазақ фонетикасын қалыптастырудағы рөлі мен зерттеулері
Ахмет Байтұрсынұлы: өмірбаяны, шығармашылығы және аудармашылығы
Қожа Ахмет Ясауи: өмірбаяны, ілімі және кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи: өмірбаяны, ілімі және діни-рухани мұрасы
Оқушылар ұжымының жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ахмет Жұбанов және Ақ көгершін әні
Қожа Ахмет Яссауи: өмірбаяны мен Диуани Хикметтің сопылық-рухани маңызы
Халел Досмұхамедовтің қазақ терминологиясын қалыптастырудағы рөлі
Конфессияаралық қарым-қатынастардың қазақстандық моделін қалыптастырудағы Тұңғыш Президенттің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz