Қатерлі және қатерсіз ісіктер


Slide 1

Қатерлі және қатерсіз ісіктер

Slide 2

Ісіктер

Ісіктер - әр түрлі ағзаларда өздігінен пайда болатын, шексіз тоқтаусыз, бақылаусыз өсумен сипатталатын патологиялық үрдіс. Ісік өсуге қабілетті кез-келген тіннен дамуы мүмкін.

Slide 3

Ісік туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді:

1) жасуша ішіне еніп, онда ДНҚ молекуласымен бірігіп кетеді де, жасушаның тектік ақпаратын өзгертеді;

2) өзгерген тектік ақпарат бойынша онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады;

3) онконәруыздар жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, ісік жасушасына айналдырады.

Slide 4 Slide 5

Бас миы ісігі - барлық ісіктердің ішінде 6-8, 6% құрайтын, құрамына әр түрлі құрылымды жасушалар пайда болуы, клиникалық ағымы және қатерлі ісік ауруын емдеу нәтижелері кіретін жалпылама атау. Бас ми ісігі - біріншілік орталық жүйке жүйесінде пайда болатын сирек кездесетін ауру. Бас ми ісігі балаларда 8 жасынан бастап көрініс табады. Бұл балаларда қантамыр жүйесінің қатерлі патологиясынан кейін екінші орынды алады.

Slide 6

Бас ми ісіктерінің классификациясы

Классификациясы екі принцип бойынша бөлінеді:

топографо-анатомиялық, яғни бас сүйек пен мидағы пайда болған жаңа түзілістің локализациясы бойынша;

патоморфологиялық, ісіктің биологиялық дамуы мен құрылысы, гистогенезі бойынша.

Екі классификациялық принцип клиникада да, диагностикада, болжамында, хирургиялық емі мен ақыры кезінде маңызды орын алады.

Slide 7

Топографо-анатомиялық классификациясы

Барлық жаңа түзілістер мишық асты және мишық үсті болып бөлінеді, яғни супра- және субтенториалды.

Slide 8

Субтенториалды ісіктер артқы бас сүйек шұңқырында орналасқан, барлық ісіктердің ішінде ересектерде 1/3, ал балаларда 2/3 құрайды. Оларға құрт тәрізді дене және мишықтың жарты шарының ісіктері, мишық-көпір бұрышы және ми бағаны (варолиев көпірі мен сопақша ми) ісіктері

Супратенториалды ісіктер барлық ісіктердің ересек адамдарда 2/3, ал балаларда 1/3 алып жатыр.

Оларға үлкен жарты шар ісіктері және гипофизарлы аймақтың ісіктері (гипофиз аденомасы, краниофарингиома, хиазма ісіктері)

Slide 9

Жүйке жүйесінің біріншілік ісіктері

Нейроэпителиалды ісіктер. Барлық ісіктердің 55% құрайды. Олар бұрын нейроэктодермалды деп аталған, яғни барлық жүйке жүйесі секілді сыртқы қабатынан пайда болады. Бұл ісіктер - жүйке тінінен - глиядан дамығандықтан глиома деп

аталады.

Slide 10

2. Ми қабаттарының ісіктері - бас миы қабаттары мен қантамырларының жетілмеген элементтерінен дамиды, және барлық ісіктердің 30% құрайды. Олар арахноэндотелиома және ангиоретикулома деп аталады.

Ісіктер ми жарты шарының беткі қабатында, ми негізінде және ми ішінде де орналасады.

Slide 11

3. Бас сүйек нерв қабатының ісіктері

Қатерсіз

Шваннома (невринома)

Нейрофиброматоз

Қатерсіз

Апластикалық шваннома

Нейрофибросаркома

Slide 12

Екіншілік (метастаздаушы) ісіктер

Барлық бас ми ісіктерінің 5-7% құрайды.

Кез-келген біріншілік карциномадан, саркомадан, бүйректің гипернефромды ісігінен, қатерлі меланомадан бас сүйекке, омыртқаға, бас миы мен жұлынның қабаттарына метастазданады.

Slide 13

Бас ми ісіктерінің клиникасы

Жалпы милық симптом

Бас ауруы - ұстама тәрізді(түнде және таңға жақын пайда болады, күндіз және кешке жойылады)

Құсу - тамақ қабылдағанға қатысы жоқ

Бас айналу - вестибулярлық жүйенің тітіркенуіне байланысты дамиды. Сонымен қатар құлағында шу естіледі, естудің бұзылысы байқалады.

Психикалық бұзылыстар - назар аударудың төмендеуі, естің бұзылысы, эйфория, агрессивті күй.

Анализаторлардың бұзылысы

Апато-абулиялық синдром

Эпилепсиялық ұстамалар - Джексон ұстамасы

Ошақты симптом

Жалпысоматикалық симптом

Slide 14

Қосымша зерттеу әдістері

Жұлын ми сұйықтығын зерттеу

Краниография

Вентрикулография

Эхоэнцефалоскопия

Каротидты және вертебралды ангиография

Компьютерная и магнитно-резонансная томография

Slide 15

Емі

Хирургиялық

Радикалды немесе паллиативті операция

Шунттау

Декомпрессивті трепанация

Сәулелі терапия және химиопрепараттар тағайындау


Ұқсас жұмыстар
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ
Эндокриндік мүшенің қатерлі және қатерсіз ісіктер
Қатерсіз ісіктер
Сүт безінің ісіктері
Мезенхиманың қатерлі ісіктері
Ісік өсуіне әкелетін қауіп - қатерлі ықпалдар
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕР
Қатерлі ісік
Аналық безінің ісіктері
Қатерлі ісіктің клиникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz